Сборник научных статей международной научно-практической конференции «Современные тренды педагогического образования»



Pdf көрінісі
бет26/232
Дата02.06.2024
өлшемі8,65 Mb.
#203093
түріСборник
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   232
Байланысты:
pedagogikalyk bilim berudin zamanaui trendteri zhinak

 
Әдебиеттеp: 
1. Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан жолы- 2050: Бір мақсат, бір 
мүдде, бір болашақ»,17.01.2014 ж. 
2. ҚР орта білім мазмұнын жаңарту еңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі 
бастауыш сынып пәндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының 
білім беру бағдарламасы. 2016ж. 
3. Бешімбаева Қ.Е. Білім алушының тілдік құзыреттілігін жетілдірудегі критериалды бағалау 
жүйесі . Әдістемелік нұсқау,11-бет. 
4. https://infourok.ru/kriterialdi-baalau-zhyesini-erekshelikteri-2412566.html 
ӘӨЖ-808.5:372.461.1 
ПАНДЕМИЯ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІ 
Мейірбек Н.Қ.
- ОҚМПУ, «Ағылшын тілі» кафедрасы 
Шымкент, Қазақстан 
Гусейнова М.М.
- ОҚМПУ 2 курс студенті. 
 
Резюме 
В статье рассмотрены современные дистанционные обучение во время карантина. 
 
Түйін 
Мақалада пандемия ауруының кезінде қашықтықтан оқыту жүйесі қарастырылған.
Бүгін біз адам баласына қажетті, заманауи мәселелердің бірі – COVID-19 
короновирусы дертімен күресу жайында, аурудан құтылу жайында және ең 
өзекті тақырып - қашықтықтан оқытумен сіздермен бөлісуді жөн көріп 
отырмын. Жалпы дертті адам баласы өзіне тілеп алмайды. Ешкім ауру болам 
деп ауырмайды. Ол келе – келе пайда болатын дерт. Сол себепті еліміздегі 
қазіргі болып жатқан мәселеге сүйенсек, адам баласы ең алдымен жеке бас 
гигиенасын қатаң түрде сақтау керек және қауіпсіздік шараларын ескере жүруі 
керек. Мысалы, «Мен бүгінге біраз жұмыстарды бітіруім керек!» деген күйбең 
тіршілікпен адамдар пандемия ауруының қаншалықты қауіпті екендігін 
ұмытып жатады. Ал бүгін бітпей қалған жұмыстарымды ертең бітіремін!» —
деп әр күні осылай жалғаса берсе, онда еліміздегі COVID-19 короновирусы 
дерті ушыға береді. Пандемия дертін ушықтырмас үшін сақтық шараларын 
қатаң түрде сақтауға шақырамын. Қазақта «Сақтансаң, сақтаймын» деген 
жақсы сөз бар. Бүгінгі таңнын талабы – қашықтықтан оқыту. Жалпы 
қашықтықтан оқыту дегеніміз - бұл оқу үдерісінің оқытушы мен студенттер 
арасында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы 


88 
оқу үдерісін жүргізу мен ұйымдастырудың заманауи тәсілі. Жоғарғы оқу 
орындарында қашықтықтан оқытудың 2 технологиясы пайдаланылады: 
1) желілік технология- Интернет арқылы оқыту. Университеттің білім беру 
порталында студенттер электрондық курстарға тіркеледі, ондағы бар 
материалды дәрістер және басқа басқа оқу қорлары бойынша оқиды. Сосын 
автоматты түрде тестіленеді немесе тапсырмалар орындайды. Оқытушы, 
тасырманы тексеріп, пікір жазып, баға қояды.
2) кейстік технология, студентке оқу-әдістемелік кейс, яғни семестрге барлық 
материалдар мен тапсырмалар беріледі, ол тапсырмаларды орындап, кесте 
бойынша оқытушыға жіберіп отырады. Қашықтықтан оқыту көп жылдан бері 
оқу орындарында дәстүрлі түрде өз орнын тауып келген оқытудың бір түрі 
екендігі бәрімізге мәлім. Дегенмен, қазіргі таңда әлемде болып жатқан індеттің 
таралуына байланысты бұл оқыту түрінің маңыздылығы арта түсті. Себебі, 
еліміздегі мектептер, жоғарғы оқу орындары Covid-19-дың таралу қаупіне 
байланысты 
өз 
жұмыстарын 
тоқтатып, 
оқушыларды, 
студенттерді 
қашықтықтан оқытуға кірісті. Ал қашықтықтан оқыту босаңсуға жол бермейді, 
өйткені қазіргі заманғы технологиялар оқу үрдісінің барлық кезеңдерін 
қашықтық форматқа көшіруге толығымен мүмкіндік береді. Яғни, 
қашықтықтан оқыту карантин жағдайында оқу үрдісін жалғастыруға 
мүмкіншілік туғызып отыр. Барлық орталықтың педагогтары қашықтықтан 
жұмыс жасауын жалғастырып жатыр. Бәрімізге белгілі қашықтықтан оқытуды 
ұйымдастырудың үш түрлі формасы бар: онлайн және оффлайн, және кең 
таралған үшінші түрі - вебинар. Қашықтан оқыту барлық курстарда пәндердің 
кестесі мен тақырыптық жоспарына сәйкес өткізілуде. Сабақтардың құрылымы 
екі бөлімнен тұрады: теориялық және тәжірибелік. Zoom, Microsoft Teams 
платформаларындағы бейнеконференция режимінде студенттер семинарлық 
сабақтарды сомдайды. Студенттерді бағалау,бақылау парағында жүзеге 
асырылып, қорытындысында рөлдік ойын талқыланып, кері байланыс жасалу 
арқылы баға қойылады. Рөлдік ойындарды, клиникалық жағдайларды қолдану 
студенттерді жиынтық емтиханға дайындаудың бір кезеңі болып табылады 
Еліміздегі дертке байланысты медициналық оқу бөлімдерінде оқу үрдісі 
теориялық және тәжірбиелік бағытта жұмысын жүргізуде. Соның негізінде 
Ағылшын тілі кафедрасында қашықтықтан білім беру деңгейі жайында 
қозғағым келіп отыр.
Қашықтықтан оқыту жайында әр тараптың пікірлері: «Бірінші күннің негізгі 
қорытындысына тоқталғым келеді. Оңай болмаса да, қашықтықтан оқу 
форматына толық көшіп, бастадық. 3,2 млн. оқушы әртүрлі бағыт бойынша 
оқуын бастады. Кейбіреуі интернет арқылы, кейбіреуі теледидар арқылы оқуды 
бастады. Интернет бойынша бірнеше интернет-платформалар арқылы жұмыс 
жүргізілді», – деп жазды тоқсан басында
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов. Осы орайда, ата-аналардың 
басым бөлігі сабақ кестесінің нақтыланбағанын, тіпті, оның атымен жоқ 
екендігіне көңіл аударған еді. Бұған қатысты министр былайша жауап берген 


89 
болатын: «Қазіргі жүйе – онлайн оқыту емес, қашықтықтан оқыту. Мысалы, 
онлайн режимінде мұғалім барлық оқушыны бір жүйеге қосып, тікелей 
байланыспен сабақ өткізсе, онда нақты бір сабақ кестесі болатын еді. Бірақ, 
қазіргі формат басқаша, қашықтықтан оқыту интернет пен теледидар арқылы 
жүргізіледі. Ондайда нақты бір сабақ кестесінің қажеттілігі жоқ».
Демек, 
біз алдымен онлайн оқыту мен қашықтықтан оқытудың 
айырмашылығын пайымдап алуымыз керек. Онлайн оқыту үлгісінде ұстаз бір 
мезгілде белгілі бір платформада сыныптағы 25 баланың барлығымен сабақ 
өткізеді. Ал, біз үшін қазіргі оңтайлы мүмкіндік – қашықтықтан оқыту. бұл – 
мұғалім бір уақытта барлық балаға тапсырмаларды жібергенімен, оқушылар 
оны бір мезгілде орындамайтынын білдіреді. – Бұл жүйенің өзіне тән 
артықшылығы мен кемшілігі бар. Артықшылығы – оқушы өздігімен жұмыс 
істеуді үйренеді. Тапсырманы орындауға уақыты жеткілікті болады. 
Интернеттегі түрлі платформаларда жұмыс жасау дағдысы қалыптасады», – 
дейді Қарағандыдағы Ә.Бөкейхан атындағы №76 орта мектебінің бастауыш 
сынып мұғалімі Жібек Кәкімова. – Ал, кемшілігі – көп тапсырмалардың 
игерілмеуі. Бала ағзасына интернетте шұқшиып көп отыруының кері әсерін де 
ұмытпауымыз 
керек. 
Сондай-ақ, 
біздегі 
интернет 
провайдерлерінің 
жылдамдығын да ескерген жөн. Міне, қашықтықтан оқыту жайлы тараптардың 
ой-пікірлері – осындай. Көпшілікті мектеп жасындағы балғындарға ноутбук 
пен гаджеттің жетіспеуі, бір-екі бөлмелі пәтерде тұратын көпбалалы 
отбасыларда балалардың бірбіріне кедергі келтіруі Әрине, кез келген оқыту 
түрі біржақты бола бермейді. Яғни, оның өз артықшылықтары мен кемшіліктері 
де болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   232




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет