Әдебиеттер:
Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
бағдарламасы . Егемен Қазақстан, 2011 ж.
Керімбаева Р.Қ.Бастауыш мектепте дидактикалық ойындарды пайдалану. Тараз, 2010 ж.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015 жыл.
Дүниетану. Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш мектепке (1-4 сыныптар)
арналған оқу бағдарламасы – Астана, 2016.
Сарбасова Қ.А. Сабақтың тиімділігін арттыру // Бастауыш мектеп.–2004, №11
ӘОЖ 81' 373.611
БАСТАУЫШТА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН
ҚАЛЫПТАСТЫРАТЫН ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР
ф.ғ.к., доцент Байымбетова Ж.А.
Шымкент, Қазақстан
Резюме
В статье рассматриваются новые технологии, формирующие творческие
способности учащихся
116
Summary
The article discusses new technologies that shape students ' creative abilities
Қазір әлемде білім беру жүйелерінің келешек ұрпаққа қандай білім беретіні
жөнінде мәселе қайта қаралуда. Елімізде жаhандық мәселелергі жауап бере
алатындай жұмыстар жүргізілуде.
Жаңартылған оқу бағдарламасы мен бағалау жүйесін енгізу аталған міндеттерді
шешуді міндеттейді.Бұл бағдарламалар оқушылардың
оқылым, жазылым,
тыңдалым, айтылым
дағыдыларын қалытастыруға көмектеседі.
Жаңартылған оқу бағдарламасы оқушылардың бойына мынадай құндылықтар
мен дағдыларды қалыптастыруды мақсат етеді.Құндылықтар, шығармашылық
және сыни тұрғыдан ойлау, қарым-қаты-нас жасау қабілеті, өзгелердің
мәдениетіне құрметпен қарау, денсаулық, айналасына құрметпен қарау, өмір
бойы оқуға дайындалу.
Дағдылар, сыни тұрғыдан ойлау, білімді шығармашылық тұрғыда қолдана білу
қабілеті, мәселелерді шешу қабілеті, ғылыми-зерттеу дағдылары, қарым-
қатынас, тілдік дағдылар, жеке және топпен жұмыс істей алу қабілеті, АКТ
саласындағы дағдылар
.
Блум таксономиясы бойынша оқу мақсаттарының иерерахиясы
қарастырылған. Білім беру деңгейлері және тұтас оқыту курсы бойынша
педагогикалық мақсаттардың пәнішілік байланыстарын барынша ескеруге
мүмкіндік беру, бір білім саласы пәндері арасында, сондай-ақ пәнаралық
байланысты жүзеге асыру барысында «ортақ тақырыптардың» болуы
көзделген.
түрінде технологияландыру – бүгінгі күннің талабы болып табылады.
тәрбиелік және оқыту әсерлері мен өзіндік тәжірибесінің жиынтығы.
Ақыл-ойдың дамуынсыз дүниеге адамгершілікті көзқарас, саналы сезім, тәртіп
және дұрыс мінез-құлық, еңбек, қоғам құбылысы, тіршілік ету ортасы
мәселелерін шешу мүмкін емес[1,118].
Оқушылардың шығармашылығын, ақыл-ойын, танымдық белсенділігін
арттыруда шығармашылық сабақтарды өткізудің, оқушының өз бетімен ізденіп,
шығармашылық ой-өрісін арттыруда алатын маңызы ерекше.
Қазіргі кезде біздің Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі
жасалып, білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы
мен оқу -тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім
беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас,
басқаша қарым-қатынас, өзгеше менталитет пайда болуда[2].
Оқытушы алғаш жаңа педагогикалық технологияларды оқып үйренеді,
екіншіден, меңгереді, үшіншіден, оны тәжірибеде қолданып, төртіншіден,
дамытып, нәтижесін байқайды.
Джон
Биггс және Кевин Колливтің білім беру нәтижелері,
Таксономиясы, Колб моделі – ақыл-ой әрекетін сатылы қалыптастыру, Кен
117
Робинсонның «Парадигмалар алмасуы».
Оқытуда эмприкалық үлгілердің бірі – Колб циклы кейінгі кездері кеңінен
таралуда. Колб циклы – бұл ақыл-ой әрекеттерін кезең-кезеңімен
қалыптастыруға негізделген оқытып, үйретудің бір үлгісі. Оны 1984-жылы
ойлап тапқан ересек адамдарды оқыту психологиясы бойынша маман,
профессор Дэвид Колб және оның Case Western Reserve University-дағы
әріптестері . Олардың ойынша, оқыту үрдісі спиральды циклды (тұйықталған
цикл емес) елестетеді. Мұнда жеке тәжірибе, сосын оны ой елегінен өткізіп,
саралау, ең соңында іс-әрекет циклы орын алуы тиіс.
Зерттеушілер адамдардың білімді төрт әдістің бірімен алатындығын анықтаған
атап айтқанда: тәжірибе арқылы, бақылау және рефлексия арқылы,абстрактілі
тұжырымдама жасау, белсенді түрде тәжірибе жасау.
Мамандар құрастырған сұрақтар арқылы адамдардың қандай стильде оқытуды
өзне жақын тұтатынын анықтаған. Осындай мінез-құлық сәйкес адамдарды
топтастыру қажеттіген жақтаушылар П. Хоней мен А.Мемфордт.
Д. Колб циклінің мақсаты проблемалық жағдаят туғызу арқылы адамдарды
білім алуға құштарландырып, жаңа деңгейге көтере беру болса, П. Хоней мен
А.Мемфордтың мақсаты оқытудың адамның мінез-құлық, ойлау, іс-әрекет
типіне сәйкес білім алуын оңтайлы ұйымдастыру. Соңғылардың айтуынша,
оқыту «орындау» және «ойлану» деп аталатын қайталанатын кезеңдерден
тұрады. Бұл бір нәрсені жай оқып ғана, не болмаса оқымай тікелей тәжірибеге
сүйеніп ғана үйрену тиімсіз екендігін көрсетеді. Сондықтан да, Колб циклын
пайдалана отырып, адамдар П.Хоней мен А.Мемфорд анықтаған іс-әрекет
стилдерін пайдалана отырып, анықталған адамдар типін барлық циклдан өткізе
білу оңды нәтижеге жеткізеді деген қорытындыға келуде.
Д. Колб үлгісінің негізгі төрт кезеңі мынадай: 1) Тікелей, нақты тәжірибе
(concrete experience) – кез келген адам ол оқиын деп жатқан аумақта белгілі бір
тәжірибеге ие болуы керек. 2) Бақылау және рефлексия немесе ойша бақылау
(observation and reflection) – бұл кезеңде адам өз тәжірибесі мен білімін ой
елегінен өткізіп, талдау жасауы тиіс. 3) Абстрактілі тұжырымдар мен
үлгілердің қалыптасуы немесе абстактілі тұжырымдамалау (forming abstract
concepts) — бұл кезеңде алынған ақпарат пен тәжірибені сипаттайтын қандай
да бір үлгінің қалыптасуы, құрылуы жүзеге асады. Идеялар генерацияланып,
өзара байланыстары анықталады, барлығының қалай жұмыс істеп, қалай
құрылғандығына қатысты жаңа ақпарат қосылады.
4.Белсенді түрде эксперимент жасау (testing in new situations) — бұл соңғы
кезеңде
қалыптастырылған
үлгінің,
тұжырымның
қолданбалылығын
тәжірибеден сынақтан өткізу арқылы тексеру жүзеге асырылады. Әрі қарай
цикл аяқталып, тұйықталады немесе спираль ретінде қайтадан жалғаса
бермекші.
Д.Колб оқытудың 4 негізгі түрін бөліп көрсетеді: Аккомодаторлар (Бейімделу).
Олар қиын жағдайларға тез бейімделгіш, басқаларға қарағанда тәуекелшіл.
Мәселелерді ішкі сеніміне сүйеніп шешкенді жөн көреді. Теориялар (жоспар)
118
мен фактілер қайшылығында көбінесе фактілерді таңдайды. Өздігінін
сынамалар өткізіп, жаңа дағдыларды ала алады. Оларды «осыны істесем не
болады?» деген сұрақ мазалайды? Сабаққа белсенді қатыса отырып, «Былай
болса ше? Неге олай емес?» деген сұрақтарды қоюға бейім.
2.Дивергаторлар(Шеттеу, қағажу).Олар бейнелік, шығармашылық ойға
бейім. Нақты жағдайды әртүрлі көзқарастар тұрғысында қарастыра алады.
Идеялар генерациясы кезінде өзін басқаларға қарағанда жақсы көретеді.
Дәйекті, жүйелі, ақпаратқа сүйенгенді жақсы көреді. Креативті, эмоцианальды
адамдарға мүдделі.
Оқытуға жоғары талаптар қояды. Неге? - деген сұрақтар
қояды.
3.Ассимиляторлар.Олар басқаларға қарағанда теориялық үлгілерді жақсы
құрады. Жүйелі дәлелді ақпаратты маманның пікірін мақұлдайды. Адамдарға
мүдделілігі аз. Қолданбалыдан көрі, фундаментальды ғылымдарға басымдық
береді.Бұл нені білдіреді?-деген сұрақты қоюға бейім.
4.Конвергаторлар. Олар басқаларға қарағанда идеяларды тәжірибе жүзінде
іске
асыра алады Жалғыз дұрыс жауабы бар жағдайларда сәттілікке жеткіш.
Адамдардан көрі, заттармен істес болғанды жөн көреді. Әдетте тар, техникалық
мүдделерге ие болып, физикалық ғылымдарға маманданады. Оларды оқытуда,
мүмкіндігінше, диалогқа құрылуы қажет. «Қалай?» деген сұрақ қоюға бейім.
Бұл жеке оқыту стилдерін білу адамның күшті жақтарын ашып, әлсіз жақтарын
толықтыруға, мансапкерлікке септігін тигізеді.
Соңғы жылдары ғылымда «қатынас» ұғымы мен қатар «коммуникация» ұғымы
қолданылады. Адам өзінің іс - әрекетінде және күнделікті тұрмысында әр
уақытта қарым – қатынаста болады. Бұл қарым – қатынас адамның сөйлеуді
меңгеруінің арқасында іске асады. Тілдің көмегімен сөйлеу қарым-қатынасында
әрбір адам білімнің көп бөлігін басқа адамдардан алады. Қарым – қатынастың
құрылымы күрделі, оны шартты түрде үш топка бөлуге болады: коммуникация,
перцепция, интеракция.
Достарыңызбен бөлісу: |