Байланысты: pedagogikalyk bilim berudin zamanaui trendteri zhinak
ӘДЕБИЕТТЕР ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдаған «Қазақстан -2030» үндеуі,1997.-53б.
ҚР этномәдениеттік білім беру концепциясы, 1996.-44б.
ҚР 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы, 2004.-15б.
105
ҚР Білім туралы Заңы. Астана, 2007ж. -112б.
Ақылбекова А. «Білім беру мекемелеріндегі тәрбие жұмысының мазмұны мен негізгі
бағыттарың. Алматы, 2006.
Баймолдаев Т.М. «Педагогическтй менеджмент и современное управление школой. Алматы,
2001
ӘОЖ ҚАШЫҚТАН ОҚУ ЖАҒДАЙЫНДА ҚОЛДАНАТЫН БАҒДАРЛАМАЛАР Әсілхан Н.Ж. магистр оқытушы, Ортаева А.Е. математика пәнінің мұғалімі Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогиклық университеті, Шымкент
№42 Қожанов атындағы жом, Түркістан облысы
Резюме В статье рассматривается возможность использования в образовательном процессе дистанционных технологий обучения. Представлены средства обеспечения дистанционного обучения, достоинства его применения в процессе обучения. Summury The article considers the possibility of using distance learning technologies in the educational process. Means of providing distance learning, advantages of its application in the learning process are presented. ХХІ ғасырдың басталуымен адамзат өркениеті үшін жаңа даму дәуірі басталды
– ақпараттық қоғам дәуірі, ол жаңа ақпараттық-телекоммуникациялық
революцияның дамуымен, ақпараттық технологиялардың тез таралуымен,
әлеуметтік процестердің жаһандануымен, халықаралық конвергенциямен және
көп салалы кооперациямен сипатталады.Қазіргі уақытта заманның даму
талаптарына сәйкес ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы
білімді бағалау және пайдалану жүйесін өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған
байланысты оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер, әдістемелер,технологиялар
білім беру талаптарына байланысты жаңартылып отырады. Сапалы терең
білімді меңгеруге талпынған өскелең ұрпақтың жеткілікті дәрежеде сандық
сауаттылығы бар, себебі олар өмір жағдайлары барысында жаңа технологияның
барлық мүмкіндіктерін пайдаланады. Сол мүмкіндіктерді нәтижелі қолдану
мұғалімнің біліктілігіне, біліміне, тәжірибесіне байланысты.
Лекция мен практикалық (семинар) сабақтарын алдын ала видео жазбаға
түсіріп аудиторияға сапалы дүниелерді ұсыну оқытушының жаңа
технологияларды тиімді пайдалана алатындығының белгісі. Видеодәріс пен
видеопрактикалық сабақтарды түсіруге төмендегі скринкастинг(экранды
түсіру) бағдарламаларды қолданса болады:
Movie Screen Recorder бағдарламасы- экраннан бейне жазуға арналған
қосымшадан және Movavi бейне редакторынан тұратын скринкастингке
арналған шартты тегін бағдарлама. Movavi экран жазғыш бағдарламасы
компьютер экранын толығымен немесе бөлек терезелермен жазуға мүмкіндік
106
береді, сонымен қатар Веб-камера мен микрофонға жазуға мүмкіндік береді.
Алынған жазбаны қосымша сәттерді кесу арқылы өңдеуге болады. Сондай-ақ,
Screen Recorder көмегімен скриншоттарды жасауға және жазбаны бейне файл
ретінде сақтауға болады. Мен оның келесі артықшылықтарын атап көрсете
аламын: