104
Кәсіби бағдар жұмысының нәтижесі оқушыларда қалыптасқан кәсіби
таңдаудың болуы. Сондықтан кәсіби бағдарда басқару тетігі жеке адамның
кәсіби таңдауын дамыту арқылы іске асады.
Бұл дамудағы бірінші кезең жеке кісіге қоғамдық ұйымдардың әлеуметтік
жағдайдың әсерінен болатын, өз мақсатын белсенді түрде іздеу кезеңі. Екінші
кезең - өмірдегі өз орнын таңдау және өз мақсатын толық, терең түсіну. Үшінші
кезең - өмірлік құндылықтарды жеке тұлғаның жүзеге асыру кезеңі.
Мамандық таңдауда ықпал ететін күштер жеке адамның барлық шағын қамтып
отырғанда ғана тиімді болады. Жас жеткіншектердің мамандық таңдау - өзінің
кәсіби бағдар іс - әрекетінің субъектісі ретінде анықталады. Оқушының
мамандық таңдауы табысты аяқтау үшін оған кәсіби қажетті қасиеттер болуы
шарт. Кәсіби қасиеттер дегеніміз – сол таңдаған мамандығына орай
психикалық, физиологиялық және физикалық түрдегі әзірліктің бар болуы және
сол мамандық талап ететін шарттарға икемді таныту.
Мамандық таңдау процессінде кәсіби сана – сезім көп әсер етеді. Жеке кісінің
өз
мақсаттарына,
ұстаған
идеясына
ойлаған
құндылықтарына
өз
мүмкіндіктерінің сайма – сай келгені дұрыс.
Сана – сезімнің нақты формасы, өзін - өзі бағалауы. Бұл қасиет ішкі
реттендірудің басты шарты болып табылады. Сол арқылы оқушы қай кәсіпті
таңдайтынына зер салып әрекет етеді.
Бүгінгі күні үздіксіз білім беру жүйесінде тәрбие мәселесінің жағдайына сай
келетін білім алушыларды тәрбиелеудің жаңа тұжырымдамасын жасау
қажеттілігі туып отыр. Тұжырымдама Қазақстандағы тәрбие саясатының
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының
Конституциясы, «Қазақстан Республикасындағы балалар құқықтары»,
Қазақстан Республикасының «Білім» туралы Заңы, Қазақстан Республикасының
«Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы», Қазақстан
Республикасының «Неке және отбасы» Заңы, Қазақстан Республикасының
«Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және
бақылаусыздық
пен
панасыздықтың
алдын
алу»
Заңы,
Қазақстан
Республикасының «Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер
үйлерi «туралы Заңы, Қазақстан Республикасының Азаматтардың денсаулығын
сақтау туралы Заңы, Қазақстан Республикасының «АҚТҚ ЖҚТБ - ның алдын
алу « туралы Заңы, Қазақстан Республикасының Темекi шегушiлiктiң алдын алу
және оны шектеу туралы Заңы, Қазақстан Республикасының Заңы
Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы , Қазақстан Республикасы
дамуының 2010 жылға арналған Стратегиялық жоспары, 2015 жылға арналған
Қазақстан Республикасында білім беруді дамыту Тұжырымдамасы анықтаған
негізгі қағидаларын дамытады және т.б. Тұжырымдама тәрбиенің жалпы
ұлттық басымдылық екендігін айқындайды.
Достарыңызбен бөлісу: