Сборник научных статей международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет22/71
Дата02.05.2024
өлшемі2,4 Mb.
#201671
түріСборник
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   71
Байланысты:
zh.aymauytuly zhinak 2023 2

ЖЕДЕЛДЕП ОҚЫТУ ӘДІСІ 
 
Құрбанов А.Г. ф.ғ.к., доцент 
Байғұтова Д.Н. ф.ғ.к., доцент 
Молданова Ж.И. аға оқытушы 
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Шымкент, Қазақстан. 
Резюме 
В методике ускоренного обучения основным положением методики ускоренного 
обучения является рассмотрение процесса обучения как совместной коллективной 
познавательной деятельности преподавателя и учащихся. Коллективное обучение здесь не 
следует понимать как какую-либо совместную деятельность. Коллективное обучение – это 
мотивированная, взаимодополняющая исследовательская деятельность учащихся. Это 
важно как для всей команды в целом, так и для каждого ее участника в отдельности.
 
 
Summary 
In the accelerated learning methodology, the main point of the accelerated learning 
methodology is to consider the learning process as a joint collective cognitive activity of the teacher 
and students. Collective learning here should not be understood as any kind of joint activity. 
Collective learning is motivated, complementary research activity of students. This is important 
both for the entire team as a whole and for each of its members individually.
 
 
Қазақстанның білім беру жүйесінде қазіргі таңда орын алып отырған жаңа 
білім берудің қазіргі заманғы рөлін қайта қарау үрдісін көрсетеді. Білім жеке 
адам өмірінде де, қоғам өмірінде де жетекші орын алады. Білім беруді 
ізгілендіру талабы күн санап артып отыр. Қазіргі білім беру жүйесіне жеке 
тұлғаның әлеуметтану тенденциясы тән. ЮНЕСКО-ның жоғары білім туралы 
бүкілдүниежүзілік декларациясының 9-бабында «Жоғары оқу орындары жақсы 
ақпараттанған және терең уәждемелі, сыни тұрғыдан ойлануға, қоғамдық 
мәселелерге талдау жасай алуға, ізденіске және қоғам алдында тұрған 
мәселелерді шеше білуге қабілетті сондай-ақ, өзіне әлеуметтік жауапкершілікті 


38 
ала латын оқушы тәрбиелейтін білім беру жүйесін қамтамасыз етуі тиіс» деп 
жазылған [1]. 
Орыс тілінде білім алушы оқушыларға қазақ тілін үйретудің міндеттерін 
осы тұрғыдан қарастырған жөн. Қазақ тілін үйрету барысында оның әлеуметтік 
маңызын, Қазақстан халқының әлеуметтік интеграциясына ықпалын сезініп, 
есте ұстау қажет. Мемлекеттік тілді зерттеуші ғалымдар оның қоғамдық-
әлеуметтік қызметтеріне баса назар аударады: «... тілдесу арқылы адамдар 
бірігіп, ортақ мақсатты іске асырады, топталып, ұйымдасып, жұмыс істейді; 
қоғамдық істер атқарады; ұжымдық күрделі әркеттерді ұйымдастырады...». 
Мемлекеттік тілді меңгеру және қолдану - өндірістік ұжымның, қаланың, 
аймақтың, сондай-ақ бүкіл қазақстандықтардың ұлтаралық қатынасын 
үйлестіру жолдарының бірі. Қазақ тілін іс жүзінде қолдана білу – қазіргі 
маманның кәсіби біліктілігін анықтайтын қасиеттердің бірі. Себебі, жаңа
дәуірдің маманы қоғам үшін ашық, өзін көпұлтты ұжымда емін-еркін сезіне 
алатын, ұжымдық іс-әрекетке бейім адам болуы тиіс. Жоғарыда айтылғандарды 
түйіндесек, орыс тілінде білім алушы оқушыларға қазақ тілін оқытушының 
міндеті – қазақ тілінің жүйесін үйретіп қана қою емес, тілді мәдениетаралық, 
кәсіби-ресми қарым-қатынас құралы ретінде меңгерту. Оқыту барысында 
таңдап алынған әдістер жеке тұлғаның белсенділігін, шығармашылық 
даралығын, өз бетімен әрекет етуге қабілеттілігін қалыптастырып дамытуы жөн 
[2]. 
Өмір ағысының пәрмендеуі тіл бағдарламасын жүзеге асыру міндеті аталған 
үрдістердің қысқа мерзім ішінде үлкен нәтижемен жүзеге асуын талап етеді. 
Сондықтан қазақ тілі оқытушыларының алдында оқыту үрдісін жеделдету, 
оқытудың жаңа амал-тәсілдерін, оқу материалдарын ұйымдастырудың жаңа 
формаларын қолдану міндеті тұр. Біздіңше, аталмыш талаптарға жеделдетіп 
оқыту әдістемелері сәйкес келеді. Қазақ тілі әдістемесінде осы әдіс ғалым 
Ф.Оразбаева еңбектерінде сипатталған: «Жедел оқыту (яғни, интенсив) – 
оқушыны аз уақыт көлемінде сапалы біліммен қамтамасыз ету; оқушы 
тарапынан да, оқытушы жағынан да мөлшерлі сағат көлемінде тілдік қарым-
қатынасты жүзеге асыру үшін ең керекті материалдарды меңгере білу»
Шетел тілдерін жедел жолымен оқыту әдістемелердің авторларының 
пікірінше, тіл үйретуді жеделдетуге үйренушінің ішкі резервін пайдалану, 
ойлау белсенділігін арттыру, оқытуды ерекше етіп ұйымдастыру арқылы қол 
жеткізуге болады. Осыған байланысты біз бұл мақалада тіл дамытуды 
ұйымдастырудың ұтымды жолдарын қарастырып отырмыз. 
Жеделдетіп оқыту әдістемесінде оқу үрдісін оқытушы мен оқушылардың 
бірлескен ұжымдық таным әрекеті ретінде қарастыру – жеделдетіп оқыту 
әдістемесіндегі негізгі ұстаным. Мұндағы ұжымдық оқу түрі дегенді кез келген 
бірлескен әрекет деп түсінбеу керек. Ұжымдық оқу дегеніміз – оқушылардың 
уәждемелі, бір-бірін толықтыратын ізденіс әрекеті. Ол жалпы алғанда бүкіл 
ұжым, жеке алғанда оның әрбір мүшесі үшін маңызды. 
Оқыту шығармашылық сипатта, көңілді өтуі тиіс. Бұған оқудың 
психологиялық жағынан жағымды, тілектестік жағдайда жүруі, топтағы тіл 


39 
үйренушілердің өзара қарым-қатынасының және оқытушы мен оқушының 
қарым-қатынасының сипаты арқылы қол жеткізуге болады. Оқу материалы да 
жеке тұлға үшін маңызды, қызықты, өзекті болады. 
Жеделдетіп оқытудың өзіндік құрылымы бар. Әдетте, бұл әдістеме бойынша 
оқу үрдісінің мынадай кезеңдері анықталады: кіріспе, «тілдесімдік дайындық» 
және «тілдесімдік тәжірибе». 
Орыс тілінде білім алушы болашақ инженерлерге кәсіптік-ресми 
тілдесімге үйретудегі бастапқы нүкте – кіріспе кезеңі болып табылады. Өз 
тәжірибемізде осы кезеңде мәтін-пікірлесім немес сюжетті полилогты 
пайдаланамыз [3]. 
Пікірлесім (немесе полилог) тіл тұтынушының ресми немесе күнделікті 
өмірідегі және ресми қарым-қатынас жағдаяттарындағы қатысым әрекеттерінің 
үлгісін жасайды. Мұндай мәтін жаттауға, мазмұндауға, талқылауға берілмейді, 
бұл тек тілдік және қатысымдық материалды ұсынудың бір жолы. Полилог – 
мәтінде берілген оқу матриалы шындық өмірдегі қарым-қатынастың үлгісі 
ретінде танылады. Әңгіме тақырыптары өзара байланыстырылады, осы типтегі 
бір мәтінде бірнеше коммуникативтік міндет жүзеге асуы мүмкін. Әңгіме бір 
тақырыптан екінші тақырыпқа ойыса алады. Мәтін мазмұнының эмоционалдық 
бояуы қанық болуы керек. Полилогтың тақырыбы қарым-қатынас 
жағдаяттарын құруға тірек ретінде қарастырылады. Мұндай мәтін оқушыларды 
(полилогқа қатысушыларды) бірден шығармашылық әрекетке жұмылдырады. 
Полилогты кірістірудің өзіндік тәсілі болады. Ғылыми-әдістемелік 
әдебиеттерде кірістіру тәсілі жан-жақты сипатталғандықтан, біз оны қысқаша 
түрінде баяндаймыз . 
Кірістіру бірнеше кезеңдерден тұрады. Бірінші кезеңнің мақсаты – полилогта 
баяндалған өмірлік жағдаятқа кіріспе жасау. Алдымен оқытушы ұсақ-
түйектерге, бүге-шүгесіне тоқталмай-ақ жағдаяттың мазмұнын айқын, әсерлі 
етіп баяндайды. 
Кірістірудің 2 кезеңі тілдік материалды есте мейлінше жақсы сақталуына 
қызмет етеді. Оқытушы мәтінді оқымай, қызықты етіп әңгімелеп береді. 
Оқытушы оқушылардың эмоционалдық жадын белсендіруге, оқиғаға 
қатысушы болуға, материалдың өздігінен есте сақталуына жағдай жасауға 
ұмтылады. Кірістірудің осы кезеңінде оқытушының соңынан хормен қайталау, 
полилогтың жекелеген стандартты жағдаяттарын ойын арқылы көрсету
музыка, жест, мимиканы қолдану тәрізді түрлі амалдар қолданылады. 
Келесі кезең – тыңдалым. Полилог тыңдауға беріледі. Біздің тәжірибеде 
компьютер пайдаланылады. Студенттер полилогтың мәтінін тыңдап, фразаға 
бөліп, қайталайды, содан соң берілген мәтін бойынша дауыстап оқиды. Бұл 
кезеңнің мақсаты – бекіту, еркін есте сақтау. Бұл жұмысты музыкамен 
сүйемелдеу тиімді. 
Жеделдетіп оқыту әдістемесінде полилог мәтінді кірістірудің соңғы 
кезеңін «музыкалық сеанс» деп атайды. Үйренуші мәтінді алғаш рет тұтас 
күйінде қабылдайды. Студенттерге ыңғайланып отырып, денесін бос ұстап, 


40 
музыка мен мәтінді тыңдау қажеттігі айтылады. Оқу жылдамдығы қалыпты 
болады. Біздің тәжірибемізде кірістіруге 1 сағат уақыт бөлінеді. 
Кірістіруден кейін «тілдесімдік дайындық» және «тілдесімдік тәжірибе» 
кезеңдері орындалады. 
«Тілдесімдік дайындық» кезеңінің мақсаты – оқушыларға үйретілетін 
тілдік құралдардың қолдану заңдылықтарын меңгерту. Пайдаланылатын 
жаттығулар тілдік дағды мен икемді автоматтандыруға бағытталады. Бұл 
кезеңде дайындық жаттығулар тобы қолданылады. Олар жеңілден ауырға қарай 
ойысу ұстанымына сай құрылады. Грамматикалық формалар мен лексикалық 
материал ұсынылған жағдаят бойынша пікірлесім өткізу барысында қатысым 
дәрежесінде игеріледі. Бұл жеделдетіп оқыту әдісінің міндетті шарты, өйткені 
сөйлеу дағдысы осы аталған дағдының қалыптасқан жағдайында ғана жүзеге 
асады. Мысалы, етістіктің өткен шағының формасын игеру үшін мынадай типті
бірнеше жағдаят ұсынылады. «Вам нужно срочно решить производственную 
проблему с главным метрологом. Он был в командировке. Позвоните его 
секретарю, возможно, он приехал. Начинайте так: «Кешіріңіз, білуге бола ма? 
Бас метролог іссапардан...?». 
Дайындық жаттығулардың келесі блогын қатысымдық (коммуникативтік) 
тапсырмалар құрайды. Бұл тапсырмалар полилог тақырыбының төңірегіндегі 
бірнеше жағдаяттарды іске асырады. Коммуникативтік тапсырмалар 
студенттерге ойын түрінде беріледі. Олардың міндеті – ой туғызы және 
жетілдіру жолдарын қарастыру. Осы сатыда екі түрлі сөйлесу операциясы 
керек. Ол операциялар, сөз таңдау және сөзді орналастыру операциялары деп 
аталады. Олар сөйлеудің жалпы механизмін құрайды. Психологтер ойды 
жетілдіру үрдісінде мынадай жағдайларды ескеру керек деп есептейді: 
-
сөйлеу уәждемесінің басталуын анықтау; 
-
ойын толық жеткізу үшін фразаны жинақтау; 
-
фразалар арасында мағыналық байланыс орнатып, ойды толық жеткізу. 
Қазақ тілін өзге тіл ретінде үйрету үшін жоғарыда айтылған әрекеттерді 
белгілі бір мақсатпен туындатып, ойды жетілдіру үрдісін меңгерте білу қажет 
деп білеміз. Бұл жұмыс сөйлесім әрекетінің пәндік жоспарын арнайы 
ұйымдастырғанда ғана мүмкін болады. Өзге тілді үйретуде, әсіресе, бастапқы 
сатыда өз ойын жеткізудің заттық мазмұны нақты қатысымдық міндет түрінде 
беріледі. Оны тіл үйренуші өз ойын айтып жеткізудің нұсқау–бағдарламасы 
ретінде пайдаланады. Мысалы: «Өндірістік көрме – жәрмеңкеде» тақырыбында 
төмендегідей қатысымдық тапсырма беруге болады. а) Вы являетесь 
директором машиностроительного завода. Находитесь на выставке-ярмарке. 
Вас заинтересовал проект машины, представленный фирмой «Салтанат». 
Познакомтесь с автором проекта, выясните, где может быть использована эта 
машина, какова ее мощность, на каком топливе она работает. Заключите 
договор. ә) Вы автор проекта. Ответьте на вопросы директора 
машиностроительного завода. Примите предложение заключить договор [4]. 
Бір тақырып көлемінде әр түрлі жағдаяттарға қатысты осы үлгідегі 
бірнеше тапсырмалар беріледі. Оларды орындау барысында студенттер өзара 


41 
қарым-қатынасқа түседі, қызығулары артады, ойларын барынша толығырақ 
жеткізуге тырысады. Ойын тапсырмалар кезекпен өтіп үнемі ауысып отырады. 
Осыған байланысты оқушылар тілдік құралдарды есте сақтап бірнеше рет 
қайталайды, олардың грамматикалық дағдысы қалыптасады. Осылай 
грамматикалық материал бір сарынды, үйреншікті қалыптан өзгеше қызықты 
формада, тілдік қатынас дәрежесінде игеріледі. Бұл үлгідегі тапсырмалар 
«тілдесімдік жаттығу» кезеңіндегі басқа жаттығулардан сөйленетін 
материалдың көлемділігімен, өз ойын белгілі бір жүйеде құруға бағытталуымен 
ерекшеленеді. Бірақ, бұл типтес тапсырмалар нақты сөйлеу жаттығулары емес, 
өйткені үйренуші тапсырмада берілген тіректерге сүйеніп дайындалады. 
Жоғарыда берілген мысалда көрсетілгендей, әр сөйлеушіге арналған сөйлеу 
кезеңінің түрлері, сөйлеу пункттері, жағдайдың сипаттамасы беріледі. Бұл 
тапсырмаларға «тілдесімдік дайындық» кезеңінде жетекші орын беріледі. Олар 
«тілдесімдік тәжірибе» кезеңіндегі сөйлеу тапсырмаларын орындауға 
баспалдақ болып табылады. 
Сөйлеу машығын біртіндеп қалыптастыру барысында үйренушінің ойды 
жеткізуі үшін бағыт беру азайтылады. Енді тіл үйренушіге алдын ала шектелген 
нұсқау-бағдарлама берілмейді. Оқушы ұсынылған жағдайлар бойынша ойын 
жеткізуге қажетті сөйлеу материалдарын өзі таңдап алып, еркін қолдана 
бастайды. Бұл кезең «тілдесімдік тәжірибесі» кезеңі деп аталады және нақты 
сөйлеу тапсырмалары арқылы іске асады. Сөйлеу тапсырмалары тіл игеруді 
сөйлеу жаттығулары рөлдік этюдтер, рөлдік ойындар түрінде беріледі. Рөлдік 
этюдтерге берілетін тапсырмалардың ділгір әрі кәсіби бағытта болуының 
маңызы зор. Бұл тапсырмаларды орындау үшін студенттер барлық жинақталған 
тілдік-коммуникативтік материалдарға сүйенеді, оларды дайындауда 
шығармашылығын, өз беттілігін танытады. Мысалға төмендегідей 
қатысымдық, тапсырманы келтіруге болады. Мына этюдті ойын түрінде 
көрсетіңіздер. Қатысымдық міндет: Сіздер ірі құрылыс компаниясының 
қызметкерлерісіздер. Біршама уақыттан бері құрылыс материалдары 
нарығында Сіздердің өнімдеріңізге сұраныс азайып кетті. Аталған мәселені 
құрылыс материалдары фирмасының директоры, бөлім бастықтары, сапа 
жөніндегі сарапшылар бірлескен кіші кеңесте талқылайды. Сіздің міндетіңіз - 
өз тауарларыңыздың сапасының төмендеу себептері туралы өз ойларыңызды 
ортаға салып, ұсыныс білдіру, өз көзқарасыңызды дәлелдеп шығу және кәсіби 
сенімділік көрсету. 
Осындай тапсырмалар үйренушінің өз ойын жинақтап жеткізе білуіне, 
алған білімін іс жүзінде шығармашылықпен қолдана білуге үйрету мақсатынан 
туған. Кәсіби-ресми тілдесімге үйрету мақсатын ескере отырып, студенттердің 
жеке басы үшін мәнді, болашақ қызметінде байланысты жағдаяттар 
ұсынылады. Студенттер ұсынылған жағдаяттарға байланысты әрқайсысы үшін 
мәнді, болашақ қызметіне байланысты мәселелерді сөз етеді. Бұл олардың 
қызығуын, белсенділігін, сөйлеу дағдысын арттырады. Осыған сәйкес оқу 
үрдісінің эмоционалдық бояуының қанықтығы үйрену үрдісін жеңілдетіп, қазақ 
тілін үйренуге ынталандырады, түрткі болады. Осылай ұйымдастырылған 


42 
сабақтар кәсіптік-ресми қарым-қатынас тілдесімге үйрету міндеттерін ғана 
емес, әлеуметтік белсенді, шығармашылық тұлғасын дамытуға мүмкіндік 
береді деп ойлаймыз [5, 156 б. ]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет