Сборник научных статей международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет2/71
Дата02.05.2024
өлшемі2,4 Mb.
#201671
түріСборник
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71
Байланысты:
zh.aymauytuly zhinak 2023 2

ISBN
 978-601-7968-25-0
 
Жинаққа Қазақстан Республикасының жоғары және орта оқу орындарының жас ғалымдары
студенттері және мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері 
ендірілді. Барлық жарияланымдар авторлардың редакциясымен берілген. 
 

 
 
 
© Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, 2023
 
 



 
АЛҒЫ СӨЗ 
 

Сүгірбаева Гүлжан Дәулетбекқызы - 
Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік 
Қазақстан педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы-Ректор, 
тарих ғылымдарының кандидаты, доцент
 
 
ҚАДІРЛІ ҚОНАҚТАР, ӘРІПТЕСТЕР, БІЛІМГЕРЛЕР! 
ҚҰРМЕТТІ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУШЫЛАР! 
ХХ ғасыр басында ұйқысынан ояна бастаған қазақ қоғамының болашағы 
үшін 
жан аямай күрескен 
Алаш арыстары ел тәуелсіздігіне 
қажетті мәселелерді 
сөзбен де, іспен де шешуге тырысқан. Сондай тұлғалардың бірі де бірегейі – 
Жүсіпбек Аймауытұлы. 
Алаш ардақтысының өмір жолы мен атқарған қызметіне үңіле түссек, 
сарқылмас қазынаға тап боламыз. 
Ең алдымен, ұлттық педагогика, психология 
ғылымдарының қалыптасып, дамуына айтарлықтай үлес қосты. Оқыту, тәрбие 
беруді кәсіби мамандығы санаған Ж.Аймауытұлы өз еңбектерінде білім беру 
мәселелеріне көп көңіл бөліп, ғылым-білімге дұрыс бағыт беретін тәрбие болуы 
керектігіне баса назар аударды. Әлем ұстазы әл-Фарабидің идеясын 
жалғастырған Алаш зиялысы білімнің адамзат игілігіне жұмсалуы не 
жұмсалмауы тәрбиеге байланысты екенін айтты. «Тәрбиелі адам, яғни иманды 
адам, толық адам ондайға бармақ емес, ол білімін өз орнына, игілікке
адамзаттың гүлденуіне жұмсайды»... деген сипаттағы пікірлері Абайдың ізгі 
ойларымен үндес, өміршең. «Тәрбиеге жетекші», «Психология», «Жан жүйесі 
және өнер таңдау», «Сабақтың комплексті жүйесінің әдістері» сияқты 
оқулықтары мен оқу құралдары оның шын мәнінде ұлттық сипаттағы ағартушы-
педагог болғанын айғақтайды.
Болашақ ұрпақты озық жетістіктерге тәрбиелеу, оларға білім беру процесін 
сол халықтың мінез-құлқы мен тұрмыс-салтын, әдет-ғұрпын ескере отырып 
жүргізудің маңыздылығын атап өткен Жүсіпбек 
балаларға арналған «Жаман 
тымақ», «Көк өгіз», «Шал мен кемпір», «Үш қыз» сынды ертегілер де жазған.
Алаш зиялысы сонымен қатар бала тәрбиесіндегі отбасының рөліне 
ерекше тоқталады. «Баланы бұзуға, яки түзеуге себеп болатын бір шарт – жас 
күнде көрген өнеге. Ол өнеге әке-шешенің тәрбиесі арқылы қалыптасады. Ата-
ананың берген тәрбиесі баланың мінезіне салған ізге байланысты»
 
деген 
тұжырымдарын қазіргі ата-аналар ескергені абзал. Ғұлама ғалым бала мінезінің 
дұрыс қалыптасуындағы ата-ананың рөлін анық, айқын ашып көрсеткен. 
Ж.Аймауытұлының ата-ананың бала 
тәрбиесіндегі 
рөліне 
қатысты идеялары бүгінгі күнде де бағалы. 
Ж.Аймауытұлының бай мұрасымен танысқанда, бірден көзге түсетін 
ерекшелік – адам психологиясын жете әрі терең білуі. Оның «Психологиясы»
аталған пәннен қазақ тілінде жазылған алғашқы оқулық болып табылады. Осы 



мәселелердің баяндалуы, көтерген жүгі, мазмұны психолог мамандар үшін әлі 
күнге дейін өзекті, құнды. Бұл бағыттағы еңбегін тереңдете түскен ғалымның 
«Жан жүйесі және өнер таңдау» деген кітабы оның осы саладағы ізденістерінің 
қорытындысы іспетті. Соңғы кездерде еліміздің түрлі қоғамдық ғылымдарында 
белең ала бастаған социологиялық зерттеулер, сауалнама, анкета жүргізу сияқты 
әдістерді ғалым-ұстаздың сол кездің өзінде-ақ өте шебер қолданғаны 
таңғалдырмай қоймайды. 
Ж.Аймауытұлы – психолог жазушы. Оның «Ақбілек», «Қартқожа» сынды 
романдары мен «Күнікейдің жазығы» повесі – кейіпкерлерінің жан дүниесіне 
терең бойлап, нәзік сезім иірімдерін жіті бере білуімен ерекшеленетін, қазақ 
прозасындағы алғашқы психологиялық шығармалар қатарындағы классикалық, 
кесек туындылар.
Ж.Аймауытұлы есімі қазақ драматургиясының негізін салушылардың, 
қазақ театр өнерінің іргесін қалаушылардың қатарында аталады. «Біржан-Сара 
айтысын» сахнаға лайықтап қайта жазып, онда басты рөлді ойнаған. Кейіннен 
«Сылаңқыз», «Ел қорғаны», «Шернияз», «Рәбиға», «Қанапия-Шәрбану»
драмаларын жазды. Бұдан оның драматург болумен бірге спектакль қоюшы 
режиссер, актер болғанын да байқаймыз. 
Ж.Аймауытов аудармашы ретінде қазақ әдебиетін байыта түсті. Ол 
Н.Гогольдің, А.С.Пушкиннің, Дж.Лондонның, К.Берковичтің, С.Чуйковтың 
бірқатар шығармаларын қазақшалады, В.Шекспирден, Ги де Мопассаннан, 
Р.Тагордан, 
Л.Толстойдан, 
А.М.Горькийден 
аудармалар 
жасады. 
Аудармаларының ауқымдылығы жан-жақты, білімдар, әдебиет пен мәдениетпен 
бірге қоғамдық өмірдің барлық саласында дерлік қызмет атқарған абзал 
азаматтың биік тұлғасын толықтыра түседі. 
Жүсіпбек сын саласында да жарқырап көрінді. Ол жиырмасыншы ғасырдың 
басындағы қазақ әдебиетінің маңызды мәселелері хақында бірсыпыра сын 
мақалалар жазды. М.Әуезовпен бірлесіп «Абайдан соңғы ақындары», өзінің 
«Мағжанның ақындығы туралы», «Аударма туралы», «Сұңқар жыры» сияқты 
мақалалары күні бүгінге дейін маңызын жойған жоқ. 
«Әнші» әңгімесін аса бір тереңдікпен жазған Жүсіпбектің «халықтікі» деп 
аталып жүрген «Екі жирен» әні мен «Алаш ұранының» авторы екендігі туралы 
материалдарды кезіктірдік. 
Қорыта айтқанда, ел тәуелсіздігі үшін аянбай еңбек еткен Алаш 
арыстарының алдында бүгінгі ұрпақ қарыздар. Қазақ елінің рухын асқақтатып, 
жаңа қоғамымыздың келешек өскелең ұрпағының рухани өсіп-өнуіне, дамуына 
игі ықпал еткен Алаш зиялыларының мақсат-мүддесі, арман-тілегі, ұлттық 
идеясы, жанкешті қызметі ұлт тарихында мәңгілік сақталары сөзсіз. 
Сол себепті 
бүгінгі 
игі шаралар мыңдаған студенттердің – болашақ педагогтардың
жан-
жақты дарын иесінің өмірінен өнеге, тірлігінен тағылым алып
көзіне көрік, 
рухына тірек боларына және Жүсіпбектей қазақ руханияты жанашырының есімі 
болашақ ұрпақты елжанды, отаншыл етіп тәрбиелеуде қажымас қайрат пен 
сарқылмас қуат береріне сенімдіміз. 



«Алаш ардақтысы Ж.Аймауытұлының рухани мұрасы: ұлттық идея, 
мәдениет және көркемдік құндылықтар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік 
конференциясы қатысушыларына шын жүректен табыс тілеп, жоспарланған 
шаралардың сәтті өтуіне тілектестігімді білдіремін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет