Сборник научных статей научно-практической конференции «Байтанаевские чтения-Х»


– мақ формасы дей тұра, қазіргі  қазақ т.б. тілдердегі  –



Pdf көрінісі
бет17/301
Дата22.10.2023
өлшемі8,82 Mb.
#187405
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   301
Байланысты:
baytanaev 2022 zhinak 1 tom gotov
Презентация (1), 1. дәріс Тарихқа дейінгі адам эволюциясы ҚТ МЕЖ ФАК, 2-дәріс меж.фак ҚТ, ДБ Өтініш үлгісі, Жутов ОКТЯБРЬ 2023, Image to PDF 20231108 10.43.21

мақ
формасы дей тұра, қазіргі 
қазақ т.б. тілдердегі 

у 
тұлғасының архетипті 
–г, -ғ, -қ, -к
форматтары екенін де 
ескереді. 
Анық зармак тәрігі көр таз кäлігі барчігä
(ІІ том, 47 - бет) деген 
сөйлемдерді кикестілерді иелектен қимыл есімдері деп көрсеткенінің ғылыми 
талдауын береді. 
М.Қашқари өз еңбегінің классикалық әдеби араб тілінде жазып, араб 
лингвистикасына түркі тілдеріне салыстыра зерттеу әдісін енгізді. 


30 
Етістік туралы зерттеушілер қыпшақ тіліне тікелей қатысы бар еңбектің 
бірі - 1343 жылы египетте жазылған «Китаб мажму таржуман турки ва ғажали 
ва мағули» (түрікше, монғолша, арабша, таржуман) деп аталатын еңбекте 
кездеседі. Біраз ғалымдар сөздіктің туындыгері белгісіз десе, П.Мелиоранский 
«Араб – филолог о турецком языке» атты еңбегінде сөздіктің туындыгері 
Мұхаммед ибн Қайса дегенді айтады. Еңбектің екінші бөлімі етістікке 
арналған. Етістіктер бұйрық рай формасында берілген. Үшінші бөлім етістіктің 
жіктелуіне, төртінші бөлім қоымшаларға арналған. 
Етістіктің жіктелуін сөз еткенде оны үш жаққа, үш шаққа бөліп, 
болымды, болымсыз түрлерін сөз етіп, жекеше, көпше айтылатыны сөз болған. 
Голландия ғалымы Гилодор Хаутсманның айтуынша сөздікке енген түркі 
сөздері қыпшақ тіліне жатады. Н.А.Баскаков оларды «Кодекс кумаликусте»
кездесетін сөздерге өте жақын дегенді айтады. 
Түркі тілі туралы біраз зерттеулер жүргізген араб тілінің шаманы Асыр – 
ад – Дин Хайнан 1312 жылы Қаирде «Китаб – ал – идрак ли – лисан ал - атрак» 
(түркі тілдерінің түсіндірме кітабы) атты еңбек жазды. Қолжазба түрінде 
сақталған бұл еңбектің бір нұсқасын түрік ғалымы Мұстафа Стамбұлда 
бастырып шығарды. Кейірінек профессор Ахмед Джаферологлы қолжазбаның 
басқа нұсқасын тауып, оны түркі тіліне аударып, бастырып шығарды. Абу 
Хайман еңбегіндегі түркі сөздері іріктеліп, 1936 жылы жеке сөздік ретінде 
Түркияда баспадан шығарылды. 
Абу Хайман кітабында берілген граматикалық материалдарды қыпшақ 
тілінің тұңғыш граматикасы деуге болады деушілер де бар. 
ХІV ғасырда сақталған тағы бір еңбек ғалымы Жамал – Аддин Мухаммед 
ат Турки жазған «Түрік, қыпшақ тілдерін жақсы оқып үйренуге жазылған 
кітап» деп аталатын сөздік. Қолжазба Париж кітапханасында сақтаулы көрінеді. 
Қолжазбаны зерттеген, оның екі бөлімін екі мерзімде 1938 – 1954 бастырып 
шығартқан поляк түркологы – Ананиаш Зайончковский. 
Сөздік екі бөлімге бөлінген: бірінші бөлім – есім; екінші бөлімінде – 
етістік сөздер. 
Жалпы түркі тілдерінің граматикалық жүйесін зерттеу ХVІІІ ғасырдың 
екінші жартысында басталған. 
Түркі тілдері ішінде граматикалық жүйесі бірінші болып баспа бетін 
көрген тіл – мували тілі. Бұл еңбек 1769 жылы Қазақ духовной семинариясында 
жазылып, 
Петербургта 
«Сояинения, 
принедлежающие 
к 
граматике 
чуволинского языка» деген атпен жарияланды. 1778 жылы Москва 
университетінің баспасынан Хольфиннің орын оқушыларына арналған «Азбука 
татарского языка» дейтін оқу құралы, 1776 жылы Петербургта «Турецкая 
граматика» атты еңбек шығарылды. 1701 жылы жазылған Гигоновтың 
«Граматика татарского языка», 1839 жылы жарияланған Қазамбектің «Общая 
граматика турецкого – татарского языка», 1894 жіне 1897 жылы екі кітап болып 
басылған П.М.Мелиоранскийдің «Краткая грамматика казак – киргизского 
языка» деп аталатын еңбектер т.б. жарық көрді [2]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   301




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет