Сборник научных статей научно-практической конференции «Байтанаевские чтения-Х»



Pdf көрінісі
бет20/301
Дата22.10.2023
өлшемі8,82 Mb.
#187405
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   301
Байланысты:
baytanaev 2022 zhinak 1 tom gotov
Презентация (1), 1. дәріс Тарихқа дейінгі адам эволюциясы ҚТ МЕЖ ФАК, 2-дәріс меж.фак ҚТ, ДБ Өтініш үлгісі, Жутов ОКТЯБРЬ 2023, Image to PDF 20231108 10.43.21
Әдебиеттер
1. Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. Алматы, 1998 ж. 
2. Шукуров Ш.Ш. История развития глагольных форм узбекского языка. Ташкент, 1966 г. 
3. Махмуд Қошғарий. Девону луғотит турк. Тошкент, 1961. ІІ т. 41-б г. 
ӘОЖ 372.8:811,512.122 
ҮСТЕМЕ ҚҰРЫЛЫМНЫҢ СӨЙЛЕМ
МҮШЕЛЕРІНЕ ҚАТЫСТЫЛЫҒЫ
Тұрап Ақниет.
– 117-28 тобының студенті 
Ғылыми жетекшісі: Құрбанов А.Г.
– ф.ғ.к., доцент 
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Шымкент 
Резюме 
 
В этой статье рассматривается отношение дополнительной структуры к членам
предложения. 

Қазақ тілі синтаксисінде терең зерттелмей келе жатқан саланың бірі – үстеме 


құрылым. Үстеме құрылым синтаксистік құрылыстың өзіндік бір ерекшелігі 
болып есептеледі. 
Үстеме құрылым деп негізгі айтылыммен бірігіп синтаксистік тұтастық 
жасайтын, соңғы бөлік алдыңғы, негізгі бөлікке грамматикалық жағынан да, 
лексикалық жағынан да байланысты, тәуелді боп тұратын және үстеме бөлік 
негізгі сөйлемнің мазмұнын кеңейтіп, мағыналық жағынан толықтырып 
тұратын бірлікті айтамыз. 

Сөйлем мүшесі дегенімізде, ең алдымен, ол қандай мәселелерді қамтиды, 


оның нысанына нелер қатысты деген мәселені де негізге алу керек. Сөйлем 
мүшесі болу үшін осы негізгі шарттар негізінде мынадай анықтама беруге 
болады: сөйлем мүшесі деп сөйлемде бір немесе бірнеше сөздер тобының басқа 


37 
сөздермен синтаксистік қатынастары арқылы арнайы бір сұраққа жауап беріп, 
грамматикалық мағынаға ие болатын сөздерді айтамыз. 
Негізінен сөйлем мүшелері туралы 1922-1940 жылдар шамасында жазылған 
еңбектер ерекше назар аударарлық. Ол кезде сөйлем мүшелері туралы 
А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, І.Бәйтенов, Х.Басымов, С.Аманжолов, Ә.Ермеков, 
М.Балақаев еңбектерін атай аламыз. Бұл еңбектерде сөйлем мүшелерінің тек 
жасалу жағы ғана сөз болып қойған жоқ, жалпы сөйлем мүшелерінің 
қалыптасу, тұрақтану мәселесіне көбірек назар аударылды. 
Сөйлем мүшелері туралы өзіндік ой айтқан ғалым - Қ.Жұбанов. Ол сөйлем 
мүшелерін екі жақты қарастырып, сөйлем мүшелерінің жасалуы мен 
топтастыру мәселесіне ерекше қөңіл бөлген. Оның сөйлем мүшелері туралы 
ғылыми көзқарасын «Жаңа грамматикалық жаңалықтар жайында» атты көлемді 
мақаласынан айқын көруге болады. Автор сөйлем мүшелерінің саны, оның 
атауларына өзгеріс енгізіп тұрлаулы және айқындауыш деп бөле келіп, 
сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері туралы өзіндік жаңа ұсыныстар жасауды мақсат 
еткен [1]. 
Қазақ тілінің сөйлем мүшелерін топтастыру туралы С.Аманжолов та арнайы 
тоқталғандығы белгілі. Ғалым сөйлем мүшелерін бастауыш, баяндауыш және 
анықтауыш деп үшке бөліп берумен ғана шектеледі.
Сөйлем 
мүшелері 
туралы 
көптеген 
мағлұматты 
М.Балақаев 
еңбектерінен аламыз. Ғалым сөйлем мүшелерін А.Байтұрсынов ізімен 
тұрлаулы, тұрлаусыз деп топ-топқа бөле келе, олардың жасалу жолдарына 
кеңірек тоқталады. Автордың сөйлем мүшелері туралы ойлары - қазақ тіл 
білімінде өзіндік орны бар ғылыми тұжырымдар [2]. 
Жалпы қазақ тіл білімінде сөйлем мүшелерін айқындауда мына принциптер 
басшылыққа алынады: біріншіден, сөйлем мүшесін жалпы мағыналық жағынан 
қарастырады. Екіншіден, сөйлем мүшелерін грамматикалық жағынан, яғни, 
әрбір сөйлем мүшесі белгілі бір сөз таптарынан жасалуын негізге алады. 
Үшіншіден, синтаксистік жағынан, яғни, қай сөйлем мүшесі қай сөйлем 
мүшесімен анықтауыштық, толықтауыштық, пысықтауыштық қатынаста 
екендігі негізге алынады.
Орыс тіл білімінде сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелері үстеме 
құрылымда қолданылуы толық жеткілікті қаралған. Біздің қарауымызша, 
мұндай құбылыс қазақ тіл білімінде де жеткілікті кездеседі. Олар сөйлемнің 
тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелері негізгі сөйлемде болмай, үстеме сөйлемде 
болуы; бастауыш не баяндауыштың үстеме мағынамен қайталануы; негізгі 
сөйлемдегі белгілі бір мүшенің /тұрлаулы, тұрлаусыз/ мағынасын кеңейту, 
нақтылау [3]. 
Бұл мәселе жөнінде орыс тіл білімінде былай дейді: «Основным средством 
связи при бессоюзном присоединении является присоединительная пауза. 
Структурна бессоюзная присоединительная конструкция представляет собой 
вынесенный за пределы основного предложения какой-либо член, главный или 
второстепенный. Это может быть подлежащее, сказуемое, определение, 
дополнение, обстоятельство» [4, 120]. 


38 
Б.Маскапов аталмыш мәселе туралы былай дейді: «В данном работе мы 
утверждаем, что присоединительные конструкции могут выполнять функции 
как главных, так и второстепенных членов предложения. 
Из главных членов предложения в роли присоединительных конструкций чаще 
выступает сказуемое, а присоединительные подлежащие встречаются 
значительно реже. Обьяснение, очевидно, следует искать в актуальном 
членении предложения. Актуальное членение предложения при отсутствии 
эфматического ударения обычно составляют тему или входят в состав темы. 
Присоединительные конструкции же всегда являются ремой или входят в 
состав ремы. Они всегда содержат актуальное более значимую информацию
чем тема. Эти особенности сказуемого чаще выступать в роли 
коммуникативного центра высказывания /ремы/ - ставят его ближе к 
присоединительным конструкцим, чем подлежащее» [5, 12]. 
Бұл жерде бастауыштың үстеме құрылымда көп кездеспеуін автор тема-рема 
мәселесімен байланыстырып отыр. Біз де бұған қосыламыз. Себебі, тема 
бұрыннан белгілі хабар, ал рема темаға байланысты пайда болған жаңа хабар. 
Сөйтіп алдында рема болған мәселе келесі кезекте ол темаға айналды. 
Мысалы: Аспан мырс етіп күлді. Күлді де терезеден ақшағырмақ далаға қарап, 
үнсіз жатты /О.Бөкеев Таңдамалы, І-том, 241-бет/. 
1-сөйлемдегі тема – «Аспан», рема – «мырс етіп күлді».
2-сөйлемдегі тема – «күлді», басқасының бәрі /қос сызықпен сызылғандар/ 
ремаға жатады.
Бастауыш-баяндауышпен синтаксистік байланысқа түсіп, предикативтік 
қатынасқа негіз болатын мүшенің бірі. Сондықтан ол негізінен тема болады да, 
сол сөйлемде хабарланатын ой рема болып табылады. Ал үстеме құрылымдағы 
үстеме бөлік әр уақытта рема боп табылады. Яғни, ол – негізгі сөйлемге 
қосылып отырған тың, жаңа хабар. Сондықтан бастауыш өте сирек 
үстемеленеді. Ал басқа сөйлем мүшелері бастауышқа қарағанда көбірек 
үстемеленеді [6]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   301




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет