Сборник научных статей научно-практической конференции «Байтанаевские чтения-Х»



Pdf көрінісі
бет21/301
Дата22.10.2023
өлшемі8,82 Mb.
#187405
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   301
Байланысты:
baytanaev 2022 zhinak 1 tom gotov
Презентация (1), 1. дәріс Тарихқа дейінгі адам эволюциясы ҚТ МЕЖ ФАК, 2-дәріс меж.фак ҚТ, ДБ Өтініш үлгісі, Жутов ОКТЯБРЬ 2023, Image to PDF 20231108 10.43.21
 
Әдебиеттер
1. Жұбанов. Қ «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. «Ғылым» баспасы». А., 1966 ж. 
2. Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис. –Алматы: Мектеп, 1971 ж.
3. Марич С.Н. Парцелированные консжтрукции в современном украинском литературном 
языке. Автореф. канд. дисс... филолог. наук. –Киев, 1988 г. 
4. Хатиашвили Л.Г. Присоединительные конструкции в узбекском языке. Автореф. канд. 
дисс... филолог. наук. –Тбилиси, 1963 г. 
5. Маскапов Б. Присоединителные конструкции в узбекском языке. Авт. канд. дисс. 
Ташкент. 1985 г. 
6. Сковородников А.П. О отношении понятия парцелляции и «присоединение» // Вопросы 
языкознания. М.: 1978 г. 

 


39 
ӘОЖ 811.512. 122 
 
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ 
ХАЛЫҚТЫҚ ИДЕЯНЫҢ ТАҒЫЛЫМДЫҚ СИПАТЫ 
Құттыбекова А. 
– 2302-10 тобының студенті 
Ғылыми жетекші: 
Кажиакбарова Р.Б. – ф.ғ.к., доцент
 
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Шымкент 
 
РЕЗЮМЕ 
В статье расскрываются особенности, а также воспитательный, познавательный 
характер народной идеи творчества видного представителя казахской литературы 
А.Байтурсынова.
Ұлт 
тарихындағы 
биік 
парасаттың 
белгісіндей 
болған 
Ахмет 
Байтұрсыновтың шығармашылығы сан қырлы сипатымен ерекшеленеді. Ахмет 
Байтұрсынов шығармашылығындағы халықтық идеяның тағылымдық сипаты 
терең екендігі белгілі. Кемеңгерді өз дәуірінде терең таныған М.Әуезов 1923 жылы 
Ахмет Байтұрсыновтың 50 жылдық мерейтойына арнап жазған мақаласында 
жоғары бағалаған болатын: «Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түлеткен ана тілі, 
Ахаңның салған әдебиеттегі елшілдік ұран – «Қырық мысал», «Маса», «Қазақ» 
газетінің 1916 жылдары қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, 
саясат жолындағы қажымас қайраты, біз үмытсақ та тарих үмытпайтын істер 
болмақ». Тарихшы ғалым Манаш Қозыбаев: «Ахмет Байтұрсынов – XX ғасырдың 
ұлы реформаторы» атты мақаласында «...Ахмет болса, ұлт-азаттық 
қозғалысына гуманистік, ұлттық сипат берді. Еуропалық күрес рухын ұлттық 
сарын, әуенмен қабыстырды» деп ағартушы тұлғаның ұлттық мүддені көздеген 
қазақ тарихындағы елеулі құбылыс боолғандығы жөнінде атап көрсетеді.
Саналы ғұмырын қазақ қоғамында білім мен ғылымның дамуына, мектеп, 
ағартушылықтың кемелденуіне бағыштаған педагог-ғалым Ахмет Байтұрсынов 
халықтық идеяны насихаттады.
ХХ ғасыр басында Ахмет Байтұрсынов қазақ баспасөзінің шамшырағы 
болған – «Қазақ» газетінде оқу-ағарту мәселелеріне арналған «Оку жайы», 
«Қазақ арасында оқу жұмыстарын қалай жүргізу керек?», «Орысша 
окушылар», «Қазақша оқу жайында», «Бастауыш мектеп», «Мектеп 
керектері», т.б. мақалаларында өзінің ұлттық ұстанымы, халықтық идеясы 
туралы көзқарастарын кеңінен насихаттады. «Оқу жайы» атты мақаласында 
білім берудегі көтерген мәселелері күні бүгінге дейін маңызын жойған жоқ. 
«Оқусыз халық қанша бай болса да, бірер жылдардан кейін оның байлығы өнерлі 
халықтардың қолында кетпекші... Әуелі елді түзеуді бала оқыту ісін түзеуден 
бастауымыз керек, екінші білім тарататын кітаптар жақсы боларға керек». 
А.Байтұрсынов туған халқының жүрек көзін ашып, ғылым-білімге 
ұмтылдыру арқылы іргелі ұлт болуын көкседі, өзі редакторы болған газет 
арқылы әр қазақтың ең болмаса бастауыш білім алуының қажеттілігін 
көрсетіп: «Адамға тіл, құлақ қандай керек болса, бастауыш мектепте 
үйрететін білім де сондай керек», - деп жазды [1,35]. 
А.Байтұрсыновтың халықтық идеясы өзі редакторы болған «Қазақ» газеті 


40 
беттерінде жариялаған мақалаларында айқын көрініс берді. Ағартушы ғалым 1913 
жылы «Қазақ» газетінің тұңғыш саны шыққанда тілге мен әдебиетке, ұлттық 
мәдениетке байланысты былай деп жазған еді: «Өзіміздің елімізді сақтау үшін 
бізге мәдениетке, оқуға ұмтылу керек. Өз алдына ел болуға өзінің тілі, әдебиеті 
бар ел ғана жарай алатындығын біз ұмытпауға тиіспіз. Бұл мәселеде біздің 
халіміз онды емес».
Қазақтың ресми түрде қабылданған жазу графикасы болмағандықтан 1902 
жылдан бастап «Ауыл мектебі» деп аталатын үш жылдық бастауыш 
мектептерде мұғалімдер өз ыңғайына қарай орыс жазуларын қолданып, қазақ 
балалары сауатын орыс тілінде ашқан болатын. Сондықтан да А.Байтұрсынов 
бастаған қазақ зиялылары 1905 жылы патша үкіметіне петиция жолдап, онда 
«қазақ даласында оқу-ағарту дұрыс жолға қойылсын, ол үшін ауыл 
мектептерінің балалары қазақша сауат ашатын болсын, оқу ана тілінде 
жүргізілсін» деген ұлттық мүддеден туған талап қойған болатын. Осы талапты 
жүзеге асыру үшін педагог ғалым 1912 жылы қазақтың тұңғыш оқу құралы – 
«Әліпбиді» жазды. А.Байтұрсынов 1892 жылы жазылған «Букварь для 
киргизов» деген оқу құралы кітап жеті рет қайта басылып, 1925 жылға дейін 
қазақ мектептерінде оқу құралы ретінде қолданылған. Ағартушы ұлт ұстазы 1926 
жылы «Әліпбидің» жаңа нұсқасын жазып шығарды. «Қазақ тілі» пәнінің негізін 
теориялық тұрғыдан қалаған А.Байтұрсыновтың 1915 жылы жарық көрген «Тіл 
құрал» атты оқулығы маңыздылығымен құнды. Кітапта берілген сөз басында 
тілдің ұлт болып қалыптасудағы, қоғам өміріндегі маңызына, графикаға 
ерекше тоқталады: «Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын 
қаруының бірі... Біздің заманымыз – жазу заманы, жазумен сөйлесу ауызбен 
сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман...». Қазақ тіл білімі саласында өнімді 
еңбек еткен Ахмет Байтұрсыновтың 1920 жылы «Баяншы» деген атпен 
әдістемелік құралы, 1928 жылы «Тіл жұмсар» деген атпен екі бөлімді 
қолданбалы грамматикасы да жарық көрді. Белгілі ғалым Рабиға Сыздықова 
А.Байтұрсыновтың қазақ мектептері үшін жазған еңбектерінде халықтық 
идеяны жүзеге асыруын жүйелеп көрсетеді: «А.Байтұрсынов өзінің алдына 
жүйелі программа қойғанға ұқсайды: ол әуелі қазақша сауат аштыруды 
мақсат еткен, бұл үшін әліппе – «Оқу құралды» жазған; одан соң қазақ тілінің 
фонетикасы мен грамматикалық құрылымын ана тілінде талдап, пән ретінде 
оқытып үйретуді мақсат еткен, бұл үшін үш бөлімнен тұратын «Тіл 
жұмсарды» жазған; төртінші – сауат аштыру, тілді оқыту методикасын 
жасауды міндетіне алған, бұл үшін «Баяншыны» жазған; бесіншіден — 
балалардың тілін ұстартып, оларды көркем сөзге баулуды көздеген, үлкен 
хрестоматия (ол да «Оқу құралы» деп аталған) құрастырған. Ахмет Байтұрсынов 
осы еңбектері арқылы Қазақстанда ұлттық білім беру жүйесінің негізін қалады» 
[2,24]. Шын мәнісінде Ахмет Байтұрсыновтың ұлттық жазу жүйесін 
қалыптастырған, ұлттық негіздегі бағдарламаға негізделген оқулық, оқу-
әдістемелік құралдарын дайындаған тарихи еңбегі – ұлттық мәдениет 
тарихындағы өлшеусіз дүние. «Ел ертеңі үшін» рухани күшін арнаған 
ағартушының мектепте оқушыларға ұлттық тәрбие беру негізіндегі қазақтың 


41 
тілі мен әдебиетін, мәдениеті мен тарихын, әдет-ғұрпы мен салт-дөстүрін 
қолдану туралы халықтық идеяларының өзі арнайы ұлттық бағдарлама болғаны 
байқалады. Ағартушының сегіз қырының бір сипаты – халық әдебиеті мен 
фольклорлық мұраны жинап, зерттеуі. Ағартушы ғалымның 400 жылдық қазақ 
тарихын қамтитын трагедиялық жырлар – 23 жоқтау берілген жинақталған 
фольклорлық мұрасында Қаз дауысты Қазыбек би (қызы Мөңкенің жоқтауы), 
Кенесары, Наурызбай би («Кенесары-Наурызбай» жоқтауы: «Наурызбай төре 
кеткен соң, бастан тайды бағымыз») туралы нақтылы деректер келтірілген. 
Ағартушы ғалымның жоқтауға ерекше мән бергені аңғарылады. Ғалымның 
пайымдауынша, «Өлі риза болмай, тірі байымайды» деген сөз қазақта текке 
айтылмаған. Бұл рухани дүниенің тәлімдік те, білімдік те мәні зор. Ахмет 
Байтұрсынов қазақтың сөз өнерінің тәрбиелік, ұлттық сипатына ерекше 
назар аударды. Ағартушы ғалым сөз өнерінің ұлттық тіл мәдениетін 
қалыптастырудағы ықпалына тоқталады: «Сөз өнеріне жұмсалатын зат – сөз. 
Сөз шумағы тіл деп аталады, сөз өнеріне жұмсалған сөз шумағы да тіл деп 
аталады... Ақын тілі – айрықша өң беріліп айтылған сөзі». Педагог ғалым 
А.Байтұрсынов қазақтың тұрмыс-салт жырларына да ерекше тоқталып, 
толымды талдау жасады. Олардың ішінде «Бесік жыры», «Беташар», «Неке 
қияр», «Жарапазан», т.б. салт-дәстүрлер мен жырларға ерекше мән беріп, 
мазмұнын сипаттайды: «Бесік жыры, яғни бала тербету – баланы ұйықтату үшін 
айтылатын өлең; бала тербету түрліше айтылады. Бірақ бүгінге бірдей жалпы 
келетін жерлері бар...».
А.Байтұрсынов «Асыл сөз» атты еңбегінде қазақ халқының сөз өнеріне 
қатысты дәстүр, әдет-ғұрыптарына жан-жақты тоқтала отырып, оның тәрбиелік 
мәнін ашып көрсетеді. Ағартушы «Өнер алды – қызыл тіл», - дей отырып, сөз 
өнерінің адам санасында үш түрде негізделетініне, яғни 1) ақылға, 2) 
қиялға, 3) көңілге байланысты болатынына тоқталады. Ақыл мен тілдің мән-
маңызы және міндеті туралы былайша пайымдайды: «Ақыл ісі – аңдау, яғни 
нәрселердің жәйін ұғыну, тану, ақылға салып ойлау; қиял ісі - меңзеу, яғни 
ойдағы нәрселерді белгілі нәрселердің тұр-патына, бейнесіне ұқсату, бейнелеу, 
суреттеп ойлау; көңіл ісі – түю, талғау»; «Тілдің міндеті – ақыддың андауын 
аңдағанша, қиялдың меңзеуін меңзегенше, көңілдің түюін түйгенінше айтуға 
жарау». 
Қорыта келе айтарымыз, А.Байтұрсынов – өзінің ағартушылық қызметі мен 
педагогикалық көзқарастары арқылы халықтық идеяны кеңінен насихаттап, оны 
нақты іске асыру жолына бар өмірін арналған ғұлама ұстаз, халық педагогы, 
«ұлттық тарихымызда ешкіммен салыстыруға болмайтын ерекше тұлға». 
Әдебиеттер: 
1.
Байтұрсынұлы Ахмет. Алты томдық шығармалар жинағы. Тіл – құрал (қазақ тілі мен оқу 
ағартуға қатысты еңбектері). – Алматы: «Ел-шежіре», – 2013. Т. ІІІ: –384 б. 
2.
Сыздықова Р. Ахмет Байтұрсынов. – Алматы: Қазақ ССР «Білім қоғамы», 1990. – Б. 52. 


42 
ӘОЖ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   301




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет