Сборник научных статей научно-практической конференции «Байтанаевские чтения-Х»


ОРЫС ТОПТАРЫНДА «АБАЙ МҰРАСЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА



Pdf көрінісі
бет22/301
Дата22.10.2023
өлшемі8,82 Mb.
#187405
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   301
Байланысты:
baytanaev 2022 zhinak 1 tom gotov
Презентация (1), 1. дәріс Тарихқа дейінгі адам эволюциясы ҚТ МЕЖ ФАК, 2-дәріс меж.фак ҚТ, ДБ Өтініш үлгісі, Жутов ОКТЯБРЬ 2023, Image to PDF 20231108 10.43.21
ОРЫС ТОПТАРЫНДА «АБАЙ МҰРАСЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА 
ЖҮРГІЗІЛЕТІН ТІЛ ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ 
Байтанаева-Молдалиева Д.Ә. 
– ф.ғ.к., доцент 
Молданова Ж.І.
– аға оқытушы 
Сейітқұлова Н.А.
– 121-18 оқу тобының студенті 
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Шымкент қ.
 
Резюме 
В данной статье рассматриваются виды работ по развитию речи студентов 
русскоязычных групп по теме «Наследия Абая».
Қазақ тілі – Қазақстан халықтарын топтастырып, біріктіріп отырған 
мемлекеттік тіл. Қазақстан Республикасында 130-дан астам ұлт өкілі тұрады. 
Бұл ұлт өкілдерінің балалары қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде, яғни 
орыс, ұйғыр, өзбек, тәжік т.б. мектептерде оқиды. Бұл мектептерде сабақ 
оқушылардың ана тілінде жүргізіледі және орыс тілі ұлтаралық тіл болып 
саналады. 
Оқу қазақ тілінде жүргізілетін мектептердің әр сыныптарында Абайдың 
һлеңдері, нақыл сөздері, өмірінен деректер берілген. Ал оқу қазақ тілінде 
жүргізілмейтін мектептерде Абайдың өлеңдері, не оның аудармалары 
кездеспейді. Мұның себебі Абай шығармалары қазақ халқының тұнып тұрған, 
бүгінгі күні өшіп бара жатқан тіл байлығынан тұрады. Олардың барлығы да 
орыс тіліне аударылған деп айту қиын. Дегенмен біздің қолымызға түскен 
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің 
бағдарламасы бойынша 2006 жылы жарық көрген «Абай Құнанбаев. Қалың 
елім қазағым» [1] деген еңбегінде Абайдың 1887-1888 жылдары жазылған 22 
өлеңі орыс тіліне аудармасымен берілгені қуантады. Бұл жинақ Абайдың 
туғанына 160 жыл және Абайдың мемлекеттік қорық мұражайына 65 жыл 
толуына орай арнайы әзірленген. 
Абайды білмей, қазақ тілін толық игердім, не өзге ұлт өкілдеріне Абайды 
түсіндірмей, қазақ тілін толық игерттім, оның байлығын жастардың бойына 
сіңірдім деп айту қиын. 
Бұл жұмыстың мақсаты Абайдың көпке танымал өлеңдерін орыс 
топтарында орыс тіліндегі аудармасымен оқыту, түрлі ауызша, жазбаша 
жұмыстар жүргізу арқылы мән-мағынасын, тәрбиелік маңызын меңгертетін 
жұмыс түрлерін көрсету, сол арқылы өзге ұлт өкілдеріне Абайды кеңінен 
таныту, насихаттау.
Орыс топтарында сабақ мәтінсіз жүргізілмейді. Мәтін негізінде тіл дамыту 
жұмыстарының барлық түрлері (айтылым, оқылым, жазылым, сөйлесім, 
тілдесім) жүргізіледі. 
«Абай мұрасы» деген тақырып бойынша келесі жұмыс түрлері ұсынылады. 
І. Мәтінді оқып, мазмұнын түсіну. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   301




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет