Сборник научных статей научно-практической конференции «Байтанаевские чтения-Х»


ӘОЖ 372.8:811,512.122  АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ АРАБ-ПАРСЫ КІРМЕ



Pdf көрінісі
бет14/301
Дата22.10.2023
өлшемі8,82 Mb.
#187405
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   301
Байланысты:
baytanaev 2022 zhinak 1 tom gotov
Презентация (1), 1. дәріс Тарихқа дейінгі адам эволюциясы ҚТ МЕЖ ФАК, 2-дәріс меж.фак ҚТ, ДБ Өтініш үлгісі, Жутов ОКТЯБРЬ 2023, Image to PDF 20231108 10.43.21
 
ӘОЖ 372.8:811,512.122 
АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ АРАБ-ПАРСЫ КІРМЕ
СӨЗДЕРІНІҢ ЛЕКСИКА-ГРАММАТИКАЛЫҚ СИПАТЫ
Сұлтанова Насиба.
– С1701-19 к. тобының студенті 
Ғылыми жетекшісі: Құрбанов А.Г.
– ф.ғ.к., доцент 
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Шымкент 
Резюме 
 
В данной статье рассматривается лексико-грамматическая природа арабо-
персидских слов в произведениях Абая. 
 

Тіл – қоғамдық құбылыс. Тіл – адамзат баласына ғана біткен ырыс. Ол 


қоғамның дамуындағы толып жатқан түрлі өзгерістердің куәсі ғана емес, оны 
ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін дәнекер.
Тілдегі сөздердің тұтас жиынтығы сөздік құрам немесе лексика деп 
аталады. Тілдің сөздік құрамының толығып кемелденуі бір ғана өзінің ішкі 
мүмкіншіліктері арқылы болып қоймайды. Сонымен қатар өзінде жоқ сөзді өзге 
тілдерден ауысып алу арқылы да тіл өзінің сөздік құрамын байытып, жетілдіріп 
отырады. Тіл - адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасайтын, пікір 
алысатын, өзара түсіністің құралы. Халықтар бір-бірімен тілдесу үшін ортақ 
сөздерді пайдалануға тырысады, яғни кірме сөздер сөздік құрамға енеді. Бұл 
әрине қалыпты құбылыс. Әр халықтың тарихи дәуірдегі экономикалық
әлеуметтік, саяси, мәдени қарым-қатынасы ең алдымен оның тілінен көрініс 
табады. Ал бір-біріне көршілес жатқан халықтардың тілдік ауыс-түйісі - тіл 
байлығының сөздік қорын арттыра түсуге септігін тигізетін заңды құбылыс.
Қандай құбылыстың болсын, өткен тарихи даму жолдарын жете меңгермей 
тұрып, оның қазіргі жай-күйін зерттеп білу мүмкін емес. Тілдік жүйенің 
орнығып, қалыптасқан категориялары да оның тарихын зерттеу арқылы 
айқындалады. Тілдің сөздік қорын және өзге тілдермен қарым-қатынасын, онда 


23 
болатын түрлі өзгерістерді зерттеу қазіргі таңда теориялық жағынан да, 
практикалық жағынан да маңызды екені сөзсіз.
Кірме сөздер (заимствование) дегеніміз тілдің өзіндік сөзжасам тәсілмен 
емес, басқа тілдердің ықпалымен жасалған немесе олардан енген сөздер. Яғни 
сөздің дыбыстық тұлғасы да, мағынасы да өзге тілге қатысты сөздер кірме 
сөздер делінеді. Жер шарында өмір сүріп келе жатқан үлкенді-кішілі 
халықтардың қай-қайсысында болсын өзге тілдерден ауысып келген кірме 
сөздер көптеп кездеседі. Мәдениеті кенжелеп дамыған ұсақ халықтарды былай 
қойғанда, мәдениеті гүлдеп өскен ең озат деген халықтардың сөздік құрамы да 
таза тума сөздерден құралмайтындығы дәлелденген [1, 139].
Тіл туралы Н.Д. Оңдасынов «Таза тіл деген жоқ, ол болмақ та емес. Ондай 
тілді іздеп, арам тер болудың тіпті қажеті де жоқ»-десе [2, 3], ал Л.З.Рүстемов 
«Тілдің лексикалық құрамында шеттен алынған кірме элементтері жоқ, мүлдем 
«таза» тіл өмірде болған емес» [3, 12], - дейді. Дегенмен, түркологтардың 
зерттеуінше салыстырмалы түрде қазақ тілі түркі тілдес елдердің ішіндегі 
өзгеріске көп ұшырамаған таза тіл деп көрсеткен. 
Қазіргі қазақ тілінің қалыптасу кезеңдерін, туыстас тілдердің қатарынан 
алатын орнын, басқа тілдерге қатыстығын байқау үшін тіл мәселелерін нақты 
фактілер арқылы зерттеудің маңызы зор.

Абай шығармаларында қолданылған араб-парсы сөздерінің көпшілігі қос 


сөздер мен жұрнақтар жалғану арқылы жасалған туынды түбір сөздер екендігі 
байқалады. 
Қазақ тіліне шеттен ауысқан элементтердің құрамын, сөздердің 
тұлғаларын әңгіме еткенде қос сөздерге айрықша назар аударылады. «Қос 
сөздер, әдетте, бір сөзді екі мәрте қайталау немесе екі лексикалық элементті 
қосақтау, я болмаса оның бір буынын қабаттастыру арқылы жасалатыны 
мәлім». Әсіресе, түркі тілдерінде, соның ішінде қазақ тілінде де қос сөздер 
мейлінше кең дамыған, әрі оның лексикалық комплекстер жасауында алатын 
орны аса зор. 
Сөзден сөз тудырудың мұндай құнарлы тәсілі қазақ тілінде өте ерте 
заманда-ақ қолданылып келгендігі мәлім. Қос сөздер жасауда араб-парсы кірме 
сөздеріде едәуір роль атқаратыны әдеби тіліміздің бүкіл даму тарихы дәлелдеп 
отыр. Араб және парсы элементтерінің қатысуымен жасалған қос сөздердің 
құрамдас компоненттері араб-парсы, араб-араб, араб-қазақ, парсы-араб, қазақ-
араб, қазақ- парсы сөздер болып жеке сыңарлары осылайша жұптасып келуі 
мүмкін. Әдетте, синонимдік есімдерден тұратын қос сөздер де, антонимдік 
есімдерден жасалған қос сөздер де өзара салаласа байланыста болады. Енді 
Абай шығармаларындағы қос сөздердің мағыналық және тұлғалық 
құрамдарына назар аударалық: 
Компоненттері арабша-арабша: Абай шығармаларында компоненттері 
арабша-арабша болып келетін мынадай қос сөздердің бар екендігі байқалды: 
әл-қуат, мал- мүлік, алқа-қотан, қауіп-қатер т.б Осы қос сөздер Абай 
шығармаларында былайша көрініс береді. 
Әзім есін жиыпты ертең түсте, 


24 
Өз басын көрді қауіп-қатер істе. 
Қол-аяғы байлаулы жатыр жалғыз, 
Темір шеттік қапас боп тұрды түсте. 
Кейбір қос сөздің алғашқы компоненті жекеше түрінде, екіншісі сол 
сөздің көпше түрінде болып келуі мүмкін және қосарланып айтылады. 
Мысалға хал-ахуал. 
Әйтсе де қос сөздер көбінесе дерлік мағыналары бір-біріне жақын 
сөздерден жасалады. Мысалға парыз-міндет, мұрат- мақсат т.б. 
Сыңарлары арабша-қазақша: Қос сөздер Абай шығармаларында былайша 
көрініс табады: күш-қуат, білім-ғылым, жер-дүние, ақыл-ес, зәбір-жапа, 
қайғы-қасірет т.б. Мысалға Надандық - білім-ғылымның жоқтығы, дүниеден 
еш нәрсені оларсыз біліп болмайды [4]. 
Екі сыңары да парсы сөздері

Абай шығармаларындағы қос сөздердің 
екі сыңары да парсы сөздерінен болып келетін сөздер де кездеседі. Мысалға 
дос-жар, ар-намыс, кемпір-шал, жан-жар, дос-дұшпан т.б. 
Абай шығармаларында қос сөздердің бір сыңары қазақша, бір сыңары 
арабша болып келетін сөздер қатары да кездеседі. Мысалға; 
ақыл-ой, жер-дүние, 
таң – тамаша т.б.
Ендігіге не сұрау бұл заманда, 
Ақыл-ой, 
ар-намыс жоқ еш адамда. 
Өлген молда, туған жер жібермейді 
Әйтпесе, тұрмас едім осы маңда. (Ескендір) 
Парсыша-қазақша болып келетін сөздер, 
Абай шығармаларындағы қос 
сөздердің тағы бір тобы бір сыңары парсыша екінші сыңары қазақша 
болып келетін сөздер. Мысалға ой-жер, от-үміт, сарнап-зарлап т.б 
Сонымен, біз Абай шығармаларындағы қос сөздердің жасалуында араб-
парсы тілдік элементтердің кеңінен қолданылғанын аңғарамыз. Мұндай қос 
сөздердің жасалуына белгілі бір заңдылық сақталады. Мағынасы 
күңгірттенген есімдер көбінесе қос сөздердің екінші сыңары болып табылады. 
Соның өзінде оның екінші компонентінің де буын сыңары бірдей болып 
келеді немесе көбіне дереу екі буынды компонентке көп буынды 
компонент қосылып айтылады. Араб-парсы элементтері бар қарама-қарсы 
(антоним) мәндес қос сөздер қазақ тілінде сирек кездеседі. Қазақ тіліне 
енген араб-парсы сөздерінің морфологиялық құрамын сөз еткенде тұрақты 
сөз тіркестері түралы айтпай кету мүмкін емес. 
Бір қалыпты тұрақталып, қалыптасқан сөз тіркестерінің негізгі бөлігі 
қазақ және мұсылман дінімен бірге деген еді. Сондықтан, мұндай сөз тіркестері 
негізінен ислам дінінің қағидаларын бейнелейді. Егер қолданылуына қарай 
бұл секілді тұрақты сөз тіркестерінің бір бөлігін одағай сөздер десек, екінші 
бір бөлігін сөз таптарының біріне де жатқызу мүмкін емес. Өйткені 
мұндай сөз тіркестері сөйлем мүшесі бола алмайды. Мысалға астапралла 
(астапралда), уағалейкүмассалам, иждихат ләзім, т.б сөздерді айтуға болады. 
Мысалға; Бәрінің хикметі бар, бәрінің себебі бар, біздің хауам былай тұрсын, 
ғылымға махаббаты барларға себеп, парыздарды білмекке иждихат ләзім


25 
сіздер әрбір ғамал қылсаңыз, ниет етесіз [4]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   301




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет