497
оқыту бойынша кеңестер бере бастады. Бұл орталықтан көптеген елдердің
білім беру министрліктері және бизнес өкілдері тарапынан кеңес алу
мақсатында сұраныстар түседі.
Отандық кәсіптік және техникалық білім беру жүйесіне алғаш рет 2012
жылы дуальді оқыту элементтері біқатар жоғары және орта кәсіптік білім беру
орындарында енгізіле бастаған болатын. Н.Ә. Назарбаев «Қазақстанның
әлеуметтік жаңартылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты
мақаласында: «Дуальды кәсіптік білім беруді дамытудың маңызына тоқтала
келе, бұқаралық маман кадрларының жетіспеушілігін еңсеруге мүмкіндік
беретін заманауи қолданбалы біліктілік орталықтары қажеттілігін атап
көрсеткен болатын. Дуальді оқыту жүйесінің техникалық салада алар
орнынын айқындап, колледждерде дуальды оқыту әдісін енгізу туралы нақты
тапсырма да жүктеген болатын [2].
Дуальдық оқыту жүйесі - педагогика мен экономикадағы озық ойлардың
интеграциясы ретінде елдің бәсекеге қабілеттілігін көрсететін көрсеткіштердің
бірі ретінде сапалы кәсіби, еңбек құндылықтары қалыптасқан мамандар
даярлауға қызмет етеді.
Сондықтан, дәрігер-ментордың педагогикалық қызметінің мазмұны мен
педагогикалық негіздерін зерттеуді қажет етеді.
Дуальді оқыту бағдарламасын жүзеге асыруда менторлық қызметтің
негізгі міндеттері:
•
болашақ мамандарды кәсіби даярлаудың кәсіптік білім беру
бағдарламаларын меңгеру шеңберінде студенттердің кәсіби іс-
әрекеттерінің барлық түрін кешенді меңгеруі;
•
ментордың жеке кәсіби тәжірибесі, жұмыс істеудің тиімді әдістері мен
тәсілдеріне оқыту;
•
түлектердің кәсіптік білім және кәсіптік дағдыларының деңгейін
арттыру;
•
ұзақ мерзімде кәсіпорынмен еңбек қатынастарын құруға студенттердің
мотивациясын арттыру және оларды кәсіпорынның корпоративті
мәдениетімен таныстыру [3].
Тәуекелшіл, белсенді, өз тағдырына өздері жауапты, ізденгіш, бәсекеге
қабілетті кәсіптік құзіреттіліктері қалыптасқан болашақ медицина мамандарды
даярлауда әлеуметтік әріптестер ретінде білім беру мекемелері мен
кәсіпорындардың интеграциясы – дуальді оқытудың маңыздығын арттыра
түседі.
Дуальді оқыту - бизнестің, болашақ маман мен мемлекеттің мүдделерінің
бірлестігін құра отырып, болашақ маманның бойында еңбек құндылықтарын
қалыптастырудың заманауи ықпал ету ортасын құрады.
Достарыңызбен бөлісу: