Сборник научных статей научно-практической конференции «Байтанаевские чтения-Х»



Pdf көрінісі
бет233/301
Дата22.10.2023
өлшемі8,82 Mb.
#187405
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   301
Байланысты:
baytanaev 2022 zhinak 1 tom gotov

Әдебиеттер
1. ХАЛЫҚ БІРЛІГІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛІ РЕФОРМАЛАР – ЕЛ ӨРКЕНДЕУІНІҢ БЕРІК 
НЕГІЗІ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Астана. 

қыркүйек.2021ж. 
https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-kasym-zhomart-
tokaevtynkazakstan-halkyna-zholdauy-183555 


498 
2. Н.Ә. Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңартылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек 
Қоғамына қарай 20 қадам». Астана. 10 шілде, 2012ж.  
http://www.edu.gov.kz/
 
3. Жолдасбекова С.А., Нуржанбаева Ж.О., Мамедов Р.А. /Дуальді оқыту жүйесінде 
ментор қызметін ұйымдастыру ерекшеліктері// Вестник Академии Педагогических Наук 
Казахстана №1 (қаңтар-ақпан), 2019ж.,16-22б. 
ӘОЖ 894.342:92
САРАЛАП ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ МЕН ТҮРЛЕРІ, ТИІМДІЛІГІ
Балабекова К.
№42 Хамза атындағы ЖОМ, Шымкент, Қазақстан 
Summary

This article discusses the types, features and effectiveness of differentiated learning. 
Қазіргі таңда білім беру жүйесінің барлық сатыларының алдында тұрған 
көкейтесті мәселелерінің бірі білім сапасын арттыру, оның әдістемесін 
жетілдіру жас ұрпақтың тұлғалық дамуына қолайлы жағдай жасау. Осыған 
сәйкес бүгінгі күн талабы — баланың ақыл-ойын дамыту, ойлау қабілетін 
жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, тілін дамыту, заман 
талабына сай оны жүйрік етіп тәрбиелеу. 
Саралап оқыту - бұл білім алуға бағытталған әрекет. Ол өз бетінше, әр 
мұғалімнің жетекшілігімен жүргізіледі. Біз қарастырып отырған саралап 
оқытудың 
теориялық 
негізін 
Л.Выготский, 
А.Леонтьев, 
Б.Ананьев, 
С.Рубинштейн т.б ғалымдар жасаған. Ал, бастауыш мектеп кезеңіндегі 
саралауға 
байланысты 
мұғалім 
әрекеттерін 
В.Давыдов, 
Л.Занков, 
Ш.Амонашвили т.б зерттеулерінде қарастырылған [1]. 
Бүгінде білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында мұғалімдердің 
тәжірибесінде көптеген өзгерістер орын алуда. Бұл өзгерістер мұғалім 
тәжірибесін дамытуға бағытталған. Осылайша жоспарлау және оқытуда 
саралаудың маңыздылығы артуда. Саралап оқыту (дифференциация) латын 
тіліндегі «difference» сөзінен бастау алған және біртұтас затты түрлі бөліктерге, 
нұсқаларға, сатыларға бөліп жіктеуді, саралауды білдіреді, ал француз тілінде 
«differentiation» айырмашылық, ерекшелік дегенді білдіреді. 
Саралап оқыту дегеніміз - мұғалім оқу үдерісінде маңызды болып 
табылатын белгілі бір ортақ ерекшеліктеріне қарай топтастырылған оқушылар 
тобымен (гомогенді топ) жұмыс жүргізетін оқу үдерісін ұйымдастыру түрі. Ол 
оқу үдерісін оқушылардың әртүрлі топтары үшін бейімдеуге мүмкіндік 
беретіндей етіп құрылған жалпы дидактикалық жүйенің құрамдас бөлігі. 
Оқушылардың оқу талаптарына сәйкес оқыту үдерісін реттеуді, оардың тиімді 
оқуына мүмкіндік беретін кішкентайдан үлкенге дейін өзгерістер енгізуді 
жүзеге асырады. Оқу бағдарламасын әр түрлі жолмен жүргізе отырып, дағды, 
білім, түсінік және сан алуан тапсырмаларды берудің әр түрлі жолымен 
келетінін көрсетеді. Оқушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, оған сәйкес 
жоспарлайды және олардың білімдерін кеңейту үшін жеке тұлғалардың не 
оқушы топтарының әр түрлі қабілеттіліктеріне сай жұмыс береді. 


499 
Саралап оқытудың негізгі түрлерінің бірі даралап оқыту болып табылады, 
сондықтан авторлардың көпшілігі «саралап оқыту» туралы түсінікті «даралап 
оқыту» (оқушының белгілі бір ерекшеліктерін, қасиеттерін ескеру) ұғымымен 
тығыз байланыста қарастырады, бірақ әртүрлі анықтама береді (тәсілі, түрі, 
кешені, топтастырылуы, құралдарына қарай және т.б.). 
Оқытудағы саралау мәселесі ХХ ғасырдың 20-шы жылдары қолға алына 
бастаған. Бұл кезеңде кеңестік және шетелдік педагогикада оқуды жеке даралау 
және саралау саласында белсенді жұмыстар жүргізілген. 
Дайындық деңгейі бойынша саралау - оқушылардың нақты білімдерді, 
түсініктерді және дағдыларды меңгеруінің ағымдағы деңгейі деген ұғымды 
білдіреді. Ол дегеніміз - тиісті күрделілік деңгейін қамтамасыз ету үшін 
тапсырманың күрделілік дәрежесін реттеу, мұғалім немесе тең нұсқаулықты 
қосу немесе алып тастау, манипуляцияларды қолдану, тапсырма үшін 
үлгілердің болмауы, оқушының тәжірибесіне немесе оның дағдыларына 
негізделе отырып тапсырманы артығымен немесе кемімен таныс етіп жасау, 
шағын топтардың қажеттіліктеріне әртүрлі тікелей оқыту. 
Ал қызығушылық бойынша саралау - бұл оқушының назарын, 
қызығушылығын және үрдіске араласуын тарту. Бұл бойынша ортақ
қызығушылықтар саласында тәлімгер болу үшін, алдын ала білімі бар 
ересектерді немесе құрдастарды пайдаланады. Оқушыларға тақырыпты немесе 
өрнектерді оқып-үйрену үшін әртүрлі мүмкіндіктер беріледі. Материалдар мен 
технологиялардың кең спектріне кең қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Сондай-
ақ, оқушыларға тапсырмалар мен өнімдерді, оның ішінде оқушы әзірлеген 
нұсқаларды таңдауға ұсынады. Оқушылардың қызығушылықтары 
саласындағы негізгі тұжырымдамалар мен қағидаттардыі зерттеуді немесе 
қолдануды ынталандырады. 
Оқыту стилі бойынша саралау дегеніміз контентті қабылдау, зерделеу 
немесе білдіру үшін ерекшелік дегенді береді. Оқу ортасы бойынша саралау 
басты деңгейде келесілерден құралады: бөлмеде тыныш және алаңдатпай 
жұмыс істеуге болатын орындар, мәдениеттер мен үй жағдайларының алуан 
түрлілігін көрсететін материалдарды ұсыну, жеке қажеттіліктерге сәйкес 
келетін өзіндік жұмыстың нақты басшылық қағидаттарын белгілеу, мұғалімдер 
басқа оқушылармен жұмыс істейтін және оларға дереу көмектесе алмайтын 
кезде оқушыларға көмек алуға мүмкіндік беретін рәсімдерді әзірлеу, сондай-ақ 
оқушыларға кейбір оқушыларға қозғалу керек, басқаларға тыныш отыру керек 
екенін түсінуге көмектесу. 
Кэрол Анн Томлинсонның зерттеуі бойынша мұғалімдер саралап 
оқытуды төмендегідей төрт жолмен жүргізе алады [2]. 
Мазмұн бойынша саралау: Бұл оқушылардың нені оқуы (зерделеуі, 
үйренуі) керектігі немесе оқушының ақпаратқа қалай қол жеткізе алатынын 
білу. Мұғалім оқу мазмұнын Блум таксономиясы (төменгі ойлау деңгейінен 
жоғары ойлау деңгейіне дейін зияткерлік деңгейлер жіктемесі) бойынша 
әртүрлі деңгейді қамтитын оқушылар тобына әртүрлі оқу әдістерін 
ұйымдастыруы керек. 


500 
Үдеріс бойынша саралау: Бұл мазмұнды түсіну немесе меңгеру үшін 
оқушы қатысатын іс-әрекеттер. Оқушылар мазмұнды жақсы түсіну үшін 
орындайтын жаттығулар мен практикалық жұмыстар және іс-әрекеттер.
Нәтиже бойынша саралау. Нәтиже дегеніміз сабақтың соңында мазмұн 
бойынша оқушының алған білімін демонстрациялау әрекеті. Мұғалім білімді 
игерту мақсатында тапсырма береді, барлық оқушылар бір тапсырманы 
орындаса да олардың нәтижелері әртүрлі болады.
Оқу ортасы бойынша: мұғалімдер сыныпта қауіпсіз және қолайлы оқу 
ортасын қамтамасыз ететіндей оқу үдерісін ұйымдастыруы қажет.
«Саралау қай кезде жүзеге асырылады?» деген сұраққа келсек, саралау 
сабақты жоспарлаудан басталады. Яғни, сабақтың тақырыбына сәйкес оқу 
мақсатын оқу бағдарламасындағы ұзақ мерзімді жоспардан дұрыс, нақты 
таңдау, оқу мақсатының нақты, шынайы, қолжетімді, өлшенген, уақыты 
шектеулі болуы, яғни, СМАРТ-қа негізделуі керек. Оқу мақсатынан сабақ 
мақсатын нақтылау: оқушылардың барлығы, көпшілігі, кейбіреуі орындай 
алатын мақсаттарды анықтау. Ойлау дағдыларының деңгейлерін анықтау: Блум 
таксономиясына негізделген білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау. 
Оқу мақсатына сәйкес бағалау критерийлерін нақты құрастыру. Бағалау 
критерийлеріне сәйкес тапсырмаларды саралап алу. Тапсырмаларды саралауда 
оқушылардың жас ерекшелігі, қажеттілігі, қабілеті, деңгейлері ескерілуі тиіс. 
Тапсырмаларға сәйкес дескрипторды дұрыс, дәл, нақты құрастыру. Сабақ 
соңындағы оқушының рефлексиясын ұйымдастыру. Пәнаралық байланыс, 
сабақ үдерісінде қолданылатын ақпараттық – коммуникациялық құралдар, 
ресурстар, қалыптастырушы бағалау жүргізу тәсілдері – барлығы жоспар жасау 
барысында мұқият сараланып, жан-жақты талдаудан өткізілуі керек. Қысқа 
мерзімді сабақ жоспарын жасауда сабақ үдерісі кезіндегі мұғалім мен 
оқушының әрбір әрекетіне жете мән беру маңызды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   301




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет