Сборник научных статей научно-практической конференции «Байтанаевские чтения-Х»



Pdf көрінісі
бет250/301
Дата22.10.2023
өлшемі8,82 Mb.
#187405
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   301
Байланысты:
baytanaev 2022 zhinak 1 tom gotov

Әдебиеттер
1.
Г. В. Кравченко «Использование модели смешанного обучения в системе высшего 
образования». Журнал: «Известия АлтГУ», 2017 
2.
Логинова А. В. Смешанное обучение: преимущества, ограничения и опасения // 
Молодой ученый. — 2015. — №7. 
ӘОЖ 372.92
 
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІЗДЕНУШІЛІК ІС-ӘРЕКЕТІН 
ЫНТАЛАНДЫРУДА ОҚУ ФИЗИКАЛЫҚ ЗЕРТХАНАСЫНЫҢ 
МАҢЫЗЫ 
Кулжанов А.Е. 
– 110-18 тобының студенті 
Ғылыми жетекші: Орманова Г.К 
– пед.ғ.к., доцент м.а 
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Шымкент 
Резюме 
Қазіргі білім беру жүйесі мұғалім қызметіндегі басымдықтардың өзгеруіне әкеледі. 
Заманауи мұғалімнің негізгі қызметі үйрету емес, өзіндік шығармашылық ізденіске 
жағдай жасау. Ақпараттық және компьютерлік технологиялар қазіргі мектептегі 
сабақтың қажетті құрамдас бөлігі болып табылады және қазіргі заманғы мұғалім – өз 
жұмысында АКТ-ны қолданатын жоғары кәсіби мұғалім болып табылады. 
Кәдімгі күніңізді елестетіп көріңіз. Міне, сіз төсектен тұрып, созылып, 
Айнаға қарадыңыз. Физика заңдары сіздің күніңіздің басталуымен басталды. 
Қозғалыс, айнадағы шағылысу, сізді жер бойымен жүруге мәжбүр ететін 
ауырлық және сөмкені көтеру немесе есікті ашу үшін қажет күш – бәрі физика. 
Физиканың дамуын прогреске теңестіруге болады. 
Алдымен адамдар оптика заңдарын түсінді және нашар көретіндерге жақсы 
бағдар беріп, оқып, жаза алатындай қарапайым көзілдірік ойлап тапты. Содан 
кейін әлемде микроскоптар пайда болды, олардың көмегімен ғалымдар 


532 
биология және медицина сияқты салаларда керемет жаңалықтар ашты. 
Астрономдар планеталарды, жұлдыздарды және бүкіл галактикаларды көріп, 
ғаламның құрылымы туралы қорытынды жасай алатын телескоптар. 
Физикадағы әрбір жаңалық адамзатқа жаңа қадам жасауға көмектеседі.[1] 
Осы тұста айта кететін жайт ХХІ ғасыр ақпарттық коммуникациялар 
заманы физиканы оқытуды жаңа деңгейге шығарды. Бұрынғыдай оқушыларға 
қиын құбылыстар мен феномендерді көрсету мен модельдеу қиынға түспейді.
Физиканы оқыту, оның пән ретінде ерекшеліктеріне сай, қазіргі заманғы 
ақпараттық технологияны қолдануы жайлы сала болып келеді. Физика 
сабақтарында ақпараттық –технологияны жаңа тақырыпты өткенде, қорытынды 
– қайталау сабақтарында және т.б сабақ түрлерінде қолдану өте тиімді. Сабақ 
барысында слайд-фильмдерді пайдалану, дәстүрлі әдістермен салыстырғанда, 
сабақтың динамикасын, көрнекілігін, ақпараттың өте жоғары деңгейін және 
көлемін қамтамасыз етеді, сонымен қатар, тақырыпқа және жалпы физика 
пәніне 
қызығушылықты 
арттырады. 
Сабаққа 
дайындық 
барысында 
электрондық оқулықтар, интернет желісінің ақпараттары қолданылады және 
мұғалім мен оқушыға арналған дидактикалық материалдар, оқу-әдістемелік 
құралдар жасалады. Физикалық процестер мен құбылыстарды модельдеу оқу 
процесін дамыту мен жетілдірудің болашағы болып табылады, әсіресе 
студенттердің шығармашылық белсенділігін арттыруда, зерттеу жұмыстарын 
дамытудағы рөлі ерекше. 
Яғни қазіргі заманғы ақпараттық коммуникациялық технологиялар 
артықшылықтары, 
нақтырақ 
айтсақ 
физиканы 
оқытудағы 
пайдасы 
төмендегідей: 

Оқыту процесін жылдамдатады 

Көзбен көру мүмкін емес көптеген құбылыстарды модельдеуге 
мүмкіндік береді

Оқушыға мектепте өткен құбылыстар мен тақырыптарды үй 
жағдайында өз бетінше қайталап оқуына жағдай жасайды 

Қауіпсіздікті арттырады 
Ал енді жоғарыда айтылған пункттерді талдап шығайық. Біздің өмірімізде 
өз әмірін жүргізетін ол уақыт. Сондықтанда физиканы оқыту барысында 
сыныптың, жеке оқушының үлгеріміне немесе түрлі факторларға байланысты 
уақыт бойынша түрлі қиындықтар тууы мүмкін. Ал бұл процесті 
оптимизациялаудың бірден бір шешімі ол әрине АКТ-ны қолдану. Мысалы 
лекция сабақтарында жаңа тақырыпты түсіндіру кезінде презентация, 
бейнежазбалар арқылы тақтаға жазуға кететін уақытты үнемдеуге болады. 
Тіптен қазіргі мүмкіндіктермен тақта мен борды мүлдем қолданбауға болады 
әрине бұл өз кезегінде уақытты ұтымды пайдалуға жол ашады. 
Сонымен қатар уақыттан бөлек физиканы оқыту барсынында көзбен көру 
мүмкін емес көптеген құбылыстарды модельдеуге, яғни оқушыларға көрсету 
барысында қиындықтарды шешуді АКТ өте жоғары деңгейде орындайды. 


533 
Мысалы атом құрылысын, кристалдық тор, күн жүйесін түсіндіру кезінде(1-
сурет) 3D модельдерді көрсету жай ғана кітаптан көрген суретке қарағанда 
жүйелі түсінік қалыптастырады.
1-сурет. Атом құрылысы, кристалдық тор, күн жүйесінің моделі
Міне осындай көптеген 3D модельдер арқылы сабақты қызықты әрі 
оқушының түсінігін жүйелі қалыптастыруға болады. 
Физиканы оқыту барысында лабораториялық жұмыстарды орындау сөзсіз 
тақырыпты бекітуге үлкен септігін тигізеді. Осы сәтте де ақпараттық 
технологиялар арқылы лаборатория кабинетінде жасалған жұмыстарды оқушы 
үй жағдайында өз бетінше түрлі виртуалды модельдеуші бағдарламалар арқылы 
жасауына болады. 
https://phet.colorado.edu
 
[2]
 
 
Мысалы жоғарыда суретте көрсетілген виртуалды модельдеуші 
бағдарлама арқылы оқушы өз бетінше сабақтан тыс уақытта жарықтың таралу 
заңдары, түрлі линзаларды оқып зерттеуіне болады. Ал бұл лабораториялық 
жұмысты жасау үшін сыныпта барлық құрал-жабдық болған күннің өзінде әр 
оқушымен жеке жұмыс жасау қиындық тудырады. Егер мұғалім осындай түрлі 
бағдарламалармен оқушыларды таныстаратын болса, сабақтан тыс уақытта да 
оқушы өз бетімен жұмыс жасай алады. Бастысы оқушының өмірінеде жүз 
пайыз қауіпі жоқ. Осы типтес бағдарламалар мен сайттар ашық интернет 


534 
көздерінде өте көп, тегін жүктеп алуға болады. Мұғалім тек қана бағыт бағдар 
берсе жеткілікті. 
Жоғарыда айтылған түрлі бағдарламалар, модельдер жалпы ақпараттық 
коммуникациялық технологиялар көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік 
береді. Ал ең бастысы оқыту процесінде орын алатын баланың өміріне қауіп 
тигізуі мүмкін жайттарды елеулі деңгейде азайтайды.
Міне осындай АКТ-ның мүмдіктерін пайдаланып физиканы оқыту жеңіл, 
ал оқушының түсінуіне де оңай болады. Сондықтан да қазірі физика пәнінің 
мұғаліміне тек қана теориялық тұрғыдан пәнді терең білу жеткіліксіз. ХХІ 
ғасырдағы физика пәнінің мұғалімі шығармашыл, жаңа технологияларды жетік 
меңгерген болу тиіс!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   301




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет