ОҚУ ПӘНІНІҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ БОЙЫНША ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ
«Компьютерлік модельдеу технологиялары» пәні элективті компонентке жатады. Оқу жүктемесі 3
кредитке сәйкес келеді. Олардың ішінде: 15 сағат – дәріс, 30 сағат – практикалық жұмыс, 90 сағат –
БӚЖ.
«Компьютерлік модельдеу технологиялары» Excel, MatCad, MatLab,C++, C++Builder программалау
орталарында жүргізіледі. RAD(Rapid Application Development) технологиялар қатарына жататын C++
тілінде программалау ортасын С++ тілінде программалар жазу үшін қолданады. Бұл программалау
ортасы Borland Software компаниясының ӛнімі болып саналады. C++ тілінде программалау
ортасының кейінгі нұсқаларын (C++Builder 2007 бастап, соңғы 2010 жылы шығарылған C++Builder
ХЕ нұсқасын қоса алғанда) CodeGear компаниясы шығарып жүр.
C++ тілінде программалау жоғары оқу орындары студенттеріне C++ - те процестерді
моделдеуде программалауды үйретуде тиімді және қолжетімді программалық құралдардың бірі
болып есептеледі.
«Компьютерлік модельдеу технологиялары» пәнінің, құрылымдық программалауға арналған
бӛлімінде С++ программалау тілінің негізгі конструкциялары мен стандарт типтері және
функцияларынан басқа, қолданбалы программаларды жазуда қажет болатын құрылымдық типтері де
толығымен қарастырылады.
«Компьютерлік модельдеу технологиялары» пәні, есептерді және кӛптеген процестерді
программалауды және модельдеуді студенттерге үйрету мақсатында жазылғандықтан тақырыптар
бойынша жаттығулар(программалар) мен ӛз бетінше орындауға арналған тапсырмалар
қарастырылды. Келтірілген сәйкес программалық кодтарға, мүмкіндігінше түсініктемелер беріліп
отырады.
Келесі ережелерді ескере отырып, пәнді игерген жӛн:
1)
дәріс материалын игеру;
2)
тақырып соңында берілген ӛзін ӛзін тексеруге арналған сұрақтарға жауап беру;
3)
негізгі және қосымша әдебиетті игеру;
4)
семинар тақырыптарына ізденіс сұрақтарына жауаптарға белсенді қатысу;
5)
семинар сақбақтарында типтік есептерді ұғынып, шығару;
6)
ұқсас есептерді шығару (БОӚЖ және БӚЖ);
7)
тақырып бойынша тест сұрақтарына жауап беру.
Дәріс мәтінімен жұмыс жасау оны сол күні сабақтан кейін, түсінуге қиын болған мәтіннің
кейбір жерлерін қарап шығуды жоспарлау. Ұсынылатын әдебиеттерді қолдана отырып, түсінуге
қиындық туғызған сұрақтарға жауап табуға тырысыңыз. Егерде ӛздігіңізден берілген материалды
түсіне алмасаңыз онда оқытушыдан консультация немесе алдағы дәрісте кӛмек сұраңыз. Бақылау
сұрақтары бойынша ӛзіңіздің білетініңізді және біліктілігіңізді тексере отырып, ӛткен материалды
қайталауға үнемі уақыт тауып отырыңыз.
Пәндi оқыту барлық ӛтіп кеткен материалдарды қамтитын емтиханмен аяқталады.
Программада барлық енгізілген тапсырмаларды орындау емтиханға кiру рұқсатының шарты болып
табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |