Байланысты: Дәріс тезистері Комп.модел.техн. 2018-2019
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ҧлттық университеті Пәннің оқу-әдістемелік кешені Басылым: алтыншы ЕҰУ Ф 703-08-17. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы басылым
5
Математикалық модель (mathematical modeling) – процестер мен құбылыстарды олардың
математикалық модельдерінде зерттеу әдісі. Тәжірибе жасауға мүмкіндік болмаған, қиын немесе
қолайсыз жағдайларда ғана пайдаланылады. Жеке жағдайда аналитикалық модельдеу болып
табылады[1].
Математикалық модельдер химия, биология, экология, гуманитарлық және әлеуметтік ғылым
салалары үшін дәстүрлі модель түрі болып табылады.
Статистикалық модельдер уақыт мезетіне тәуелсіз жасалатын ӛзгерістерге орай обьектілердегі
тыныштық пен тепе-теңдік күйін бейнелейді. Бұл модельдерде уақыт параметрі болмайды.
Семантикалық модель (semantic model) – семантикалық жадта ұғымдарды граф түрінде ұсыну.
Оның тӛбелерінде ұғымдар, терминалдық тӛбелерінде элементарлық ұғымдар орналасқан, ал доғалар
ұғымдардың арасындағы қатынастарды кӛрсетеді.
Семантикалық модель (semantic simulation) – іске асыруда тәуелсіздігін сақтауда мәліметтердің
мазмұнын (жеке-жеке формальдық тәсілмен) барынша толық жеткізу әдістерін әзірлеу мен
қолдану[1].
Динамикалық модель – уақытқа байланысты обьект күйін сипаттайды, яғни модельдер уақытқа
байланысты обьектіде ӛтетін процестерді бейнелейді. Дербес жағдайда функциялану және даму
модельдерін айтуға болады.
Детерминациялық модельдер – кездейсоқ әсерлер болмайтын процестерді бейнелейді.
Ықтималды модельдер – обьектінің күйінің кездейсоқ ішкі/сыртқы әсерлермен анықталатын
сипаттамасы. Ықтимал ӛзгеру сипатын уақытқа байланысты алдын – ала болжауы мүмкін емес
процестер мен оқиғалардың сипаты.
Имитациялық алгоритмдік модельдеу – обьектінің кездейсоқ факторлардың әсерін ескеретін,
уақыт бойынша формалану процесі мен құрылымын бейнелейтін алгоритм формасындағы
сипаттамалық мазмұны.
Гносеологиялық модельдер – табиғаттың обьективті заңдарын оқып үйренуге бағытталған (Күн
жүйесі моделі, бисфераның дамуы т.с.с.)
Концептуалдық модель - зерттелетін обьектіге және анықталған зерттеу шеңберіне қатысты себеп
– салдарлық байланыстар мен заңдылықтарды айқындауды сипаттайды.
Сенсуалдық модельдер (лат.
sensualis – сезімге, түйсікке негізделген) – адам сезіміне ықпал ететін
сезімдік, эмоциялық (музыка, поэзия) модельдер.
Аналогтық модельдер – ӛзі нақты обьект ретінде іс атқаратын, бірақ дәл сондай бейнеде кӛрінбейтін
обьект аналогы.