Оқу пәнінің тақырыптары бойынша дәріс тезистері «Компьютерлік модельдеу технологиялары»



Pdf көрінісі
бет8/54
Дата01.03.2023
өлшемі1,24 Mb.
#170705
түріПрограмма
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   54
Байланысты:
Дәріс тезистері Комп.модел.техн. 2018-2019

 
Модель қасиеттері. 
 
2.
 
Модель және компьютерлік модельдеу тақырыптарына арналған кӛрнекі сүлбелер. 
 
3.
 
Модельдер классификациясы. 

1.
 
Модель қасиеттері 
Модель құру нәтижесінде анықталған қатынастарда негізгі обьектімен сәйкес келетін жаңа обьект 
құрылады. Жаңа обьектінің модельдеу обьектісі болу мүмкіндігі бар. Демек, әрбір обьекті түрлі 
модельдерге ие. Жаңа обьектінің модельдеу обьектісі болу мүмкіндігі бар. Демек, әрбір обьекті түрлі 
модельдерге ие. Нәтижесінде кейбірі басқа обьектілердің модельдері болатын обьектілердің шексіз 
жиыны алынады. Осы жиын мен оның элементтері арасындағы қасиеттерді қарастырамыз. 
Теория жүзінде обьектілер мен модельдер жиынында: 
- обьект пен басқа обьект арасында; 
- обьект пен оның моделі арасында; 
- обьект пен басқа обьект моделінің арасында; 
- модель мен модельденуші обьект арасында; 
- модель мен басқа обьект арасында; 
- модель мен обьектінің басқа моделінің арасында;
- модель мен басқа обьектінің моделінің арасында 
қатынастар болуы мүмкін. 
Обьект пен оның модельдері арасындағы қатынастары қасиеттер арқылы сипатталады. 
Модельдің ең басты қасиеті модельдеу мақсатына байланысты кейбір қатынастардың модельдеу 
обьектісіне ұқсасатығы болып табылады. 
Математикада ұқсасатық қатынасы симметриялық, рефлексивтік, транзитивтік қасиеттермен 
ӛрнектеледі. 
Симметриялық.
Негізгі обьектіні ӛз моделінің сәйкесті моделі ретінде қарастыруға болады. 
Транзитивтік
. Обьект моделіне құрылған модель, негізгі обьектінің моделі болады. 
Рефлексивтік.
Обьект ӛзінің дәл моделі бола алады. 
Кез келген зерттеу обьектісін кейбір қасиеттерде бір бүтінді бейнелейтін ӛзара байланысты 
элементтер тобынан құралған жүйе ретінде қарастыруға болады. 
Бір жүйенің әрбір элементіне басқа жүйенің әрбір элементі сәйкестенетін (және керісінше) ӛзара 
бірмәнді сәйкестігі бар екі жүйе 
изоморфты
деп аталады. 
Бір жүйенің әрбір элементіне басқа жүйенің элементі сәйкестенетін (керісінше емес) ӛзара бірмәнді 
сәйкестігі бар екі жүйе 
гомоморфты
деп аталады.
Модельдеуге қатысты келесі жүйелердің изоморфтылығы мен гомоморфтылығы туралы айтуға 
болады: 
- модельдер мен модельденуші обьект; 
- бір обьектінің түрлі модельдері. 
Құрастырылымды обьектілер ретінде әлеуметтік және табиғи обьектілерден басқа адамның 
құруындағы обьектілер аталады. 
Изоморфты (гомоморфты) модельдер тек құрастырылымды обьектілерден тұрады. Кейбір 
модельдердің обьектіге изоморфты модель болатындығы туралы тұжырымдар обьектіні үйренуден 
ақпаратты жоғалтпай модельді оқып үйренуге ӛтуге, модель бойынша обьектіні бірмәнді қалпына 
келтіруге мүмкіндік береді. 
Бір обьектінің бір-біріне изоморфты екі түрлі моделі обьект туралы бірдей ақпарат береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет