Оқу пәнінің тақырыптары бойынша дәріс тезистері «Компьютерлік модельдеу технологиялары»


ДӘРІС 1. Тақырыбы: Компьютерлік модельдеу негіздері



Pdf көрінісі
бет2/54
Дата01.03.2023
өлшемі1,24 Mb.
#170705
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54
Байланысты:
Дәріс тезистері Комп.модел.техн. 2018-2019

ДӘРІС 1.
Тақырыбы: Компьютерлік модельдеу негіздері
Дәрістің мақсаты: 

Компьютерлік модельдеу негіздерінің және олардың атқаратын қызметімен 
таныстыру. 
Тҥйін сӛздер: 
модель, модель құру, модельдердің түрлері, ақпараттық модель, компьютерлік 
модельдеу.
 
Жоспар: 
1.
«Модель» түсінігінің анықтамасы. 
2.
Модель белгілері.
3.
Модельдеу мақсаты.
4.
Модель құрудың негізгі этаптары. 
5.
Модель түрлері. 
1.
 
«Модель» тҥсінігінің анықтамасы 
Модель(
Model, simulator
)-1) қасиеттері белгілі бір мағынадағы жүйенің немесе процестің 
қасиеттеріне ұқсас обьектілер немесе процестер жүйесі; 2) сериялы бұйымдарды жаппай ӛндіруге 
арналған үлгі, эталон; кез келген бір обьекті жұмысы, мыс., процессордың жұмыс істеуін 
модельдейтін программа немесе құрылғы. Ол материалдық обьект түрінде немесе құрылымды 
имитациялайтын программа күйінде құрастырылады да, қарастырылатын р\обьектінің жұмыс істеуін 


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ҧлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
алтыншы 
ЕҰУ Ф 703-08-17. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы басылым 
2
зерттеу үшін қолданылады. Модельге қойылатын негізгі талап-оның қасиеттеінің негізгі обьектіге 
сәйкес келуі, яғни барабарлығы[1]. 
Модельдеу(Моделирование; simulation)
-кез келген құбылыстардың, процестердің немесе обьект 
жүйелерінің қасиеттері мен сипаттамаларын зерттеу үшін олардың үлгісін құру(жасау) және талдау; 
бар немесе жаңадан құрастырылған обьектілердің сипатын анықтау немесе айқындау үшін олардың 
аналогтарында (моделінде) обьектілердің әр түрлі табиғатын зерттеу әдісі. Модель тӛрт деңгейде 
түпнұсқаның гносеологиялық орынбасары бола алады: 1-элементтер деңгейінде; 2-құрылым 
деңгейінде, 3-қалып-күй немесе қызметтік деңгейін, 4- нәтижелер деңгейінде. Сипаты бойынша 
модельдеу материалдық және идеалдық болып бӛлінеді. Материалдық модельдеу обьектінің 
геометриялық, физикалық, динамикалық және қызметтік сипатын нақты дәл береді. Идеалдық 
модельдеуге обьектінің ойдағы бейнесі жатады. Ойша модельдеу тіл кӛмегімен іске асырылады. [1]. 
«Модель
» түсінігі кибернетикада бақыланатын обьектілер класын сипаттайтын теорияның моделін 
белгілеуде жиі қолданылады. Демек, кибернетикады берілген нақты обьектінің моделі осы обьект 
туралы теорияның моделі болып табылады. Компьютерлік модельдеу-бұл да оқып үйренетін обьекті 
теориясының модельденуі. 
Модельдеуші(модель субьектісі) тек адам бола алады. Модельдеу обьектісі табиғи(ӛсімдік, күн 
системасы) және адамның ықпалымен құрылып 
жасанды
болуы мүмкін(1-сурет). 
Модельдеу 
жүйесі(modeling system)
-зерттелетін 
жүйенің немесе оның элементтерінің 
математикалық және физикалық аналогтарын құру және талдау. Модельдік тәжірибе зерттеу тәсілі 
ретінде жүйені жаңғыртуға және зерттеуге мүмкіндік береді, ал зерттелетін жүйеге тікелей тәжірибе 
жүргізу қиын, немесе экономикалық тұрғыдан тиімсіз болуы мүмкін. [1]. 
Табиғи обьектілерді ешқандай модельдің толықтай бейнелей алмайтындығы белгілі. Табиғи 
обьектілердің элементтерінің арасындағы байланыстардың кӛбінесе белгісіз болуы олардың 
күрделілгін айқындайды. Сондықтан табиғи обьектілердің модельдері түпнұсқаға қарағанда 
қарапайым болады. Адамдар тарапынан құрылатын обьектілерде мұндай жағдайлардың толық 
ескерілмеуі мүмкін. 
Бірақ модельдеу барысында модельдеу мақсаты тұрғысынан қажетсіз детальдар еленбейді. 
«Модель» термині кӛп мағыналы. Модель деп қандай да бір заттың кішірейтілген кӛшірмесін 
(самолет моделі, тұрғын үйлер макеті), математикалық формулаларды, бұрыштан горизонтқа 
лақтырылған дененің ұщу моделін, іштен жану двигателі жұмысының моделін, бұйымдарды жинау 
моделін, құрамы бойынша сӛйлем талдау моделін, қандай да бір нәрсенің эталонын(метр эталоны, 
килограмм эталоны) айтамыз. 
Жалпы түрдегі «модель» түсінігі тӛмендегідей негізде анықталады. 
Модель
– модельдеу мақсаты тұрғысынан оқып үйренетін обьектінің/құбылыстың кейбір жақтарын 
ұқсастырып бейнелейтін жаңа обьект. 
Модель
– обьектінің нақты жұмыс істеуіне сәйкестенетін анықталған параметрлер бойынша жұмыс 
істейтін физикалық/ақпараттық алмастырушысы. 
Модельдеудегі ең бастысы модельдеуші обьекті мен оның моделі арасындағы ӛзара ұқсас қатысы 
болып табылады. 
Барлық модельдердің кӛпбейнелілігі негізінен үш топқа бӛлінеді: 
-
материалдық(табиғи
) модельдеуші обьектінің сыртқы түрін, құрылымын (кристал торлардың 
модельдері, глобус), жағдайын (самолеттің радио басқарылымды моделі) бейнелейтін 
кішірейтілген/ұлғайтылған кӛшірмелері; 
-
бейнелеуші модельдер
(геометриялық нүктелер, математикалық маятник, идеал газ, шексіздік); 
-
ақпараттық модельдер
- модельденуші обьектінің ақпаратты кодтау тілдерінің бірінде жазылған 
сипаттамасы (сӛздік сипаттау, схемалар, сызбалар, картиналар, суреттер, ғылыми формулалар, 
бағдарламалар). 
Информатика курсында негізінен ақпараттық модельдер қарастырылады. 
Ақпараттық 
модель(Информационная 
модель;information 
model)-
1) 
басқару 
жүйесінде-
автоматтандырылған ӛңдеуге жататын ақпарат айналымының процесін параметрлік ұсыну; 2) 
мәліметтер базасында-тұтастық шектеулер жиынтығы; мәліметтер құрылымын тудыратын 
ережелердің, олармен жүргізілетін операциялардың, сондай-ақ рұқсат етілетін байланыстар мен 
мәліметтердің мәнін, олардың ӛзгерістерінің тізбегін анықтайды; мәліметтер мен олардың 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет