Байланысты: Дәріс тезистері Комп.модел.техн. 2018-2019
5. Модель тҥрлері Модельдеу құбылысының қосымша мүмкіндіктерін ашуға мүмкіндік беретін модельдер
кластарының басқалай да бӛліну түрлерін таңдауға болады.
Информатика
курсында компьютер кӛмегімен құруға, зерттеуге болатын модельдер
қарастырылады. Ақпараттық модельдерді компьютерлік деп ерекше класқа бӛлуге бола ма?
Компьютер кӛмегімен мәтіндер, графикалар, кестелер, диаграммалар сияқты кӛптеген обьектілерді
құруға, зерттеуге болады.
Бірақ бұл обьектілердің басқа да орталардың кӛмегімен құруға, зерттеуге болады. Демек,
компьютер кӛмегімен жасалатын жұмыстардың барлығын компьютерсіз де жасауға болады. Мұндағы
негізгі мәселе жұмсалатын ресурстарға, уақытқа, пайдаланылатын технологияларға байланысты.
Тӛменде келтірілген анықтамалар модельдер мен олардың айырмашылық ерекшеліктерін
нақтылай түсінуге кӛмектеседі.
Табиғи (физикалық, заттық-энергетикалық) модельдеу – модель мен модельдеуші обьект ӛзара
нақты обьектілерді немесе бірдей/түрлі физикалық процестерінің табиғатын бейнелейтін модельдеу.
Программалық модельдеу (Program document modification) – 1) құрылғының немесе жүйенің іс-
әрекетін программаның кӛмегімен модельдеу; 2) программалық жасақтаманың жұмысын
модельдеу[1].
Ақпараттық модель – бұл обьектінің қандай да бір тілдегі сипаттамасы. Модельдің абстракциялық
компоненттері физикалық дене емес сигналдар мен белгілер болады. Түрлі белгілер жүйелерінде
ақпараттық процестерді сипаттайтын белгілік модельдер класы.
Дескриптивтик (ағ. descriptive - сипаттамалық) модель – обьектінің қандайда да бір тілде сӛздік
сипатталуы.
Математикалық модель :
- обьект және обьекті элементтерінің қасиеттеріне, параметрлеріне, сыртқы әсерлердің күйін
сипаттаумен анықталатын математикалық қатыстар (формулалар, теңсіздіктер, теңдеулер, логикалық
қатыстар) тілінде жазылған жиынтық;
- математикалық символдар кӛмегімен ӛрнектелген обьектінің жуық сипаттамасы .
Математикалық модель (mathematical simulation) – обьектінің қызметі мен құрылымын
сипаттайтын математикалық тәуелділіктер жүйесі, яғни математикалық формулалар мен теңдеулер
арқылы ӛрнектелетін обьектілердің математикалық сипаттамалары.
1
2
3
4
5
6
7
8