Сборник научных статей научно-практической конференции «Байтанаевские чтения-Х»



Pdf көрінісі
бет29/301
Дата22.10.2023
өлшемі8,82 Mb.
#187405
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   301
Байланысты:
baytanaev 2022 zhinak 1 tom gotov
Презентация (1), 1. дәріс Тарихқа дейінгі адам эволюциясы ҚТ МЕЖ ФАК, 2-дәріс меж.фак ҚТ, ДБ Өтініш үлгісі, Жутов ОКТЯБРЬ 2023, Image to PDF 20231108 10.43.21
Әдебиеттер 
1. Валиханов Ч. Избр.произведения. -Алма-Ата, 1958 
2. Есенжолова Р.Д. Проблемы развития и совершенствования содержания и методов 
обучения русскому языку в казахской школе. -Алматы, 1987 
3. История Казахской ССР, -Алма -Ата, 1975 
4. Құнанбаев А . Избр.произведения. 
–А
лма-Ата, 1945 
5. Алтынсарин И. Начальное руководство, 
– О
ренбург, 1879 
6. Алтынсарин И. Избр,произведения. 
– 
Алма-Ата, 1957 
7. Ауезов М., Искаков О. «Новый аул», 
– 
Кызыл-Орда, 1928. 
ӘОЖ
ҒАЛЫМ БОЛМАЙ НЕСІ БАР… 
Молдалы Жанел
– С.Ерубаев атындағы №24 ІТ мектеп-лицейінің 6-сынып оқушысы 
Ғылыми жетекшісі: Байтанаева-Молдалиева Д.Ә. 
– ф.ғ.к., доцент 
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Шымкент
 
 
Резюме 
В данной статье рассматривается влияние наследия Абай на развитие творческих 
способностей и научных стремлений учащихся школ. 
 
«Ғылым таппай мақтанба, 
Орын таппай баптанба»,
– 
дейды Абай атамыз.
Білімнің шыңы ғылымда екенін түсініп, алға ұмтыла беруді өзіме мақсат 
еттім. Ол үшін жақсы оқу керек. Ұқыпты, әдепті, еңбекқор болуым керек деп 
ойладым. Абай атамыз айтқандай «Ақырын жүріп анық басу» керек. Өмірдегі 
әр қадамымды нықтап басып, білімді күннен күнге өсіріп, көп білетін үздік 
оқушы болуым керек деп барынша тырыстым. 
Төртінші сыныпта Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» деген өлеңін 
жаттағанымда, менің арманым болашақтың символына айналды. Әр сыныпта 
мен барлық пәннен тек үздік деген бағаға оқыдым. Бірақ ол мен үшін 


56 
үйреншікті, күнделікті істейтін міндетті жұмыс еді. Сөйтіп жүргенде бір күні 
Тәтенбекова Акгүл апайым ғылыми жұмыспен байқауға қатысасың ба дегені. 
Мен бұл хабарды қуанышпен қарсы алдым. Жаратылыстанудан «Итмұрын» 
деген тақырыпты таңдадым. 
Көп ойландым. Абай атаның нақыл сөздері маған жол көрсеткендей болды. 
Ол: «Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рахым ойлап қой!» Алдыма үлкен 
талаптарды қойдым, тапжылмай еңбек еттім, ғылыми терең ойларды зерттеп 
топшыладым, ойымды жазуға, оны еркін сөйлеп, тыңдаушыларға жеткізуді 
үйрендім. 
Бұл жұмыс барысында орыстың ұлы педагогі В.А.Сухомлинскийдің: 
«…бүгін істелінетін жұмыстың бір бөлігін де ертеңге қалдырма. Ісің оңға 
бассын десең, ертең істелінетін істі бүгін бастап қоюға әдеттен. Бұл – ертеңгі 
күніңе ерекше дем беруші, құштарлығыңды арттырушы күш», – деген сөздерін 
[1] өзіме негіз етіп алып, бүгінгі жұмысты бітіріп, ертеңгі жұмысты жоспарлап, 
оны бастап қоюға үйрендім. Өйткені ғылыми жұмыс мұны талап етеді екен. 
Мен итмұрынның шығу тарихын, оның өсу, таралу жолдарын, адам 
ағзасына пайдалы қасиеттерін зерттеп, қай ауруға қанша мөлшерде, қалай 
пайдалануға 
болатынын 
жұртшылыққа 
ұсындым. 
Тыңдаушылардың 
сұрақтарына мүдірместен жауап беруге үйрендім. Нәтижесінде Түркістанда 
өткен «Ұлы Дала ұрпағы» атты III Республикалық байқауда «Ғылыми жоба» 
номинациясы бойынша Бас жүлдені жеңіп алдым. Қуанышта шек жок! Мен 
жеңдім. Абай атамыздың асыл сөздері мені үйретті, жетеледі, күш берді, 
жеңіске жеткізді. 
Осы жеңістен кейін мен түрлі конкурстардан қалмайтын болдым. 2016-
2019 жылдары 4 рет Республикалық математика олимпиадасына қатысып, 2рет 
1-орын 2-рет 3-орынға ие болдым. 
Карантин кезінде онлайн арқылы Халықаралық «Русский медвежонок-
языкознание для всех» конкурсында III орынға ие болдым. 
2020 жылы тарих пәнінен Мәскеуде өткен Халықаралық олимпиадада 1-
орынға ие болдым. 
Мектебіміз жан-жақты білім алуға, достыкка, ынтымақтыққа тәрбиелейді. 
Абай атамыздың «Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» деген 
сөздері біздің негізгі ұстанымымыз. Өйткені достық болған жерде бәрі іске 
асады. 
Маған білім беріп, осындай жетістіктерге жетуіме мүмкіндік жасаған
менің Саттар Ерубаев атындағы №24 мектебіме, ұстаздарыма алғысым шексіз. 
Армансыз адам болмайды. Менің де арманым бар. Осы университеттің 
негізін қалаушылардың бірі – менің үлкен атам – Байтанаев Әбіш – осы жерде 
41жыл еңбек еткен, үлкен әжем – Алтынбекова Мырзай – 39 жыл еңбек еткен, 
менің әжем – Молдалиева Дина – биыл жұмыс істегеніне 48 жыл болады. Менің 
көкелерім – Байтанаев Болат, Байтанаев Бауыржан осы университетте білім 
алып, ғылымының биік шыңдарын бағындырған. Мен де солардың ізін 
жалғастырып, осы университетте оқып, өмірімді ғылымға арнасам деймін. 


57 
Мамандық таңдауда да Абай атамыздың нақыл сөздерін негізге алдым. Ол: 
«Мәдениет пен білім орыста. Орыс тілін білсең, сенің де көзің әлемге 
ашылады», – деген. 
Бүгінгі күні елімізде орыс тілі мамандары жетіспейді. Менің аталарым, 
әжелерім, көкелерім – бәрі екі тілде сабақ беріп, екі тілде еңбек жазған. Олар 
маған болашаққа жол көрсетіп тұрғандай. 
Өзім сияқты мектеп оқушыларына: Абайды оқыңдар, Абайдан үйреніңдер 
дегім келеді. 
Ғалым болмай немене 
Балалықты қисаңыз. 
Болмасаң да ұқсап бақ, 
Бір ғалымды көрсеңіз. 
Ондай болмак қайда деп, 
Айтпа ғылым сүйсеңіз. 
Сізге ғылым кім берер, 
Жанбай жатып сөнсеңіз. 
Дүние де өзі, мал да өзі 
Ғылымға көңіл бөлсеңіз [2]. 
Елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады. Орыс тілі ұлтаралық тіл болып 
саналады. Мен оларға Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» деген өлеңін орыс 
тілінде былай үйретер едім: 
Чтоб человеком ты был, 
Ты пятерых побори 
И пятерых избери 
Злословье, ложь, хвастовство, 
Бездумье и мотовство – 
Вот пять врагов твоих, знай, 
А разум и доброта, 
Упорство, скромность и труд 
Вот пять друзей, согласись. 
Лишь знаньем жив человек, 
Лишь знаньем движется век. 
Лишь знанье светог сердец 
Учись не день и не час
И будешь знаньем богат 
А знаете – истинный клад [3]. 
Перевод М.Петровых 
Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай: 
Асыл сөзді іздесең, 
Абайды оқы, ерінбе. 
Адалдықты көздесең, 
Жаттап тоқы көңілге! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   301




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет