Сборник научных статей научно-практической конференции «Байтанаевские чтения-Х»



Pdf көрінісі
бет28/301
Дата22.10.2023
өлшемі8,82 Mb.
#187405
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   301
Байланысты:
baytanaev 2022 zhinak 1 tom gotov
Презентация (1), 1. дәріс Тарихқа дейінгі адам эволюциясы ҚТ МЕЖ ФАК, 2-дәріс меж.фак ҚТ, ДБ Өтініш үлгісі, Жутов ОКТЯБРЬ 2023, Image to PDF 20231108 10.43.21
Литература 
1.
Сопоставительная грамматика русского и казахского языка. – Алматы, 2006. 
2.
Турсунов Д.Т. , Хасанов Б и др. Сопоставительная грамматика русского и казахского 
языка. –Алматы, 2007. 
3.
Бекмухамедова Х.А. , Канцев А.Н. , Мейрамов Г.А. Русский язык для VI класса казахской 
школы. – Алматы, 1995. 


52 
ӘОЖ
ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫ АҒАРТУШЫЛАРЫ ЖӘНЕ ОРЫС ТІЛІ
 
Байтанаева-Молдалиева Д.Ә. 
– ф.ғ.к., доцент 
Пулатова М.Х.
– п.ғ.к., аға оқытушы 
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Шымкент қ.
 
Резюме 
В данной статье раскрывается деятельность просветителей Великой степи, 
которые для своего народа являются первыми носителями и пропагандистами русской 
культуры и в знании русского языка они видели источник просвещения своего народа. 
Бұл мақалада орыс тілін алғаш біліп, оны жоғары дәрежеде игеріп, орыс 
мәдениетін өз халқына насихаттаған, орыс тілін білу арқылы білім алуға 
шақырған Ұлы Даланың ұлы ағартушыларының еңбегі жайында сөз болмақ. 
Шоқан Уәлиханов – бүкіл ресей демократиялық қозғалысына ат салысып, 
орыс халқы мен қазақ халқының достығын алғаш жариялаған қазақ ғалымы. Ол 
өз халқының орыс тілі мен мәдениетін білу арқылы көп жетістіктерге жету 
мүмкіндіктерін айта келіп, бүкіл Шығыс халқын орыс мәдениетін үйренуге 
шақырған. 
Шоқан Уәлиханов өзінің «Дала мұсылмандығы» деген еңбегінде: «…татар 
мектебінің орнына орыс мектебін ендіруді талап еткен және бұл мәселеде 
үкімет жәрдем беруі керек деген» [1]. Жас Шоқан орыс тілін жетік білу арқылы 
ғылымда көп жетістіктерге жеткен. Кең байтақ Азия аймағын зерттеу арқылы 
30-ақ жыл өмір сүрсе де белгілі орыс ғалымдарының арасынан құрметті орынға 
ие болған еді. Оның орыс тілінде және орыс оқырмандарына жазған еңбектері 
тек қана ғылымилығымен емес, сонымен бірге әдеби құндылығымен де бағалы 
болған.
Қазақ халқы мен орыс халқының достығы үшін күрескен, орыс тілін, 
мәдениетін үйренуге шақырған қазақ халқының бір ұлы – Ыбырай Алтынсарин 
болды. Ол бірінші орыс-қазақ мектебінің, қазақ қыздар мектебінің негізін 
қалаушы, орыс графикасы негізінде жасалған алфавитінің авторы, тарихшы-
этнограф, қазақ жазба әдебиетінің алғашқы өкілдерінің бірі, қазақ педагогика 
ғылымының негізін қалаушы. Оның аты қазақ ағартушыларының арасында 
құрметті орынға, ұлттық мақтанышқа ие. Оның өмірге көзқарасы Белинскийдің, 
Чернышевскийдің, Герценнің, Добролюбовтың демократиялық идеялары 
негізінде қалыптасқан. 
Алдыңғы қатарлы ойшылдар мен педагогтардың білім беру жүйесін 
зерттей келе, Ы.Алтынсарин қазақ балаларына орыс тілін меңгертудің өз 
жүйесін құрды. М.О.Әуезовтің айтуы бойынша, «Өз ісінің батыл реформаторы 
еді. Ол қазақ даласында мектепте білім берудің керемет жобасын жасап, оны 
өмірге ендіруге көп күш жұмсады» [2]. Ол ауылдық, болыстық, екікласстық 
орыс-қазақ мектептерін, сонымен бірге Торғайда алғаш кәсіптік мектеп, 
Ырғызда қыздар үшін мектеп-интернатын ашты. Сонымен бірге ол халық ауыз 
әдебиеті үлгілерін, Крылов мысалдарының аудармаларын, өзінің балаларға 
арналған әңгімелерін ендіріп хрестоматия шығарды. 
Алтынсарин үшін мектеп халықтың әлеуметтік және рухани өсуінің негізгі 
болып саналады. Алғашқыда мектеп-интернатты өзі басқарып, орыс тілінен 


53 
сабақ берді, кейіннен Торғай облысы бойынша мектеп инспекторы болып 
тағайындалды. Алтынсарин балаларды оқуға, жазуға, санауға үйрету олардың 
ойын дамытатынын жақсы түсініп, сондықтан ол оқушыларға олардың еркінен 
тыс «Законы Божьего» сабақтарын ендіруге қарсы еді. 
Алтынсарин көзінің тірісінде төрт екікласстық орталық орыс-қазақ
училищесін, бір кәсіби, бір қыздар училищесін және бес болыстық мектебін 
ашып, оларға әдістемелік оқу құралдарын шығарып, инспекторлық тексерулер 
жүргізіп отырды. «Орыс алфавитін қолдану арқылы қазақ тілі араб, татар 
сөздерінен құтылады», – деп жазды Алтынсарин [3]. 
Қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаев орыс халқына, 
оның тілі мен мәдениетіне ерекше құрметпен қарады. Өзінің «Жиырма бесінші 
сөзінде»: «Өзге халықтың тілі мен мәдениетін білу сені сол халықпен тең етеді. 
Орыстар бүкіл әлемді көріп отыр, егер сен олардың тілін білсең, сенің де көзің 
ашылады. Орыстың мәдениеті мен өнерін біл. Ол өмірдің кілті», – дейді [4]. 
Абай бар ықыласымен орыс тілін үйренді. Жер аударылып келген оның 
достары Н.Н.Долгополов, Е.П.Михаэлиспен достығы күшейді. Ол жайында 
Абай: «Ол менің көзімді ашты, әкемнен де артық қамқор болды», – дейді. 
Абайдың достары оны демократиялық бағыттағы кітаптармен қару-
ландырып отырды. Ол В.Г.Белинскийдің, А.С.Пушкиннің, М.Ю.Лермонтовтың, 
Н.Г.Чернышевскийдің, Н.А.Некрасовтың, Н.А.Добролюбовтың еңбектерін 
оқып, өмірге деген өзіндік көзқарасын қалыптастырды. Поэзияда ол көңіл-күйді 
дәл суреттеуді Пушкиннен, Лермонтовтан үйренген еді. Ақын Абай өз идея-
ларын қырық бес қара сөзінде толық жеткізген. 
Алайда ол заманда орыс тілін табысты оқыту барлық пәндерге қойылатын 
екі әдістемелік талапқа байланысты еді: бірі – оқушыларды неге оқыту керек, 
екіншісі – қалай оқыту керек, яғни қандай жолдармен, қандай құралдармен 
оқыту керек деген екі талапты айқындау керек еді. 
Орыс тілін ұлт мектептерінде оқыту әдістемесінің тарихына үңілсек, білім 
берудің мазмұнына тек XIX ғасырдың ортасынан бастап көңіл бөліне бастаған 
екен. Бұған дейін педагогика ғылымының демократ өкілдері К.Д.Ушинскийдің, 
П.Ф.Кантеревтің, Ы.Алтынсаринның, М.Ахундовтың ғылым мен оқу пәнін 
байланыстыра оқыту қажет деген мақалалары жарық көрген. 
Революциядан бұрынғы Қазақстанда білім беруде бірыңғай жоспар мен 
бағдарламалар болмағандықтан ұлт мектептерінде білім беруде кемшіліктер 
орын 
алған. 
XIX 
ғасырдың 
аяғы 
мен 
XX 
ғасырдың 
басында 
Н.Н.Ильминскийдің, Ы.Алтынсаринның, В.В.Катаринскийдің, И.С.Михеевтің 
оқулықтары шыға бастайды. Ыбырай Алтынсарин ана тілінің ерекшеліктері 
ескерілмей жазылған оқулықтың пайдасы болмайтынын түсініп, 
«Қырғыздарды (қазақтарды) орыс тіліне оқытудың бастапқы әдістері 
(руководство)», «Қырғыз хрестоматиясын», К.Д.Ушинскийдің «Детский мир», 
«Родное слова» үлгілерімен қазақ балаларына арнап жазған еңбектерін 
шығарды [5]. Алтынсарин «Хрестоматияны» жазуда: «Татар-араб-парсы 
мұсылмандық діни кітаптар оқушының ойын шатастырады, ал оқушыға өз 
тілінде түсінікті, ойын дәл беретін оқулық керек», – дейді [6]. Ол өзінің білім 


54 
беру жүйесіне сөйлесу барысында белгілі бір жаңа сөздерді, олардың 
формаларын игертетін және орыс тілінде дұрыс сөйлеуге үйрететін әдіс-
тәсілдерін ендірді. Сөйтіп ол оқушылардың сөйлеу тіліне көп көніл бөлді. 
Алтынсарин сонымен бірге сөздік жұмысына көп мән берген. Оқушылардың 
күнделікті пайдаланатын сөзін тақырыптық принциппен енгізіп отыру керек 
деп санаған. 
Алтынсарин аудармаға байланысты жаттығуларға көп көңіл бөлген. 
Оқушылар оңай түсінуі үшін сөздің жалғауларын үлкен әріппен, ол сөздің өзін 
(түбірін) кіші әріппен көрсетіп отырған. 
Орыс тілін оқытуда Ы.Алтынсарин 3 кезеңге бөлген: 
І дайындық кезеңі. Бұл кезеңде сөздікпен жұмыс жүргізіледі. Оқушылар 
сөйлеуге қажетті сөз қорын жинайды. 
ІІ кезең – әліппемен жұмыс және оқу мен жазуға үйрету. 
ІІІ кезең – оқулық бойынша оқу, жазу, сөйлеу жұмыстарын жүргізу, яғни 
бұл әліппеден кейінгі жұмыс. 
Алтынсарин жүйесінде оңайдан қиынға принципі сақталған. Оқыту 
барысында орыс тілі мен қазақ тілінің ерекшеліктері ескерілген. Білім беруде 
сонымен бірге оқушылардың жас ерекшеліктері мен өзіндік ерекшеліктері 
ескерілген. Алтынсаринның әдістемелік ұсыныстары бүгінгі күнге дейін өз 
құндылығын жоғалтқан жоқ. 
Қазақ халқының белгілі жазушысы, қоғам қайраткері М.О.Әуезов 
жастарды орыс тілін оқып білуге шақырып отырған. 1928 жылы М.Әуезов 
Д.Искаковпен бірлесе отырып орысша әліппе және «Жаңа ауыл» («Новый аул») 
деген оқу құралын шығарды [7]. 
«Жаңа ауыл» 2 бөлімнен тұрады: 1 – орыс әліппесі. Бұл жерде орыс сөздері 
қазақ балаларына оңай дыбыстардан басталып, бірте-бірте қиын дыбыстар (в, 
ф, ц) ендірілген. Әліппенің әр бөлімі жаңа дыбыстан (әріптен) басталып, жеке 
сөздер не сөз тізбегімен алынған мысалдар берілген. Оқулықта кездесетін көп 
мәтіндер жазба жұмыстарында да (диктант, мазмұндама) пайдалануға 
болатындай етіп құрастырылған. Өтілген жаңа сөздер кейінгі сабақтарда да 
қайталанып отырған. 
«Жаңа ауылдың» 2-бөлімі – «Хрестоматия». Бұл жерде сол заманның 
айнала қызу өмірін бейнелейтін мәтіндер ендірілген. Олар: «Бейсембай ата», 
«Хат», «Ауыл көктемі», «Кооператив», «Диірмен», т.б. Оқушыларға мәтін 
мазмұны бойынша сурет салу ұсынылады, түрлі жаттығулар орындалады. 
М.Әуезов ауыл өмірін жақсы білген. Сондықтан ол оқушыларды үйрететін, 
ойландыратын тәрбиелік маңызы зор ауыл өмірінен қырыққа жуық мәтіндер 
ендірген. Олар: «Жұт неден болады?», «Текемет басу», «Қойды қырқу», 
«Ірімшік қалай жасалады?», «Мал сою», «Жүн түту», т.б. Оңайдан қиынға 
принципі негізінде жазылған бұл алғашқы оқулықтың оқушының орыс тілін өз 
ортасынан алынған материалдар негізінде дамытуға септігі мол болды. 
Ұлы дала ағартушылары өз заманында жастарды орыс тілін оқып білуге 
шақырып қана қоймай, осындай еңбектерімен орыс тілін қазақ балаларына 
оқыту әдістемесінің бастапқы ережелерін жазып көрсеткен еді.


55 
Қазақ мектебінде орыс тілін оқыту әдістемесін Ыбырай Алтынсариннан 
кейін бүгінгі күні ғылыми-әдістемелік, педагогикалық зерттеулер жүргізгендер 
Е.Н.Ривлина, А.Н.Канцев, Е.А.Ерохина, Д.Т.Тұрсынов, Х.А.Бекмұхамедова, 
Г.Ф.Гуревич, Р.С.Сверчкова, Ы.Маманов, Ф.Оразбаева, т.б. болды. 
Негізгі талап – оқу мен тәрбие жұмысын бірлікте қарау, оқу бағдарла-
малары мен оқулықтарын, оқытудың формалары мен әдістемесін жетілдіру, 
жаңа технологияларды пайдалану арқылы оқу үрдісін оптимизациялау. 
Бүгін жалпы мұғалімдер қауымының алдында тұрған мақсат – бәсекеге 
қабілетті тұлғаны қалыптастыру үшін неге оқыту керек және қалай оқыту керек 
деген мәселені шешуде дамыта оқыту технологиясын, жаңа технологиялар мен 
оқу-тәрбие үдерісін кешенді қарастыру арқылы табысқа жету. Бұл мақсатқа 
жетуде педагог жоғары кәсіби деңгейде болып, оқушыға құндылық ретінде 
қарап, мәдени-ақпараттық және пәндік-дамытушылық білім ортасын байыту. 
Сол арқылы өз интеллектуалды әлеуетін жоғары мақсатты әрекеттерге еркін 
жұмсай алатын бәсекеге қабілетті тұлға дайындау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   301




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет