182
125б.] Сонымен қатар, Хәрридің досы Ронның отбасы, құрбысы Хәрмиона,
алып қорықшы Хәгрид және де тағы басқа кейіпкерлердің сондай шынайы
болуы, Хогвартс сияқты мектептің расымен де болуы мүмкін екендігін бізге
жақындата түседі. Өйткені, оқырман олар жайлы бәрін біледі: не ішеді,
қайда
ұйықтайды(тіпті қандай түстер көріп жүр), нені ұнатады, кімде ойы бар, сіз
бірнәрсе айтсаңыз ол қалай жауап береді т.с.с. Мұндайды эпикалық образдарға
жатқызамыз.
– Бұл сыпыртқымен ұшуға болмайды! – деді Хәрмиона дауысын
көтеріп .Хәрри мен Рон түк түсінбей қарап қалды: - Сонда не істеу керек?
Жер сыпыру керек пе? Хәрмиона жауап берем дегенше, Симустың төсегінде
отырған Қылғыт Ронның кеудесіне бір-ақ қарғыды
. [4, 226б.] Бұл эпикалық-
фантастикалық романның 80 тілге аударылып, феноменге айналуының да басты
құпиясы, осы қайталанбас образдарында. Кітап
аяқталғанда достарыңмен
қоштасқандай күй кешіп, Хогвартсты кәдімгідей қимай қаласың.
Тақырыптың аударылуынан бастап, бөлім атауларына дейін өте
ұқыптылықпен тәржімаланған. Мәселен, «Інге» оралу», «Қара таңба», «Ең ауыр
қарғыстар», «Үй тірлігін атқаратын эльфтерді азат ету майданы», «Нартуған
балы», «Шындықсу» т.б.
Автордың хоррор(қорқыныш ұялататын) жанрын араластыруы, оқырманды
одан сайын кітаптан бас алмай ынтыға оқуға мәжбүрлейді:
Үңгірге ұқсап қаңырап қалған асүйге кірді. Мұнда кірмегелі көп болған еді,
дегенмен холға апаратын есік қай тұста екенін есіне түсірді де, қараңғыда
түртініктеп солай қарай жүрді. Мұрнына шірік иісі келді, жоғарыдан дауыс
естілген сияқты, біреу жүрген тәрізді. [5, 17б.]
Өзін үшінші жаққа қойып сөйлейтін эльфтерден басқа – Лорд Волдеморт. Оның
репликаларынан-ақ айбаты мен сұсы көрініп тұрады. Аудармашы мұны жақсы
түсініп, түнек лордына тән сарказмның ең қою бояуын жақсы берген.
- Әйелің
жоқ, - деді суық дауыстың иесі. – Мұнда екеніңді ешкім білмейді. Осында
барамын деп ешкімге айтқан жоқсың. Магл, Лорд Волдемортты алдаймын
деп ойлама, ол бәрін біледі...бәрін... [5, 23б.]
- Шымшық торттар! – деп бәріне жар салды қуанған Фред. – Оны Жорж
екеуміз ойлап таптық, әрқайсысы алты сиқылдан, кімге керек? [5, 295б.]
Ағылшын тіліндегі жеті санын неге алты деп бергенін түсінбедік. Оған қоса тек
сиқыршыларға тән ақша валютасын транскрипция әдісі арқылы көрсеткен.
- Егер дәл осындайды сексен рет айтпаса, расында да ойланар едім, -
деді Хәрри бәрі профессор Трелонидің сыныбынан қайта таза ауаға шыққанда.
– Өледі деген сайын шынымен өліп тұрсам, мен баяғыда-ақ мың өліп, мың
тірілген медициналық ғажайыпқа айналып кетер едім. [5, 300б.]
«Медициналық ғажайып» сөздерін тура аударылса да сөйлемде бөтенсіп тұр.
Сафир Мориц –Готлиб бір сөзінде: «аударма деген әйел сияқты адал болса
(тура аударылса дегені ғой)
әдемі емес, ал әдемілері адал емес» деген екен.
Тура сол жағдай мұнда орын алып тұр.
Жеткіншек шақта бүлдіршін қыз бой жетіп, ұлдар ер жетеді. Дене
бітімдерінің өзгеруіне байланысты, көбісі өз тәндерінен ұялшақтауды
183
шығарады. Роулиң бүршік жаратын осындай адам ғұмырының көктем уағын
Нартуған балымен тартымды көрсеткен.
- Билеу керек, - деді профессор Макгонагал ыза болып. – Айттым, бітті.
Дәстүр бойынша балды чемпиондар жұбымен бірге билеп ашады.
Хәрри кенет өзін цилиндр мен фрак киіп, қасында Вернон жезденің
жұмысындағы салтанатты кештерге Петуния апай киетін сәнді көйлегі бар
қызбен келе жатқанын елестетті. [5, 312б.]
Хәрри де
өзге жасөспірімдер
сияқты қызбен билеуді азап көреді.
- Сен танауыңның астындағы көрмейтін соқырға айналдың, - деді Дамблдор
даусын көтеріп, министрден мысы басым екенін бәрі айқын сезді. – Корнелиус,
мансапқұмарлықтан көзіңді шел басыпты! Сен үнемі қан тазалығы деген
далбаса пікірге иланып, ерекше мән беріп келдің! Адам кімнен туғаны емес,
қандай болып өскені маңызды екенін мойындауың керек! [5, 570 б.]
«
Танауыңның астындағы», «мысы басым», «мансапқұмарлықтан көзіңді шел
басыпты», «далбаса пікір» деген түсініктер ағылшын тілінде жоқ. Аудармашы
екі тілді де жетік меңгеруі мен егер Роулиң қазақ болса осылай айтар еді деген
болжамының
арқасында әшейінде жайбарақат, жайсаң мінезді Дамблдордың
қатты ашулы екенін көрсеткен.
Хәгридтің сөйленісінен бөлек, Флер Делакурдің француз тілді адамның
ағылшын тіліне беретін акцентін, аудармашы асқан данышпандықпен орыс
тілді қазақтың қолапайсыз сөздері сияқты етіп жіберген:
- Биз тағы корисемиз, - деді Флер Хәрридің қасына келіп, қолын созып. –
Осында жумысқа туғсам дейм, ағылшин тилин жағсағту ушин... [5, 583 б.]
Сонымен қатар, француз тілінің де ерекшелігін қосып берген.
Сонымен қатар, Ж.К.Роулиңнің жанрының
әралуан болуымен қатар
жеңіл оқылуына себеп болуы ағылшындарға тән кекесін, баланың жас
ерекшелігіне сай комедиялық репликалардың көп кездесуі. Юмордағы күлкі –
әзіл, ал әзіл келемежге айналса – ирония, келемеж ащы мысқылға айналып, сын
үдей түссе – сарказм болғаны. Осындай, кітапты тартымды етумен
анйалысатын кейіпкерлер – егіз Уизлилер, және олармен үнемі бірге жүретін
Ли Жордан, Уизли отбасының тағы бір ұлы, Хәрридің жан серігі Рон.
«- Жаңа ештеңе үйренбейміз бе? – деді Захарис Смит бөлменің арғы
басынан. – Оны білгенде келмей-ақ қояр едім.
- Туһ, Хәрридің саған ескертпегеніне бәріміз ренжіп тұрмыз, - деді Фред.
Оқушылар күлді. Хәрри Чоудың да мырс еткенін байқағанда жүрегі
дүрсілдеді ,баспалдақта келе жатып шалынып қалғандай іші солқ ете түсті».
[6, 400 б.] Ағайынды егіздерге жететін қылжақбастар жоқ шығар.
Аудармашылардың Фред пен Жорждың мысқылдары мен мазақ сөздерін
қазақшаға дөп түсіп тәржімалауы орнымыздан
тұрып қол шапалақтауға
тұрарлық еңбек.
«ХП мен Феникс алқасы» бөлімдердің ішіндегі ең көлемдісі, әрі мазмұн
мен пішін жағынан да ең ауыры. Мұнда бас кейіпкерлер балалығымен қош
айтысқан, психологиялық иірімдері жаңа толқынға көтерілген, жеке тұлға
184
болып қалыптасу алдындағы жасөспірімге айналады. Оқырманның жасы
жетпеген жағдайда, көп нәрсені түсінбеуі мүмкін:
- Сүйістіңдер ме? – деді Хәрмиона бастырмалатып.
Рон түрегеліп отырам деп қорбағанда сиясын төгіп алғанына да мән бермей,
Хәрридің аузына кіріп кетердей қарады.
- Айтсаңдаршы!
Хәрри оның білмей қоймайтыны жазылып тұрған көзіне бір қарады да,
салмақты отырған Хәрмиона қарап бас изеді.
-ХА! [6, 403б.]
Достарыңызбен бөлісу: