Сборник нормативных и инструктивных документов для использования в работе профсоюзных органов Астана-2015


Кәсіподақ жиналыстарының, конференциялардың және кәсіподақ комитеті мәжілістерінің материалдарын ресімдеу



бет35/85
Дата12.10.2020
өлшемі2,36 Mb.
#68187
түріСборник
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   85
7.Кәсіподақ жиналыстарының, конференциялардың және кәсіподақ комитеті мәжілістерінің материалдарын ресімдеу
7.1. Есеп беру-сайлау кәсіподақ Съезінің, Конференцияның, жиналыстың хаттамасы, Кәсіподақтың Атқарушы Комитетімен бекітілген кәсіподақ ұйымдарында есеп берулер мен сайлаулар өткізу туралы Нұсқаулыққа сәйкес ресімделеді.

7.2. Кәсіподақ органы мәжілістерінің хаттамаларын ресімдеу белгіленген форма бойынша жүзеге асырылады (5 Қосымша).

7.3.Кәсіподақ ұйымының сайланбалы алқалық органының қаулылары жеке құжат түрінде ресімделіп, хаттамаға тіркеледі (№ 6 қосымша).

7.4. Кәсіподақ комитетінің жиналысы немесе мәжілісінде талқылау барысында ескертулер айтылып, толықтырулар мен өзгерістер енгізілген Кәсіподақ ұйымының сайланбалы алқалық органы қаулыларының жобаларын, кәсіподақ комитетінің мүшелері үш күндік мерзімде немесе кәсіподақ комитетімен белгіленген мерзімде жете талқылап аяқтайды.

7.5. Кәсіподақ ұйымының сайланбалы алқалық атқару органының шұғыл мәселелер, сондай-ақ марапаттау, семинарлар бағдарламаларын бекіту және т.б. жөніндегі қаулылары Кәсіподақ ұйымының сайланбалы алқалық атқару органының мүшелері құжатқа бұрыштама қою жолымен, мәжілістерде талқыланбай қабылдануы мүмкін.

7.6. Қаулылар қабылдануға тиіс сұрақтар тізімі Кәсіподақ ұйымының сайланбалы алқалық органының шешімімен белгіленеді.

Кәсіподақ ұйымының сайланбалы алқалық органы (комитет, атқарушы комитет) мәжілістерінің арасында қабылданған қаулыларға хаттаманың кезекті реттік нөмірі беріледі. Мұндай жағдайда жеке хаттама ресімделмейді, ал қаулының түпнұсқалары мен олардың материалдары кезекті хаттамаға қосылады.

7.7. Кәсіподақ ұйымының сайланбалы алқалық органдары мәжілістерінің, жиналыстарының (конференцияларының) нөмірлері осы органдар өкілеттігі мерзімі ішінде жүргізіледі.

7.8. Жыл сайын Кәсіподақ ұйымының сайланбалы алқалық органы мәжілістерінің хаттамалары жеке іске қалыптастырылады, сондай-ақ Кәсіподақ ұйымының сайланбалы алқалық органының мәжілістері хаттамаларының реттік нөмірлері тиісті кәсіподақ органының өкілеттік мерзімі ішінде беріледі.

7.9. Кәсіподақ ұйымының сайланбалы алқалық органы мәжілістерінің хаттамаларына Кәсіподақ ұйымының қаржы-шаруашылық қызметі туралы (әр түрлі актілер, материалдық көмек туралы арыздар және басқа да ұқсас материалдар) қосымшалар енгізілмейді, қаулының көшірмесімен бірге іс номенклатурасына сәйкес Кәсіподақ ұйымының істерінде сақталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет