3. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс
3.1. Кәсіподақ ұйымына жеке және заңды тұлғалардың барлық өтініштері қабылданады және түскен күні есепке алынады.
Өтініштер (ұсыныстар, арыздар, шағымдар, пікірлер және сауалдар) жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштерді тіркейтін бөлек журналда есепке алынады (3 Қосымша).
Тұлғаларды жеке қабылдау кезінде кәсіподақ органдарының басшыларымен алынған жазбаша және ауызша өтініштер де жалпы құжаттардан бөлек орталықтандырылып тіркелуге тиіс.
3.2. Жеке тұлға өтініштерінің тіркеу нөмірі автор тегінің бастапқы әрпінен, есепке алу журналындағы реттік нөмірден және «ЖТ» әріптік индексінен тұрады.
Заңды тұлға өтініштерінің тіркеу нөмірі өтінішке қол қойған лауазымдық тұлға тегінің бастапқы әрпінен, есепке алу журналындағы реттік нөмірден және «ЗТ» әріптік индексінен тұрады.
Жасырын өтініштің тіркеу нөмірі «АБМ» әріптік индексінен және өтініштерді есепке алу журналындағы реттік нөмірден тұрады.
3.3. Күнтізбелік бір жыл ішінде өтініш қайталанып түскен жағдайда бастапқы өтініштің тіркеу нөмірі «екінші», «үшінші» және тағы солай көрсетіліп, есепке алу журналында алғашқы құжаттың нөмірі көрсетіледі. Қайталанған құжаттың бірінші парағының жоғарғы оң жақ бұрышында «Қайталанған» белгісі қойылады. Қайталанып түскен өтініштерге алдыңғы өтініштерді қарау материалдары қоса беріледі.
3.4. Бір тұлғаның бір мәселе бойынша бұрынғы өтініші бойынша қабылданған шешімге шағымданған, бұрын жіберілген өтінішінің уақытында қаралмағаны туралы хабарланған, егер ол келіп түскен уақытынан бастап белгіленген қарау мерзімі өтіп кеткен болса, бірақ өтініш беруші жауап алмаса, бұрынғы өтінішті қарау және шешу кезіндегі басқа кемшіліктер көрсетілсе, кемінде екі рет түскен өтініші қайталанған деп есептеледі.
3.5. Бір тұлғадан бір мәселе бойынша қарау мерзімі аяқталғанға дейін түскен өтініш алғашқы болып саналады. Бір тұлғадан әр түрлі мәселелер бойынша түскен хаттар қайталанған болып саналмайды.
3.6. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға жауапты тұлғалар:
1) өтінішті объективті, жан-жақты және уақытында қарауды қамтамасыз етеді;
2) өтінішті қарауға қажетті құжаттар мен материалдарды электрондық түрде де сұратады;
3) өтініш білдірушілердің бұзылған құқықтарын, еркіндіктері мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге және қорғауға бағытталған шараларды қабылдайды;
4) өтініште қойылған мәселелерге тікелей байланысты жазбаша жауап дайындайды.
3.7. Кәсіподақ органдарының басшылары ұсыныстарды, арыздар мен шағымдарды қарау кезінде:
- олардың мәнін мұқият талқылауға, қажет болған жағдайда керекті құжаттарды талап етуге, қызметкерлерді тексеру үшін жергілікті орындарға жіберуге, мәселені объективті шешу үшін басқа да шаралар қабылдауға;
- өтініштер бойынша негізделген шешімдер қабылдауға, осы шешімдердің уақытында және дұрыс орындалуын қадағалауды қамтамасыз етуге;
- азаматтарға, ережедегідей, олардың өтініштері бойынша қажетті негіздемелерді көрсете отырып қабылданған шешімдер туралы жазбаша түрде хабарлауға, қажет болған жағдайда шағым жасау тәртібін түсіндіруге міндетті.
3.8. Азаматтардың қолдары қойылмаған және тектері көрсетілмеген, олардың мекен-жайлары, жұмыс немесе оқу орындары туралы деректер жоқ өтініштер жасырын болып саналады. Кіріс хат-хабарлар журналында «қол қойылмаған» деп жазылып, аумағы мөр бойынша көрсетіледі. Жасырын хаттар әдетте қаралмайды.
3.9. Азаматтардың ұсыныстары, арыздары мен шағымдары төмендегідей мерзімдерде қаралады:
- басқа ұйымдар мен мекемелерге жіберілетіндер – 5 күн ішінде;
- ақпарат пен кеңес беруді қажет ететіндер – 15 күнге дейін;
- тексеруді, зерттеуді және шаралар қабылдауды қажет ететіндер – 1 айға дейін.
3.10. Өтінішті немесе арызды шешу үшін қосымша зерттеу қажет болған жағдайда, оларды қарау мерзімін кәсіподақ ұйымының басшысы ерекшелік тәртібінде 1 айдан аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін және бұл туралы арыз немесе шағым түсірген тұлғаға хабарлайды.
3.11. Арыздар мен шағымдарды жергілікті орындарға барып қарау қажет болған жағдайларда, сондай-ақ арызданушылардың қалауы бойынша олардың қатысуымен жүргізіледі.
3.12. Жергілікті орындарға барып қарауға бағытталған және бақылауға алынған өтініштерге өтініштерді есепке алу журналында «Б» бақылау белгісі қойылады. Аралық жауап берілген ұсыныстар, арыздар мен шағымдар бақылаудан алынбайды.
3.13. Бақылау тек ұсыныстарды, арыздар мен шағымдарды шешу жөнінде толық қамтылған шаралар қабылданып және шешімдер шығарылғаннан кейін аяқталады. Өтініштерді бақылаудан алып тастау туралы шешімді кәсіподақ ұйымының басшысы қабылдайды. Ұсыныстар, арыздар мен шағымдар, егер оларда көрсетілген барлық мәселелер қаралып, қажетті шаралар қабылданып және түпкілікті жауаптар берілген жағдайда шешілген болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |