Сборник нормативных и инструктивных документов для использования в работе профсоюзных органов Астана-2015


«Қазақстандық салалық білім және ғылым



бет2/85
Дата12.10.2020
өлшемі2,36 Mb.
#68187
түріСборник
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85
«Қазақстандық салалық білім және ғылым

қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің

бастауыш ұйымы туралы

ЕРЕЖЕ
1 бап. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР


    1. «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің бастауыш ұйымы туралы Ереже ҚР «Кәсіптік одақтар туралы» Заңының 15 б. 2 т. және «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ Жарғысына сәйкес әзірленген.

    2. Бастауыш ұйым – нақты ұйымда және осы ұйымның қызметкерлері болып табылатын кәсіподақ мүшелерінен тұратын кәсіподақтың құрылымдық бөлімшесі.

Бастауыш кәсіподақ ұйымы Кәсіподақтың және оның тиісті аумақтық ұйымының құрылымдық бөлімшесі болып есптеледі.

    1. Бастауыш кәсіподақ ұйымы жиналыста (конференцияда) білім және ғылым мекемесінің қызметкерлерімен және (немесе) білімгерлерімен, кемінде үш кәсіподақ мүшесі болғанда құрылады.

    2. Кәсіптік білім беру ұйымдарында қызметкерлер мен білімгерлерді біртұтас (біріккен) ұйымдары құрылуы немесе қызметкерлер мен білімгерлерді жеке дара біріктіретін дербес бастауыш ұйымдары құрулы мүмкін.

    3. Бастауыш кәсіподақ ұйымы Кәсіподақ Жарғысы, кәсіподақтың мүшелік ұйымының Жарғысы, осы Ереже, кәсіподақтың өзге де құқықтық актілері негізінде әрекет етеді, өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңдылығын, Кәсіподақтың және ның тиісті аумақтық ұйымдарының басшы органдарының шешімдерін басшылыққа алады.

    4. Бастауыш кәсіподақ ұйымы өз қызметінде мемлекеттік билік органдарынан, жұмыс берушілерден және бірлестіктерінен, саяси партиялар мен басқа да қоғамдық ұйымдардан тәуелсіз, оларға есеп бермейді және бағынышты емес. Олармен қарым-қатынасты өзара әлеуметтік әріптестік, серіктестік пен диалог негізінде құрады.

    5. Бастауыш кәсіподақ ұйымының тұрақты жұмыс жасайтын сайланбалы басқару органының шешімі бойынша бастауыш ұйымның ішінде кәсіподақ топтары құрылуы мүмкін.

    6. Білім беру және ғылым жүйесінің бір ұйымында біреуден артық бастауыш ұйымы құрыла алмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет