Сборник нормативных и инструктивных документов для использования в работе профсоюзных органов Астана-2015


БАСТАУЫШ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ



бет4/85
Дата12.10.2020
өлшемі2,36 Mb.
#68187
түріСборник
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85
3. БАСТАУЫШ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
3.1. Кәсіподақтың бастауыш ұйымының құқықтары:

3.1.1. кәсіподаққа қабылдауды және одан шығаруды жүзеге асырады;

3.1.2. жоғары тұрған тиісті кәсіподақ органдарына өз өкілдерін жолдауға, оларды кері шақыруға және алмастырады;

3.1.3. жоғары тұрған тиісті кәсіподақ органдарының қарауына ұсыныстар мен құжаттар жобаларын енгізуге, олардың қаралу нәтижелері бойынша ақпарат алады;

3.1.4. кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қорғау туралы жоғары тұрған кәсіпода органдарына ұсыныстармен қайырылады;

3.1.5. ұжымдық келіссөздер жүргізуде, ұжымдық шарттар жасау мен өзгертуде, оның орындалуына бақылау жүргізуде қызметкерлердің мүддесін танытады;

3.1.6. Кәсіподақтың тиісті аумақтық ұйымының қызметіне, оның ішінде салалық аймақтық келісімдерді, өзге келісімдерді әзірлеу мен жасауға, ұсыныстар енгізеді және атсалысады;

3.1.7. Кәсіподақтың тиісті аумақтық ұйымының жетекшілеріне үміткерлер бойынша ұсыныстар жасайды;

3.1.8. заңдылықпен және кәсіподақ құжаттарымен көзделген тәртіппен кәсіподақ мүлігін пайдаланады;

3.1.9. Кәсіподақтың тиісті аумақтық ұйымдарының мүмкіндіктерін кәсіподақ кадрлары мен белсенділерін оқытуға пайдаланып, өз қызметіне қажетті ақпарат алады және таратады;

3.1.10. Кәсіподақтың тиісті аумақтық ұйымына бұқаралық акциялар, оның ішінде митингтер, шерулер, демонстрациялар мен пикеттер ұйымдастыру, сондай-ақ Кәсіподақтың бастауыш ұйымымен өткізілетін ұжымдық әрекеттерге қолдау көрсету туралы ұсыныстармен шығады;

3.1.11. Кәсіподақтың тиісті аумақтық ұйымына өз қызметін жүзеге асыруға қажетті ақпарат, кеңестер, көмек пен қолдау алу үшін қайырылады;

3.1.12. жоғары тұрған кәсіподақ органдарына кәсіподақ мүшелерін марапаттау, мадақтау туралы ұсыныстар енгізеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет