5.21. Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы:
Бастауыш кәсіподақ ұйымының ағымдағы жұмысына жетекшілік ету үшін сайланбалы дербес атқарушы орган болып табылатын бастауыш кәсіподақ ұйымының Төрағасы сайланады.
Бастауыш ұйым Төрағасының өкілеттік мерзімі – Кәсіподақтағы бес жылдық есеп беру-сайлау циклінің аясында бес жыл.
Бастауыш ұйым төрағасы лауазымы бойынша Комитет құрамына кіреді.
5.22. Төрағаның жалпы құзыреті мен өкілеті:
5.22.1. Комитет жұмысының ұйымдастырады және оның отырыстарын жүргізеді;
5.22.2. Жиналыс (конференция), Комитет пен жоғары тұрған кәсіподақ органдары шешімдеріің орындалуын ұйымдастырады, орындалуы үшін жеке жауапкершілікте болады;
5.22.3. жұмыс беруші алдында бастауыш кәсіподақ ұйымының мүддесін танытады;
5.22.4. бастауыш кәсіподақ ұйымының атынан өтініштер мен сұраныстар жолдайды;
5.22.5. кәсіподақтық мүшелік жарналардың жиналуына, сондай-ақ тиісті кәсіподақ ұйымына мезгілінде әрі толыққанды аударылуына бақылау жүргізеді және Кәсіподақ Жарғысының жоғары тұрған кәсіподақ органдарына кәсіподақ жарналарын аударылуына қатысты ережелерінің орындалуына жауапты болады;
5.22.6. өз құзыретінің шегінде мүліктерге, оның ішінде бастауыш ұйым басқаруындағы қаржы-қаражаттарға иелік етеді, оның ұтымды жұмсалуына жауапты болады;
5.22.7. кәсіподақ мүшелерінің есебін ұйымдастырады;
5.22.8. жоғары тұрған кәсіподақ органдарына статистикалық және қаржылық есептіліктер тапсырады;
5.22.9. өзге де, оның ішінде сайланбалы алқалы органдармен берілген құзыреттерді жүзеге асырады;
5.22.10. бастауыш кәсіподақ ұйымы құжаттарының есебін ұйымдастырады және сақталуын қамтамасыз етеді, іс номенклатурасына сай олардың мұрағаттық сақтауға тапсырылуын жүргізеді.
5.23. Бастауыш ұйым Төрағасы болмаған уақытта оның қызметін Комитет шешімі негізінде кәсіподақ Комитеті мүшелерінің бірі атқарады.
5.24. Бастауыш кәсіподақ ұйымы Төрағасының, заңдылықпен көзделген негіздер бойынша (өз бастамасы болғаннан өзге жағдайда), сондай-ақ оның Кәсіподақ Жарғысын, Кәсіподақтың аумақтық ұйымының Жарғысын, Бастауыш ұйым туралы Ережені бұзғаны, Кәсіподақтан шығарылуы, сайланбалы алқалы кәсіподақ органдарының шешімдерін орындамағаны үшін, өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату, Комитеттің өз бастамасы бойынша, Комитет мүшелерінің кемінде үштен бірінің немесе жоғары тұрған кәсіподақ органының талабы бойынша шақырылған кезектен тыс Жиналысында (Конференцияда) қабылданады.
5.25. Бастауыш кәсіподақ ұйым Төрағасының өкілеттігін өз бастамасы бойынша мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешімді Комитет қабылдайды.
Бұл жағдайда бастауыш ұйым Төрағасының міндетін орындау алты айға дейін Комитет мүшелерінің біріне жүктеледі.
Шығып қалған төрағаның орнына Төраға сайлау Кәсіподақ Жарғысымен, Кәсіподақтың аумақтық ұйымының Жарғысымен көзделген тәртіппен алты ай мерзім ішінде жүргізіледі. Мұндай тәртіппен сайланған Төраға аталған лауазымда Комитеттің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін болады.
Достарыңызбен бөлісу: |