6. КӘСІПОДАҚТАҒЫ БАҚЫЛАУ-ТЕКСЕРУ ОРГАНДАРЫ
6.1. Бастауыш кәсіподақ ұйымының қаржы-шаруашылық қызметіне, кәсіподақтық мүшелік жарналардың мөлшері, төлем тәртібі мен мерзімі, есептелуі мен түсуіне, кәсіподақ қаржысы мен мүлігінің сақталуы мен мақсатты жұмсалуына, іс қағаздарының жүргізуліне бақылау жүргізу үшін бастауыш ұйымның бақылау-тексеру комиссиясы құрылады.
6.2. Бақылау-тексеру комиссиясы Кәсіподақтың біртұтас бақылау-тексеру қызметінің органы болып табылады, кәсіподақ жиналысы (конференциясы) мен жоғары тұрған кәсіподақ ұйымдарының сайланбалы органдары алдында есепті болады. Өз қызметін Кәсіподақ Жарғысына, Кәсіподақтың аумақтық ұйымының Жарғысына және Кәсіподақтың бақыолау-тексеру органдары туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
6.3. Бастауыш ұйымның Бақылау-тексеру комиссиясы бастауыш кәсіподақ ұйымының есеп беру-сайлау жиналысында (конференцияда) Комитеттің өкілеттік мерзіміне сәйкес мерзімге сайланады.
6.4. Бастауыш ұйымның Бақылау-тексеру комиссиясының төрағасы өз отырысында сайланады
6.5. Бастауыш ұйымның Бақылау-тексеру комиссиясының төрағасы Комитет жұмысына кеңесші дауыс беру құқығымен қатысады.
Достарыңызбен бөлісу: |