7.4. Мүлікті иемдену, пайдалану және иелік ету.
7.4.1. Бастауыш кәсіподақ ұйымы жарғылық мақсаттар мен міндеттерді орындауға, кәсіподақ ұйымы мен кәсіподақ мүшелерінің мүддесіне қажетті мүліктерді, оның ішінде қаржы-қаражатарды, пайдаланады және иелік етеді.
7.4.2. Бастауыш кәсіподақ ұйымы жоғары тұрған кәсіподақ органдарының шешімдеріне сәйкес қаржылық міндеттемелерді орындаудан кейінгі қалған қаржы-қаражатқа иелік етеді.
7.4.3. Қаржы-қаражат бастауыш ұйымның Комитеті бекітетін семтанегізінде жұмсалады.
7.4.4. Кәсіподақта кәсіподақтық мүшелік жарна қызметкердің бір айға есептелген еңбек ақысы және еңбек міндеттерімен байланысты өзге де табыстарының 1 пайызы, білімгерлерге тағайындалған шәкіртақының 1 пайызы, жұмыс істемейтін зейнеткердің зейнетақсының 0.5 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
7.4.5. Кәсіподақтық мүшелік жарналар қолма-қол емес нысанда аударылады. Қызметкерлердің еңбек ақысынан (білімгерлердің шәкіртақсынан) мүшелік жарналарды жұмыс беруші, кәсіподақ мүшелерінің ұжымдық шартқа, келісімге сәйкес жазбаша өтініштері болған жағдайда, тегін аударады.
Мүшелік жарнаны қолма-қол төлеу тек жарнаны дәлелді себептерге байланысты аудару мүмкін болмаған жағдайда ғана пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: |