Ескертпе: марапатталушының тегі, аты, әкесінің аты жеке куәлік бойынша толтырылады және міндетті түрде қазақ және орыс тілдеріндегі транскрипциясы көрсетіледі.
***
Қазақстандық салалық білім және ғылым
қызметкерлерінің кәсіподағы Атқару комитетінің
2014 жылғы 14-қарашадағы № 1 7-т.
қаулысымен бекітілді
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің
кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің
«Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына
айрықша сіңірген еңбегі үшін» Белгісі туралы
ЕРЕЖЕ
1.Жалпы ережелер
«Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына айрықша сіңірген еңбегі үшін» белгісі саладағы кәсіподақ белсенділерін, кәсіподақ қызметкерлерін көтермелеу үшін Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Кеңесімен тағайындалады.
Белгі диаметрі 30 мм болатын шеңбер, көлденеңінен 25 мм, тігінен 15 мм мөлшердегі таған нысанында болады. Металы - ақ түсті (күміс түстес) қорытпа. Белгі ернеумен жиектелген. Белгінің бет жағында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының эмблемасы оң жағындағы лавр бұтағының жиегінде орналасқан. Эмблеманың айналасында шеңбер бойынша «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына айрықша сіңірген еңбегі үшін» деген сөздер жазылған. Белгінің сыртқы жағында «Қазақстан Республикасы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы» деген жазу орналасқан.
Белгі құлақша мен шығыршық арқылы көгілдір түсті (Қазақстан Республикасының туы түстес) жібек қатқыл лентамен тікбұрышты тағанға жалғанады. Тағанның сыртқы жағында түйреуіш бекіткіші болады. Белгіге қоса куәлік беріледі. Белгі кеуденің оң жағына тағылады.
Достарыңызбен бөлісу: |