Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына айрықша сіңірген еңбегі үшін» Белгісімен марапаттау
2.1. Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына айрықша сіңірген еңбегі үшін» Белгісімен кәсіподақ органдарының сайланбалы лауазымдарына сайланған босатылған кәсіподақ қызметкерлері, Қазақстандағы салалық кәсіподақ қозғалысын дамыту мен нығайту ісіне елеулі үлес және кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық және еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғауға жеке үлес қосқан кәсіподақ аппаратының қызметкерлері, кәсіподақ белсенділері марапатталады.
2.2. «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына айрықша сіңірген еңбегі үшін» Белгісімен марапаттауға кәсіподақта кемінде 20 жыл жұмыс жасаған және бұрын салалық кәсіподақтың «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» белгісімен марапатталған кәсіподақ қызметкерлері мен кәсіподақ белсенділері ұсынылады.
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына айрықша сіңірген еңбегі үшін» Белгісімен марапаттауға материалдарды ұсыну тәртібі
3.1. «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына айрықша сіңірген еңбегі үшін» Белгісін беру туралы шешімді облыстық, аумақтық, Астана, Алматы қалалары кәсіподақ ұйымының атқарушы органының ұсынысы бойынша Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Атқару комитеті қабылдайды.
3.2. Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына айрықша сіңірген еңбегі үшін» Белгісімен марапаттауға өтініш білдірген кезде, Атқару комитетіне төмендегі құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады:
- марапатталушының тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, кәсіподақ органындағы жұмысы, жұмыс жасайтын ұйымының толық атауын көрсете отырып, қызметкерді марапаттауға ұсыну негіздері көрсетілген кәсіподақ органының шешімінен көшірме.
Қаулыға облыстық, аумақтық, Астана, Алматы қалалары кәсіподақ ұйымының басшысы қол қойып, мөрмен бекітіледі;
- марапаттауға ұсынушы жұмыс жасайтын кәсіподақ ұйымы органының қолымен және мөрімен куәландырылған награда қағазы (№1 қосымша).
3.3. Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына айрықша сіңірген еңбегі үшін» Белгісімен марапаттау үшін материалдар айрықша мәнді және мерейтой күндеріне дейін кемінде бір ай бұрын ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: |