Сборник республиканских Педагогических чтений для педагогов в сфере дошкольного образования


 жылы Торғай қаласында Ыбырай Алтынсарин ашқан тұңғыш



Pdf көрінісі
бет44/50
Дата06.12.2022
өлшемі3,05 Mb.
#161640
түріСборник
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   50
Байланысты:
Sbornik 241221
саусақ жаттығулары, Қимылды ойындар 1 кіші топ
1864 жылы Торғай қаласында Ыбырай Алтынсарин ашқан тұңғыш 
мектеп 
Ыбырай Алтинсарин шәкірттерімен бірге 
 
Ыбырай Алтынсарин орыс-қазақ мектептері үшін арнаулы оқу 
құралдарын шығару қажет деп санады. Оқыту әдістерін жаңа бағытта құрды, 
оқуға деген баланың ынтасы мен қызығушылығын арттыруды көздеді, оқуды 
ана тілінде жүрізді. 
Қазақ балаларының таным-түсінігіне лайықты оқу-әдістемелік құралдар 
жазды. 1879 жылы оның «Қазақ хрестоматиясы» атты оқулығы және оқыту 
әдістемесі жөнінде «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» 
жарық көрді. Бұл екі кітап та қазақ балаларын кириллица негізінде оқытуға 
арналған тұңғыш оқу құралдары болды. 


82 
1879 жыл 
 
Ыбырай Алтынсарин – жаңа дәуірдегі қазақ әдебиетінің қалыптасуына 
қомақты үлес қосты. Ол қазақ жастарын, ең алдымен, оқу, өнер-білім, техника 
тілін білуге шақырды. Өнер-білімі жетілген елдердің артықшылығы қандай, 
олар сол өнермен нені игеріп отыр, ертеңгі өмірдің талап-тілектері не секілді 
күрделі мәселелерді жастар алдына көлденең тарту арқылы оларға ой тастап, 
өнер-білімді батыл игеруге шақырды. 
«Қел, балалар, оқылық!», «Өнер-білім бар жұрттар» деген өлеңдерінде 
жастарды білім алуға үгіттеп, халықты сол кездегі ғылымның табыстарымен 
таныстырды, 
көркем 
сөзбен 
жазылған 
әңгімелерінде 
халықты 
отырықшылыққа егін, қолөнері кәсіптерімен шұғылдануға үгіттеді. 
Ыбырай Алтынсарин өлең арқылы жас балалардың оқуға, білімге, 
өнерге, еңбекке құштарлықтарын ашты. «Кел, балалар, оқылық!»- дей отырып 
әр баланы, әр ұрпақты мектепке шақырды.
Қазіргі таңда балабақшада тәрбиелеу мен оқытуда көрнекілік бейнелік 
есте сақтау және есту, суретін көру арқылы баланың есінде нақты қалады. 
Соның бірі –мнемотехника.
Мнемотехника – балалардың қоршаған орта, табиғат туралы білімін 
кеңейтуге, әңгіме барысын тиімді есте сақтауға, әңгімені айтып беруге және 
тіл дамытудағы іс-әрекеттерінің жүйесі. 
Мнемотехника – тіл дамытуда тиімді есте сақтау, оны дұрыс жеткізе 
білудегі әдіс пен тәсілдер жүйесі. Қазіргі кезде мектеп жасына дейінгі 
балалардың тілін дамытуда мнемотехниканы қолдану өзекті болып тұр. Бұл 
мақсатты іске асыру үшін баланың тілін мақсатты нәтижелі өтуге қолданатын 
тәсіл. 
Мнемотехника – оңай жолдың қиынына қарай құрылады. Мнемокесте 
қарапайымнан басталып, күрделене түседі.
Мнемошаршы, мнеможол, мнемокесте. 


83 
Осы әдіс-тәсілді өз тәжірибемде балаларға қолданамын. Өлең, тақпақ 
жаттауға өте қолайлы тәсілдердің бірі.
«Ұстаздық еткен жалықпас, 
Үйретуден балаға» - деп Абай атамыз айтпақшы, бүгінгі жас ұрпаққа 
қамқорлық жасап, оларды ізгілікке, адамгершілікке, отаншылдыққа
ұлтжандылық пен мемлекеттік тілге деген құрметке тәрбиелесең ғана еңбегің 
жемісті болмақ! Ертеңімізді бүгін ойлап, жас ұрпақты жан-жақты тәрбиелеу 
мен жеткілікті білім қорын беру әр ұстаздың міндеті екенін естен 
шығармайық. 
Әдебиеттер: 
1. Ы. Алтынсарин Таңдамалы шығармалары. –Алматы. Ғылым, 1994,-
288б. 
2. Ы. Алтынсарин Қазақ хрестоматиясы (Киргизская хрестоматия) . –
Алматы. Білім 2003, -112б. 
3.Ыбырай Алтынсарин тағылымы. Әдеби –сын мақалалар мен 
зерттеулер. М.Жармұхамедов –Алматы. Жазушы, 1991 -384б. 
4.Ы.Алтынсарин туралы мақалалар/// Аңыз адам. 2013 -№6-3-60б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет