5
нәтижесінде дәстүрлі бала тәрбиесінің басты құралы ретінде ұлттық ойынды
дамытып отырған.
Ыбырай Алтынсариннің педагогикасы негізінде қалыптасқан халықтық
педагогика мектепке дейінгі ұйымда кеңінен колданылуда.
Назарларыңызға ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрлер мен әдет
ғұрыптар, ұлттық ойындар, ұлттық тағамдар жиынтығынан құралған заманауи
тұрғыдағы «Даналық» үстел үсті ойын түрін ұсынып отырмыз.
Дәстүрлі
ұлттық
ойындарды,
халқымыздың
мәдени-рухани
құндылықтарын жас бүлдіршіндердің бойына сіңіру тәрбие мен білімнің
алғашқы ошағы мектепке дейінгі ұйымдарда беріледі.
«Даналық» үстел үсті ойыны баланың жетілуіне, адамгершілік
қасиеттерінің қалыптасуына ықпал етеді. Осы ойын арқылы өз халқының
тарихын, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, қонақжайлылығын айқын көруге
болады. Бұл ойынның тәртібін бұлжытпай орындау баланың ойын барысында
тәртіп сақтауы, баланы осы кезден бастап тәртіптікке, әділдікке,
жинақылыққа баулиды, адал, қайырымды, өжет болуға тәрбиелейді, ол атадан
балаға мұра болып жалғасып келе жатқан әдет-ғұрыптарымыздан құралған.
Бүгінгі күн талабы баланың ақыл-ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру,
өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойы жүйрік
етіп тәрбиелеу екендігін ұмытпау керек. Сондықтан да баланың танымын
алғашқы күннен бастап дамытудың, ойында оқыту мен тәрбиелеудің негізін
қалыптастырудың құралы – ойын әрекеті болып табылады, яғни ойын баланың
жетекші әрекеті. Бірақ ойын тек қана балаларды қызықтырып уақыт өткізудің
құралы болмай, балаға берілетін білім мен тәрбиенің құнды негізі болуы керек.
Бала тәрбиесінің басты құралы ретінде бұл ойын зеректілікті, ептілікті,
икемділікті қажет етеді. Ойын – тәрбие құралы, ойын барысында бала өзін
еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық танытады, ақыл-ойы дамиды, сөздік
қоры байытылады.
Достарыңызбен бөлісу: