12
жомарттық) қалыптасуына
әсерін тигізетінін, сондықтан әрбір ата-ана
еңбектің осындай жасампаздық қасиетін балаға кішкентайынан ұғындыра
білудің қажеттігін айтады.
Мәнерлеп оқу сайысы, жобалар жиынтығы,
драмалау әдістері мектеп
жасына дейінгі балаларды адал, шыншыл, еңбек сүйгіш, өнегелі, өнерлі азамат
болуға, зиянды іс-әрекеттен, ұрлық, жатып ішер жалқаулық сияқты жаман әдет
жат мінезден бойын аулақ ұстауға шақырады. Жалпы еңбекті қадірлеу
Ы.Алтынсариннің шығармаларының басты тақырыбы.
Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде Ы. Алтынсариннің идеяларын
жұмыс тәжірибесінде қолдану.
Ұлы ұстаздың қандай да шығармасын алсақ та баланың санасын оятып,
оларға үлгі-өнеге берерлік, болашағана жол сілтерлік,
оларды іс-әрекетке
үйретіп өмір танытарлық ой тастайды. Өнерге ұмтылу, Отанын, елін сүю,
талаптылық,
жігерлілік,
ізденімпаздық,
кішіпейілділік,
махаббат
қайырымдылық, адамгершілік, жинақылық және т. б. осылар тәрізді жақсы
мінез құлыққа тәрбиелеуге қажетті мәселелерді қамтиды.
Сонымен қатар, Ыбырайдың қазақ ауыз әдебиетінің шығармаларын да
мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мақсаттарына пайдаланамыз. Қазақ
халқының ауыз
әдебиетінен жеке ертегілерді, мысалы батырлар жырының
үлгісі «Қобыландыны» алсақ. Қобыланды батыр – халқы үшін ең қиыншылық
кезеңде тамаша ерлік көрсеткен жаудан елін қорғаған батыр. Бұл дастанда
балаларға, әсіресе, батырдың аты Тайбурылдың шабысы қатты ұнайды.
Еңбекті сүю және қадірлеу – Ыбырай әңгімелерінің негізгі тақырыбы.
Оны жазушы шағын әңгімелерде үгіт, өсиет түрінде берсе, кей
шығармаларында халықтың қоғамдық санасын тәрбиелейтін реалистік
суреттер арқылы бейнелейді.
Мектеп жасына дейінгі балаларды көркем әдебиетке баулу мақсатында
Ыбырай Алтынсариннің хрестоматиясына енген тәлім-тәрбиелік мәні өте зор
шығармаларына шолу, талдау жасасақ, бұл
шығармалар қысқа болғанымен
таза ақыл беретін, өзіне тән белгілі тәрбиелік идеясы бар туындылар. Мысалы:
«Әке мен бала» (жалқаулықты сынайды), «Асыл шөп» (сабырлықты), «Шеше
мен бала» (қайырымдылықты), «Кішіпейілділік», «Түлкі мен ешкі»
(өтірікшілікті), «Жаман жолдас» (қара басының қамын ойлауды), «Қисық
ағаш» (қыңырлықты), «Таза бұлақ» (адалдықты уағыздайды) және т.б.
Балаларға арналған хрестоматияға енгізген мақалалары мен
әңгімелерінде ағартушы-ұстаз еңбектің аса зор маңызын көрсетіп, еңбекті
қадірлеуге және сүюге тәрбиелеу мақсатын көздейді. Еңбек етсең ғана
көздеген мақсатыңа жетесің. Өмірдің ащысы мен тұщысын еңбек еткен адам
ғана біледі.
Халық мақалдарынан да орын алған хрестоматияға
енген мақалдар да
бар. Олардан кейбіреулерінен мысал келтірейік: «Ерте тұрғанның ырысы
артық», «Ойнақтаған от басады», «Ұят өлімнен күшті», «Талаптыға нұр
жауар», «Саяқ жүрсең таяқ жерсің», «Ащы мен тұщыны татқан білер», «Алыс
пен жақынды жортқан білер», «Кім жүгірсе сол озады», «Жатқанға жан
жуымас», «Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол», т.б.
Достарыңызбен бөлісу: