Сборник статей 20 лет независимости Республики Казахстан в свете формирования гражданского общества



бет36/120
Дата04.10.2022
өлшемі1,3 Mb.
#151565
түріСборник статей
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   120
Байланысты:
Конф

Keynotes: common property, community property, common joint property

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 209-бабына сай екі немесе бірнеше адамның меншігіндегі мүлік оларға ортақ меншік құқығымен тиесілі болады.


Мүлік меншік иелерінің әрқайсысының меншік құқығындағы үлестері белгілене отырып (үлесті меншік) немесе ондай үлестер белгіленбей (бірлескен меншік) ортақ меншікте болуы мүмкін.
Ортақ меншік екі немесе бірнеше адамның меншігіне мүлік түскен кезде пайда болады, оны өзінің мақсаты өзгертілмейінше бөлуге болмайды (бөлінбейтін заттар), өйткені ол заңға сәйкес бөлінуге жатпайды. Бөлінетін мүлікке ортақ меншік заң құжаттарында немесе шартта көзделген реттерде пайда болады.
Ерлі-зайыптылардың ортақ меншігі ерекше мәртебеге ие.
Заңның жалпы ережесі бойынша ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүлкі олардың бірлескен меншігі болып табылады. Ерлі зайыптыларға некеде тұрғанға дейін тиесілі болған, сондай-ақ олардың некеде тұрған кезінде сыйға тартылған немесе мұрагерлік тәртіппен алған мүлкі олардың әрқайсысының меншігі болып табылады [АК-ның 223-бабының 1 және 2-тармақтары]. Ерлі-зайыптылар некеде тұрған кезде жинаған мүлік олардың бірлескен ортақ меншігі болып табылады.
Ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүлкіне (ерлі- зайыптылардың ортақ мүлкіне): ерлі-зайыптылардың әрқайсысының еңбек қызметінен, кәсіпкерлік қызметтен және санаткерлік қызмет нәтижелерінен тапқан табыстары, ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкінен және ерлі-зайыптылардың әрқайсысының бөлек мүлкінен түскен кірістер, олар алған зейнетақылар, жәрдемақылар, сондай-ақ арнаулы нысаналы мақсаты жоқ өзге де ақшалай төлемдер (материалдық көмек сомалары, мертігу не денсаулығының өзге де зақымдануы салдарынан еңбек қабілетін жоғалтуына және басқаларына байланысты залалды өтеуге төленген сомалар) жатқызылады.
Сондай-ақ ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіне мыналар жататындар:

  • ортақ кірістерінің есебінен сатып алынған жылжымалы және жылжымайтын мүліктер;

  • бағалы қағаздар;

  • жарналар;

  • салымдар;

  • несие мекемелеріне немесе өзге де коммерциялық ұйымдарға салынған капиталдағы үлестер;

  • ерлі-зайыптылар некеде тұрған кезеңде тапқан басқа да кез келген мүлік15.

Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлікке құқығы некеде тұрған кезеңде үй шаруашылығын жүргізуді, балаларды бағып-күтуді жүзеге асырған немесе басқа да дәлелді себептермен жеке кірісі болмаған жұбайға да тиесілі.
Егер некеде тұрған кезде ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкінің есебінен сол мүліктің құнын едәуір арттырған қаражат жұмсағаны (күрделі жөндеу, қайта жаңғырту, қайта жабдықтау, т.б.) анықталса, ерлі-зайыптылардың әрқайсысының мүлкі олардың бірлескен меншігі болып табылады.
Қымбат бағалы және басқа әсемдік заттарын қоспағанда жеке пайдаланудағы заттар (киім-кешек, аяқ киім, т.б.) некеде тұрған кезінде ерлі-зайыптылардың ортақ қаражатына сатып алынғанымен, оларды пайдаланған жұбайдың меншігі деп танылады.16
Жұбайлар ортақ бірлескен меншікке иелену, пайдалану және билік ету құқықтарын тең дәрежеде иеленеді. Бұл құқықтарды жүзеге асыру үшін біріншісінің екіншісінен арнайы рұқсат сұрауы міндетті емес, қатысушылардың бірі өз мүлкіне келісім жасау үшін мүлкіне билік ете береді. Бірақ та қозғалмайтын мүлік және басқа мүліктерге байланысты біріншісі екіншісінен алдын ала келісімін алу керек.
Балалар ата-аналарының мүлкіне иелік жасай алмайды. Алайда олар ата-аналарымен бірлесіп ортақ меншікті иелене алады. Мұның өзі ортақ қаржы және еңбек жұмсау нәтижесінде және заңда көрсетілген ретте жүзеге асады. Мұндай жағдайда бұл ортақ бірлескен меншік болып табылады.17
Ерлі-зайыптылардың кәсіпкерлігін жүзеге асырған кезде жұбайлардың бірі екінші жұбайдың келісімімен іскерлік айналымда ерлі-зайыптылардың атынан әрекет етеді, келісім дара кәсіпкерді тіркеу кезінде расталуы немесе дара кәсіпкердің қызметі мемлекеттік тіркеусіз жүзеге асырылған жағдайларда жазбаша түрде көрсетіліп, нотариалдық жолмен куәландырылуы мүмкін. Ерлі-зайыптылардың біреуінің іскерлік айналымда ерлі-зайыптылар атынан әрекет етуіне екіншісінің келісімі болмаған кезде іскерлік айналымда әрекет ететін жұбай дара кәсіпкерлікті өзіндік кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратындығы көзделеді. Жай серіктестік нысанын пайдаланатын дара кәсіпкерлік Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Дара кәсіпкерлер өз міндеттемелері бойынша, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өндіріп алынбайтын мүлікті қоспағанда, өздерінің барлық мүлкімен жауапты болады. Жеке тұлға өзіндік кәсіпкерлікті жүзеге асырған кезде өзіне меншік құқығымен тиесілі барлық мүлкімен, соның ішінде ерлі-зайыптылардың ортақ меншігіндегі үлесімен жауапты болады. Жеке тұлға жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыру үшін ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін пайдаланған жағдайларда, оның борыштары бойынша өндіріп алу ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіне де қолданыла алады. Жұбайлардың жеке кәсіпкер болып табылмайтын әрқайсысының мүлкі өзіндік кәсіпкерлікті жүзеге асыратын жұбайының біреуінің борыштары бойынша өндіріп алуды қолдану нысанасы бола алмайды. Ерлі-зайыптылар кәсіпкерлігін жүзеге асырған кезде ерлі-зайыптылардың кәсіпкерлікті жүзеге асыруға байланысты борыштары бойынша өндіріп алу олардың қайсының іскерлік айналымда әрекет ететініне қарамастан, ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіне қолданыла алады.18
Ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған бірлескен меншікке құқығы туралы норма диспозитивті. Ерлі-зайыптылар арасындағы шарттарда, оның ішінде некелесу шартында мынадай мүлік олардың үлесті меншігі болып табылады,не меншік құқығында олардың біреуіне тиесілі, не тиісті бөліктерінде ерлі-зайыптылардың бөлектелген меншігі болып табылады деп көрсетілуі тиіс. Бірлескен меншік шарт бойынша емес,тек заңға сәйкес белгіленетін болғандықтан, ерлі-зайыптылардың бірге тұрмаған кезде жинаған мүлікті немесе олардың біреуінің бөлектелген меншікке алған мүлікті бірлескен меншік деп тану туралы келісім жасауына жол берілмейді. Мұндай мәмілелер заңсыз. Бірақ, ерлі-зайыптылардың өздерінің некеде тұрған кезде жинаған мүлкіне бірлескен меншік режимін емес, басқа құқықтық режим белгілеу туралы шарттарын тоқтату жөніндегі келісімдері заңды деп танылады.
Жұбайлардың бірлескен қызметі нәтижесінде ортақ меншікке айналған мүлік неке бұзылған кезде бөлінеді, жұбайлардың бірінің міндеттемелігі бойынша немесе жасалған қылмысқа байланысты залалдың орнын толтыру керек болғанда жұбайлардың бірі екіншісіне неке бұзылғанына қарамастан өз үлесін алуға талап қоя алады.
Бірлескен меншікке қатысушылардың келісімі бойынша, ал келісімге қол жетпеген жағдайда-сот шешімі бойынша ортақ меншікке осы адамдардың үлесті меншігі белгіленуі мүмкін.19
Егер үлесті меншікке қатысушылар үлестерінің мөлшері заң құжаттары негізінде анықталуы және оған барлық қатысушылардың келісімімен белгіленуі мүмкін болмаса, үлестері тең деп саналады. АК-нің 221-бабына сай ортақ меншiктi бiрлескен меншiкке қатысушылар арасында бөлу, сондай-ақ олардың біреуінің үлесiн бөлiп шығару қатысушылардың әрқайсысының ортақ мүлiкке құқығындағы үлесi алдын ала анықталған жағдайда ғана жүзеге асырылуы мүмкiн. Ортақ мүлікті бөлу және одан үлесті бөліп шығару кезiнде, егер заң актiлерiмен немесе қатысушылардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, олардың үлестерi тең деп танылады.
Ортақ мүлікті бөлу және одан үлесті бөліп шығару негiздерi мен тәртiбi АК-нің 218-бабының ережелерiмен белгiленедi, өйткенi ол осы Кодекспен, басқа да заң құжаттарымен бiрлескен меншiктiң жекелеген түрлерi үшiн өзгеше белгiленбеген және бiрлескен меншiкке қатысушылар қатынастарының мәнiнен туындамайды.
Аудандық және оған теңестірілген соттармен ортақ меншіктегі мүлікті бөлу және одан үлесті бөліп шығару туралы санаттағы азаматтық істерді қарау барысында АК-нің 218, 221- баптарында, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1997 жылғы 18 шiлдедегi «Азаматтардың тұрғын үй-жайларды жекешелендiру жөнiндегi заңдарды соттардың қолдану тәжiрибесi туралы», 1999 жылғы 9 шілдедегі «Тұрғын үйге меншік құқығы туралы заңдарды қолданудың кейбір мәселелері туралы», 2000 жылғы 28 сәуірдегі «Соттардың некені бұзу туралы істерді қараған кезде заңнаманы қолдануы туралы» нормативтік қаулыларында белгіленген талаптары негізінен сақталған.
Азаматтық істер бойынша аталған санаттағы істер істерді қарауда заңнаманы қолданудағы сот тәжірибесінде қиыншылықтар жоқ.
Соттар некесі бұзылған ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңының 3-37 баптарында және АК-нің 218- бабында белгіленген ережелер бойынша бөлген. Тараптар өзара келіспесе, сот бөлінетін мүліктің құнын сарапшылардың, оның ішінде мүлікті бағалау жөніндегі мемлекеттік органның қорытындысы негізінде анықтаған.
Ерлi-зайыптылардың тұрғын-жайын бөлгенде, сот кәмелетке жасы толмаған балалардың мүдделерiн және де (немесе), егер ерлi-зайыптылардың бiреуi негiзсiз себептермен табыс таппаса немесе ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкін жанұя мүддесiне зиян келтiрiп пайдаланса, ерлі-зайыптылардың бiрiнің мүддесiн сақтай отырып, ерлi-зайып үлестерiнiң тепе-теңдiгi бастамасын сақтамауға құқылы, ерлi-зайыптылардың бiрлескен меншiгi болып саналатын тұрғын үйдi салуға олардың бiреуiнiң туыстарының қатысқаны, ерлi-зайыптылардың бiреуінің үлесiн көбейтуге негiз бола алмайтынын ескерген.
Мысалы, талап қоюшы Д. Карекенова сотқа талап арыз жолдап, онда жауапкер Г.Жумагалиевпен арадағы жұбайлардың ортақ меншігіндегі Атырау қаласы, Алиев-Құрманғазы көшесі, 55 үйдегі және маркасы «ВАЗ-21150» мемлекеттік белгісі Е 485 ЕАМ автокөліктегі өзінің үлесін кәмелетке толмаған балаларының үлесін ескеріп, 65 пайызын ақшалай өтемақы ретінде өндіруді сұраған.
Дау нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар Б. Жумагалиев, З. Жумагалиева сотқа талап арыз жолдап, онда Атырау қаласы, Алиев-Құрманғазы көшесі, 55 үйді ортақ үлестік меншіктегі мүлік деп танып, үлестерінің мөлшерін анықтауды сұраған.
Атырау қалалық сотының (әрі қарай-сот) 2010 жылғы 16 сәуірдегі шешімімен Д. Карекенованың пайдасына Г.Жумагалиевтен Атырау қаласы, Алиев-Құрманғазы көшесіндегі 55 үйдегі және маркасы «ВАЗ 21150» мемлекеттік белгісі Е485 ЕАМ автокөлігіндегі үлесінің 60 пайызы ретінде 5 658 647 теңге ақшалай құны, 9 956 теңге сот шығыны, 50 000 теңге өкілдің көмегіне шыққан шығын өндірілген. Атырау қаласы, Алиев-Құрманғазы көшесіндегі 55 үй және маркасы «ВАЗ 21150» мемлекеттік белгісі Е 485 ЕАМ автокөлік Г. Жумагалиевтің меншігінде қалдырылған.
Іс құжаттарына қарағанда талап қоюшы Д. Карекенова мен жауапкер Г.Жумагалиев 1998 жылғы 24 сәуірде некеге отырған.
Тараптардың некеден 1998 жылғы 07 қыркүйекте туған Н. Жумагалиева, 2004 жылғы 05 ақпанда туған А.Жумагалиева атты балалары бар.
2009 жылғы 01 шілдедегі сот шешімімен тараптардың арасында неке бұзылған.
Тараптар некеде болған кезде Атырау қаласы, Алиев-Құрманғазы көшесіндегі 55 жер телімін алып, ол жер теліміне үй салып, үйге меншік құқығын тіркеген, 2005 жылы «Альянс Банк» АҚ-ы арқылы несиеге маркасы «ВАЗ-21150» мемлекеттік белгісі 485 ЕАМ автокөлігін алып, несиені толық жапқан.
Демек, даудағы Атырау қаласы, Алиев- Құрманғазы көшесіндегі 55 үй және маркасы «ВАЗ 21150» м/б Е485 ЕАМ автокөлік тараптардың неке кезінде жинаған мүлкі, яғни олардың бірлескен ортақ меншігі болып табылған.
Сот сот отырысында зерттелген дәлелдемелерге баға беріп, «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 34,36,37-баптарын, Атырау облыстық ғылыми-өндірістік сот сараптамасы зертханасының 2010 жылғы 26 ақпандағы, 02 наурыздағы №0177, 0178 сараптама қорытындыларын басшылыққа алып, тараптардың кәмелетке толмаған балаларының мүддесін, олардың қазіргі кезде анасының тәрбиесінде және тұрақты баспаналары жоқ екенін ескеріп, талап қоюшы Д. Карекенованың талабын дұрыс қанағаттандырған.20
Қорытындылай келгенде, ерлі-зайыптылардың ортақ меншігі меншікке иелену, пайдалану және билік ету құқықтарының теңдігіне негізделген. Осыған сәйкес ортақ меншік жұбайлар арасында тең бөлінуімен қатар оны ортақтасып пайдалану да көзделген болатын. Бұлардың барлығы азаматтық заң актілерінде көрініс табады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   120




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет