Пациенттің жағдайы:
Жүріс тұрысы: Сіз қабылдау бөліміндесіз. Жалпы Сіз мазасызсыз,сізде асыққан және беймаза қозғалыс, түсініксіз сөздер бар. Сіз дәрігерге жауап беруге дайынсыз, сұрақтарға толық жауап бересіз, өз ауруыңыз туралы айтасыз. Егер дәрігер сізді екеуара талдауға шақырса, Сіздің ойларыңызды анық жеткізуге, мазасыздануға, күтуге – өзіңіз туралы ашық жауап бересіз.
Идеялар және ойлар:
Бірнеше жылдан бері аллерголог және пульмонологта есепте тұрады, ұстаманың басталуын жусанның гүлдеуімен байланыстырады. Сізде мазасыз ойлар, соңғы уақытта өз жағдайыңыздың қаншалықты нашарлауы аурудың үдеуін көрсетеді. Бронхтарда өзгерістер бар екендігі туралы болжайсыз.
Мазасыздық:
Оны түнгі ұстамалар, ауа жетпеу сезімі, астматикалық статус кезінде өлім қорқынышы мазалайды, күнделікті үй ішіндегі жұмыстарды жасауға қорқасыз және денсаулық жағдайыңыздың нашарлауы туыстарыңызға баратын сапарға кедергі болама деп ойлайсыз.
Күту:
Ол ИГКС қабылдағысы келмейді жәнебасқа препараттар жағдайын жақсартады деп және ұстамаларды болдырмайды деп ойлайды.
Сіз әліде уақыт бар және толық тексерулерден өтуге болады, қорқынышты ештеңке жоқ деп ойлайсыз.
Сіз емдеу курсын бастауға және өз организміңізді көптен күткен сапарға дайындауға әліде уақыт бар деп ойлайсыз және жоспарлайсыз.
Сезім:
денсаулық жағдайыңыздың нашарлауы туыстарыңызға баратын сапарға кедергі болама деп ойлайсыз.
Стандарттанған Пациентті үйрету/ ойын бойынша нұсқау:
Ойын бойынша нұсқау:
Киім–күнделікті; көңіл күй – қанағатсыз, мазасыз, жақсы аяқталатынына үмітті, біршама денсаулық жағдайыңыздың нашарлауына және туыстарына баратын сапарды кейінге қалдыратынына мазасызданады
Эмоциональды тақырыпқа және сұрақтарға қалай жауап беру керек– егер дәрігер сіздің ойларыңызбен, сезіміңізбен, күтуіңізбен санасса – ынтамен және ашық жауап беріңіз;
Ойнауға қажетті физикальды симптомдар– дәрігер өкпенің физикальды тексеруін жүргізуі керек, қалған мәліметтер клиникалық тапсырмада бар.
Достарыңызбен бөлісу: |