Сценарий, посвященный к 90-летию М. Маметовой. Ведущий 1: Маншук упала с пулею в груди Она не дожила до наших дней



бет1/2
Дата26.06.2018
өлшемі1,26 Mb.
#45132
түріСценарий
  1   2
Акмолинская область, Целиноградский район, село Маншук Маметовой, СШ №26

Учитель истории Кабдрахманова Гульзада Манаповна

Сценарий, посвященный к 90-летию М.Маметовой.

Ведущий 1: Маншук упала с пулею в груди

Она не дожила до наших дней,

Но ты ей место в памяти найди

И светлый подвиг оценить сумей

Ты ей обязан каждой высотой,

Которая тобой взята

И помни ,что всегда везде с тобой

Ее осуществленная мечта!


Ведущий 2:Мәншүк Мәметованың 1943 жылы орыстың Псков облысы, ежелгі Невель қаласы үшін көрсеткен ерлігі,барша жер бетіндегі Қазақстандықтардың абыройы мен мақтанышы.Өрімдей жас Мәншүкке адамзат баласының –Өмір деп аталатын ең қымбатын қиюға тура келді.

Жылдар, жүз жыл, ғасырлар өтсе де оның ерлігі мәңгілік халық жадында, өсіп келе жатқан ұрпақ ойында екенін, әдемі есімі жаңа дүние есігін ашқан сәбилерге қойылып жүргенін,оған арналып өлең, поэмалар жазылып, кітаптар шығарылғанын,әрине, Мәншүк білмеді.

Кеңес халқының фашист езгісіне қарсы 1418 күн ерлік тарихы күресі, сол жойқын соғыста жауынгерлердің өз көзімен адамдардың қасірет шеккені мен қаза тапқандарын тірілей көруі, ауыл, қалалардың қирауы, күл-талқан болуы,бұл ауқымы жағынан қахарлы, қатаңдығы жағынан, қаза тапқан адам саны жағынан да ешбір соғыспен салыстыруға келмейтін ұмытылмас құбылыс. Осы кескілескен ұрыста әйелдер Жеңіс жолында ерлермен бірдей шайқасқа түсті. Соның бірі қазақтың тұңғыш қахарман қызы есімімен тарихта қалған Мәншүк Мәметова.



Әдеби монтаж

1 оқушы

Мәншүк


Айналдың мәңгі жалынға,

Даңқыңды тақты даламыз.

Жасқұста, сонау Нарында

Өмірге келген бала қыз.

Әлемге тарап атағың,

Құрбаны болдың ақ таңның.

Мен бүгін «Мәншүк» апаның

Еліненмін деп мақтандым.

Лап етіп жанды жас шағың,

Селт ете қалды барша жан.

Сен жайлы ерлік дастанын,

Жазуға құмар қанша адам.

Өзіңмен алау сезімді,

Әкеттің ару қалпыңмен.

Жырласам ба деп өзіңді,

Ұстадым қалам бәлкім мен.

Кешпестің алау сезімді,

Өттің сол ару қалпыңмен.

Ұмытпау үшін өзіңді,

Атыңды жаздық алтынмен!



2 оқушы: Орталық алаңда

Тұр міне бабамда

Қазақтың есімін

Танытқан ғаламға.

Музейге келемін

Қиялға енемін

Мәншүктің тұлғасын

Мақтаныш көремін.



3 оқушы: Батырдың бейнесі

Бойыма нәр береді,

Ескерткіш алаңы

Қалама сән береді

Сен деген алаңға

Ұлы ол талайға

Халқының намысын

Ұмытпа жарай ма!



4 оқушы :

Қаршығадай көзін қадап сүзіліп,

Сескенбеді бет әлпеті бұзылып.

Ту көтеріп топқа мінген батырлар,

Өтіп жатты көз алдынан тізіліп.

Қарағым деп қарағандай Абылай

Қара шашын сипағандай Исатай

Кегіңді алмай кері қайтпа дегендей

Кенесары, айбынды ер Наурызбай.

5 оқушы: Амангелді алдымда тұр айбынды

Құшағына қондырғандай ай күнді

Жеріңді алып,еріңді жау жеңбеген

Атам қазақ қашан жаудан тайынды.

Жоқ,көнбеймін бас имеймін, неміске

Бас пулемет кетпесін ау теріске

Бақыт үшін ,Отан үшін,Ел үшін

Шыбын жаным шүберекке түйілді.



6 оқушы: Сілкінтіп зеңбіректер жердің жүзін

Оқ борап, снарядтар қаққанда ізін

Қаптаған қалың жаудан тайсалмаған

Мен көрдім пилоткалы қазақ қызын.

Қолында пулеметы «максим» оның

Бойында күш-жігері тасқын оның

Ерлермен тізе қосып атакада,

Оғымен қырғын майдан ашты жолын.



7 оқушы:Құрметті қонақтар және оқушылар Мәншүк Мәметова атындағы №26 орта мектебіне қош келдіңіздер! Біздің мектебіміз Мәншүк апамның атында. Біз мектебіміздің аты батыр қыздың атымен аталатынына қуанамыз, мақтан тұтамыз. Ол-ержүректіктің үлгісі.Оның жасаған еңбектері, оның есімі бізге ұрпаққа ұран болып қалмақ. Мәншүк апамыздың даңқты есімін әрқашанда мақтаныш сезіммен айтып жүретін боламыз. Оның игі істерінен үлгі аламыз.Осы Мәншүк апамыздың мектебінде жақсы оқып, еліміздің ертеңі келешегі зор Қазақстанның азаматы болуға ант етеміз!

8 оқушы (слаид Мәншуктің дүниеге келуі)

Мәншүк 1922 жылы 2-қазанда Орда ауданында туылған. Мәншүктің шын есімі Мәнсия болған. Моншақтай мөлдіреген қарақаттай көзіне қарап «моншағым» деп кеткен деседі. Әкесі Жәңсікәлі,анасы Тойылша болған. Руы-Байұлының шеркеші. Жәңсікәлі мен Ахмет екеуі –немере.Сол кезде ел арасында беделді,оқыған дәрігер, белгілі алаш азаматы болған Ахмет пен оның әйелі Әмина бұрынғы ел дәстүрімен Мәншүкті сұрайды. Әрине, елге келген ерекше аға мен ана Мәнсияға да ұнаған болу керек.Сол сәтті көргендер оның бірден оларға бауыр басып кеткенін айтады. Мәншүкті қазақы дәстүрмен асырап алған Ахмет пен Әмина Мәметовтер қазақ еліне белгілі азаматтар болған. Ахмет дәрігер, ғалымдығымен қатар,алғашқы қазақ үкіметінің негізін қалауға ат салысқан. Газет шығарып, өлең жазған көзі ашық,өз заманының қайраткері еді. Ахметтің әйелі,Мәншүкті тәрбиелеген анасы Әмина –атақты Әбілқайыр ханның ұрпағы,Сүлеймен қажының тұяғы. Сол кездегі жоғары білімді,танымы мен талғамы мол тектілер отбасынан тәлім алған Мәншүк ой-өрісі, тұрлауы биік азамат болып өскен.



9 оқушы :В семье сапожника Женсигали и Тойылша из рода Шеркеш родилась дочка. Почетные аксакалы аула за обрядным дастарханом дали ей имя Мансия. Родители к ней относились с особой любовью, т.к.после двух мальчиков ожидали девочку. Их желание сбылось. Малютку они ласкательно звали Моншак

(по-русски бусинка).Так за ней и закрепилось это имя навсегда.(по-русски произносится Маншук).



В 1927 году в поселок Жаныбек, где тогда жили родители Маншук, приехали из Саратова будущие выпускники университета супруги Ахмет и Амина Маметовы к брату Канату. В дни пребывания у родственников Маметовы полюбили маленькую девочку, а Маншук отвечала детской непосредственностью и симпатией.Ахмет и Амина Маметовы выразили свое желание удочерить Маншук(они были бездетными). Родителям Маншук трудно было пойти на это, но, думая, что их любимая дочка будет на попечении образованных людей, получит соответствующее воспитание в городе с болью в сердце они соглашаются удовлетворить просьбу своих родственников Ахмета и Амины.Ребенок рос смышленным и смелым.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет