Сценарий внекласного мероприятия «Әдебиет қолбасшысы»



Дата15.04.2018
өлшемі0,75 Mb.
#40162
түріСценарий
Республика Казахстан

г.Петропавловск

КММ «Первая гимназия»

Сарсенбаева Алма Габбасовна

учитель казахского языка и литературы

Сценарий внекласного мероприятия

«Әдебиет қолбасшысы», 8 класс.

Әдебиет қолбасшысы

фанфарфы

1-жүргізуші: - Қайырлы күн, құрметті мырзалар мен

ханымдар!



музыкальный фон

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіл күнін 22-қыркүйек күні тойлаймыз. Президенттің келісімі бойынша бүкіл Қазақстан елінің тіл күні – 1998 жылдың ақпан айының Жарлығына сәйкес «22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдер күні» деп жарияланған.



2-жүргізуші: - Армысыздар, құрметті қонақтар,

ұстаздар, оқушылар және ойынға қатысушы

сайыскерлер!

«Күш білімде», «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген дана халқымыз. Біз білім теңізінен жүзіп өткенде ғана еліміздің тірегі, сүйеніші боламыз! Сондықтан бүгін мемлекеттік тілді қаншалықты түсініп, сөйлей алатынымызды дәлелдеу үшін білімділер сайысын назарларыңызға ұсынбақпыз.



1-жүргізуші: - Бүгінгі білім сайысын бағалайтын әділ

қазылар алқасымен таныстыруға рұқсат

етіңіздер! ...

Құрметті әділ қазылар алқасы! Командалар ұпайымен бағаланады. Ең жоғары ұпай – 5 ұпай. Сайыскерлердің толық жауабын талап етіңіздер және сайыскерлер сендерде толық жауап беруге тырысыңдар.



2-жүргізуші: - Түсеміз біз білімнің жарасына,

Жеңсеңдер қол соғамыз табысына.

Талапкердің талабы таудай болар,

Аямас тиіп кетсең намысына.



1-жүргізуші: - осы сайысқа 8-сынып оқушылары қатысады.

8 «А» сыныбының командасын ортаға шақырамыз. Сайыскерлерді қарсы алайық (команда ортаға келіп тұрады).

8 «А» сынып оқушылары «Талапкер» тобы деп аталады. (фанфары)

(команда ортаға келіп тұрады).

8 «Б» сыныбының командасын ортаға шақырамыз. Сайыскерлерді қарсы алайық (фанфары) (команда ортаға келіп тұрады).

8 «Б» сынып оқушылары «Парасат» тобы деп аталады

8 «В» сыныбының командасын ортаға шақырамыз. Сайыскерлерді қарсы алайық (фанфары) (команда ортаға келіп тұрады).

8 «В» сынып оқушылары «Зерде» тобы деп аталады



І кезең: «Бәйге»

2-жүргізуші: - сонымен бірінші кезеңді бастайық.

І кезең: «Бәйге» деп аталады. Бұл кезеңде 12 сұрақ беріледі.

Кезекпен әр командаға сұрақ қойылады. Сұраққа толық жауап беру керек. Ал бастайық.

1-ші сұрақ: «Талапкер» тобына қойылады. Мұқият тыңдаңдар.


  1. «Әдебиет» дегеніміз не? (адам өмірінің айнасы, асыл сөзі)

2-ші сұрақ: «Парасат» тобына қойылады. Мұқият тыңдаңдар.

  1. Әдеби тілдің қандай формалары бар? (ауызша, жазбаша)

3-ші сұрақ: «Зерде» тобына қойылады. Мұқият тыңдаңдар.

  1. «Мен жастарға сенемін» қай ақынның өлеңі? (М.Жұмабаевтің)

4-ші сұрақ: «Талапкер» тобына қойылады. Мұқият тыңдаңдар.

  1. Қазақ тілінде жалғаулардың қандай түрлері бар? (көптік, тәуелдік, жіктік, септік)

5-ші сұрақ: «Парасат» тобына қойылады. Мұқият тыңдаңдар.

  1. «Көксерек» кімнің шығармасы? (М.Әуезовтың)

6-ші сұрақ: «Зерде» тобына қойылады. Мұқият тыңдаңдар.

  1. «Қыз Жібек» шығармасы қандай жанрға жатады? (лиро-эпостық жыры)

7-ші сұрақ: «Талапкер» тобына қойылады. Мұқият тыңдаңдар.

  1. «Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты» өлеңінде ақын қандай әдебиет тәсілін қолданды? (теңеу)

8-ші сұрақ: «Парасат» тобына қойылады. Мұқият тыңдаңдар.

  1. Көркем шығармада суреттелген адам, әдеби образы қалай аталады? (шығарманың кейіпкері)

9-ші сұрақ: «Зерде» тобына қойылады. Мұқият тыңдаңдар.

  1. «Фольклор» деген сөз қай тілден келді? (ағылшын тілден)

10-ші сұрақ: «Талапкер» тобына қойылады. Мұқият тыңдаңдар.

  1. Қазақ алфавитін кім жасаған? (Ы. Алтынсарин)

11-ші сұрақ: «Парасат» тобына қойылады. Мұқият тыңдаңдар.

  1. Батырлар жырларға қандай жырлар жатады? («Қобланды батыр», «Алпамыс», «Қамбар батыр»)

12-ші сұрақ: «Зерде» тобына қойылады. Мұқият тыңдаңдар.

  1. «Алтын сақа» ертегісі қандай ертегі түріне жатады? (қиял-ғажайып)

1-жүргізуші: - осымен «Бәйге» сайысы аяқталды. (фанфары)

ІІ кезең: «Тіл – өнер»

1-жүргізуші: - ІІ кезең: «Тіл – өнер» деп аталады. Бұл

кезеңде сендерге мақал-мәтелдер беріледі. Бұл кезеңде

2 тапсырма болады. Ең алдымен бірінші мақалды жинау. Екінші – жиналған мақалдарды берілген тақырып бойынша бөлу. Сайыскерлер, сендерге бұл тапсырманы орындау үшін 6 минут уақыт беріледі. Мұқият болыңдар.

(Үш түрлі-түсті қағаздарға тапсырмалар берілген. Сайыскерлерге 2 кесілген мақал-мәтелдердің сөзі үлестіреді)



  • Ер елінде, гүл жерінде (туған жер туралы)

  • Еңбексіз өмір – сөнген көмір (еңбек туралы)

  • Оқу инемен құдық қазғандай (білім туралы)

  • Сөз асылы – мақал (тіл өнері туралы)

  • Еліңді сүйсең, ерлік істейсің (туған жер туралы)

  • Жан қиналмай жұмыс бітпес (еңбек туралы)

  • Оқу түбі – тоқу (білім туралы)

  • Жақсы сөз – жарым ырыс (тіл өнері туралы)

  • Көз қорқақ, қол батыр (еңбек туралы)

  • Ел іші туған бесік (туған жер туралы)

  • Мектеп кеме, білім теңіз (білім туралы)

  • Тіл қылыштан өткір (тіл өнері туралы)

Оқушылар тапсырманы құрастырғанша, көрермендермен сергіту жүргізу. Әр топқа қосымша ұпай қосылады.

2-жүргізуші: - ал, құрметті көрермендер, сендермен сергіту сәтін жүргіземіз.

Сендерге сұрақ беріледі. Жауапты бергенде, оқушы қай сыныптан, қай

командадан айтасыңдар. Ал, бастайық.

Сұрақ:


  1. Әр адамның шағын Отанын ата. (отбасы)

  2. Қазақ ордасының ең соңғы ханы кім? (Абылай хан)

  3. Шоқан Уәлихановтың шын аты кім? (Мұхамед Қанапия)

  4. Солтүстік Қазақстан облысын тағы қалай атайды? (аққаыйң өлкесі)

  5. Биыл кімнің 170 жылға толған мерейтойы болды? (Ж.Жабаевтің)

  6. Атақты билерді ата. (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)

  7. Абайдың неше қара сөзі бар? (45)

  8. Жүз жасаған ақын кім? (Жамбыл Жабаев)

2-жүргізуші: - құрметті сайыскерлер уақыт бітті. Тапсырмаларды әділ қазылар алқасына беріңдер. (фанфары)

ІІІ кезең «Абайтану» сайысы.

1-жүргізуші: - келесі сайыс «Абайтану» деп аталады. Бұл кезеңде сендердің

назарларыңызға Абайдың өмір туралы бейнеклип ұсынылады.

Бейнеклипті көрген соң, алдарыңда жатқан сұраққа жазбаша жауап бересіңдер, ал, енді, бейнеклипке назар аударайық (6 минут).

Тапсырма: бұл клипте «Сегіз аяқ» өлеңінен Абайдың өмірі туралы қандай

кезеңдер көрсетілген?



1-жүргізуші: - ал енді сайыскерлер тапсырманы орындағанша дейін сахнаға

бишілерді тамашалайық. Қарсы алайық!



  • Бишілерге рахмет! Сайыскерлер, орындаған жұмысты әділ қазылар алқасына тапсырыңдар. (фанфары)

IV кезең: «9 жұмбақ»

2-жүргізуші: - IV кезең «9 жұмбақ» деп аталады.

Бұл кезеңде өздерің таңдап алған сұраққа жауап бересіңдер. Қазір әр

команда кез келген кестені таңдап аласыңдар, кестенің түсін

айтасыңдар. Біз сұрақтарды оқимыз, сендер бірден жауап бересіңдер.

Ал, бастайық.

Үш түрлі-түсті қағаздардың артында сұрақтар берілген.

Қызыл түсті қағаздың сұрақтары:


  1. Тұрмыс-салт жырларына қандай жырлар жатады? (бесік жыры, тұсау кесер, жар-жар, беташар, сыңсу, қоштасу, наурыз өлеңдері)

  2. Ертегілердің түрлерін ата (қиял-ғажайып, шыншыл, хайуанаттар туралы, тұрмыс-салт ертегілер)

  3. Қазақ тілі қандай тілдер тобына жатады? (түркі тілдер тобы)

Көк түсті қағаздың сұрақтары:

  1. «Толағай» ертегісі қандай ертегіге жатады? (әдеби ертегі)

  2. «Менің атым Қожа» повесінің авторы кім? (Бердібек Соқпақбаев)

  3. Тіл туралы заң қашан қабылданды? (1997 ж. 11 шілде)

Жасыл түсті қағаздың сұрақтары:

  1. А.С.Пушкиннің «Евгений Онегин» романын тұңғыш рет қазақ тіліне кім аударды? (Ілияс Жансүгіров)

  2. «Тақпақ жатта, жатқа жатта» қазақ ауыз әдебиетінің қай түріне жатады? (жаңылтпаш)

  3. Қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесін қашан алды? (1989 ж. 22 қыркүйекте)

1-жүргізуші: - құрметті әділ қазылар алқасы! Концерттік нөмерден кейін

3-ші кезеңнің қорытындысын шығаруларыңызды сұраймыз. Ал қазір

ортаға әртіс-оқушымызды шақырайық. Қарсы алайық!


  • Рахмет! Құрметті әділ қазылар алқасы сіздерге сөз беріледі. (фанфары)

V кезең: «Жорға – блиц турнир»

2-жүргізуші: - V кезең: «Жорға – блиц турнир» деп аталады.

Бұл кезеңде әр топтан бір сайыскер интерактивті тақтадағы суреттерге

қарап, сұрақтарға жауап береді. Бұл сұрақтарды оқимыз, сендер

жылдам жауап бересіңдер. Құрметті әділ қазылар алқасы бұл кезеңде

әр жауап 1 ұпаймен бағаланады. Ал, бастайық.



  1. 8 «А» сыныпМынау қандай дәстүр? (тұсау кесу)

  2. Бұл кімнің портреті? (Мұқағали Мақатаев)

  1. Бұл қала туралы кім жазған? (Мағжан Жұмабаев)

  2. Бұл фильм қалай аталады? Сценариясын кім жазған? («Қыз Жібек», Ғ.Мүсірепов)

  3. Тайбұрыл кімнің тұлпары? (Қобыланды батырдың)

  4. Ыбырай Алтынсарин мектептерді қай жерде ашқан? (Торғай облысында)

  5. Абай Құнанбайұлы қай жылдары өмір сүрген? (1845-1904)

  6. Бұл аспапты кім жасаған? (Қорқыт ата)

  7. Бұл мегілге арналған өлеңнің авторы кім? (А.Құнанбаев)




  1. 8 «Б»сыныпБұл қандай салт-дәстүр? (қырқынан шығару)

  2. Бұл тағам қалай аталады? (самса)

  3. Шоқан Уәлиханов қайда оқыды? (Омбы қаласындағы кадет корпусында)

  4. Бұл сөз қазақ тіліне қалай аударылады? (құттықтаймын)

  5. Қазақстан валютасы қашан қабылданды? (1993 жыл)

  6. Осы тыныс белгілерін қазақша қалай айтасың? (леп белгісі, сұрау белгісі)

  7. Бұл қандай мереке? Қазақ тілінде айт. (туған күн)

  8. Домбыраға арналған өлеңді кім жазған? (С.Сейфуллин)

  9. «Қыз Жібек» жырының бас кейіпкерлері кімдер? (Төлеген, Жібек, Бекежан)




  1. 8 «В»сыныпБұл мерекені қазақша қалай айтамыз? (ҚР Тәуелсіздік күні)

  2. Бұл қандай дәстүр? (бесікке салу)

  3. Мынау тағамды қазақша қалай аударамыз? (тұшпара)

  4. Бұл қандай мереке? (Наурыз мерекесі)

  5. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тудың авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)

  6. Жас кезіндегі Абайдың суретін кім жазды? (Әбілхан Қастеев)

  7. А.Байтұрсыновтың мысалы қалай аталады? («Аққу, Шортан Һәм Шаян)

  8. «Толағай» ертегінің авторы кім? (Әбділда Тәжібаев)

  9. Кітап туралы қандай мақалды білесің? («Білім – кітапта»)

2-жүргізуші: - осымен «Жорға» сайысы аяқталды. Әділ қазылар алқасы

барлық кезеңдердің қорытындысын шығарғанша біз көрермендермен

сергіту сәтін жүргіземіз.

1-жүргізуші: - көп тіл білу – өмір талабы. Ендеше, берілген сөздерді көп

нүктенің орнына қазақ, ағылшын тілдердегі нұсқасын айту керек.





2-жүргізуші: - сіздердің назарларыңызға «Айгөлек» әнін Шевченко Варвара

айтып береді. Қарсы алайық!



  • Варвараға рахмет. Қорытынды сөзді әділ қазылар алқасына береміз.

1-жүргізуші: - Жас ұрпақ өмірлі болсын,

Тұрмысы көңілді болсын.

Өнеге-білімге кейінді болсын,

Халқым деген жүрегі болсын.

Жұрттың қамқор тірегі болсын, - деп өздеріңіз

Тамашалаған «Әдебиет қолбасшысы» атты жарысымыз



аяқталды. Кездескенше. Сау болыңыздар

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет