Сол жақта берілген «Сиыр сүтіне «Жоқ!» деңіз» мәтіннің ақпараттын пайдаланыңыз. Сұрақтың жауабы ретінде дұрыс жауап нұсқасын белгілеңіз.
Доктор Гарза оқырмандарды
«таңқалдыратындай» зерттеулердің кейбір нәтижелерін сипаттайды.
репортер, доктор Р. Гарза Сиыр сүті Америка Құрама Штаттарында көптеген адамдардың өмірінде үлкен рөл атқарады. Сәбилер бөтелкемен сүт ішеді. Балалар сүт қосып жүгері қауызын жейді. Тіпті ересектердің өзі ара тұра бір стақан салқын сүт ішіп отырады. Иә, сиыр сүті бүкіл әлемде адамдардың тамақтануында маңызды орын алады . Алайда, танымал американдық жарнамалық слоганда айтылғандай көптеген зерттеулер сиыр сүті " адам ағзасына еш бір жақсылық әкелмейтін де шығар» деген ойда. АҚШ ауыл шаруашылығы министрлігі, сүт өнімдері жөніндегі Америка кеңесі, сүт өнімдері қоғамдастығы және басқа да ұйымдар көп жылдар бойы сүтті пайдалануды насихаттау үшін тынымсыз еңбек етті . Олар ересек адамдарды күніне кем дегенде үш стакан сүт ішуге шақырады. Алайда соңғы он жылда жүргізілген кейбір зерттеулер сүттің сүйектерді нығайту қабілетіне, сондай-ақ сүттің пайдасы туралы басқа да мәлімдемелерге күмән келтірді . Зерттеу нәтижелері сізді таң қалдырады . 2014 жылдың қазан айында "Британдық медициналық журнал" (British Medical Journal) журналында сиыр сүтін ішудің әсері туралы ең заманауи және маңызды зерттеулердің бірі жарияланды. Бұл зерттеудің нәтижелері сүтті пайдалану туралы бірқатар қорытынды жасауға мүмкіндік берді . Осы зерттеу аясында Швецияда 100 000- нан астам адам 20-30 жыл бойы бақылауда болды. Зерттеушілер сүт ішетін әйелдер жиі сүйек сынуынан зардап шегетінін ашты. Бұдан басқа, сүт ішкен ерлер мен әйелдер жүрек пен қан тамырлары және рак ауруларына осал келеді екен. Бұл таңқаларлық нәтижелер басқа зерттеулердің нәтижелеріне ұқсас. Медицина бойынша жауапты дәрігерлер комитеті (PCRM-
the Physicians Committee for Responsible Medicine) сүтті тұтынумен байланысты
денсаулық мәселелері туралы өз пікірін білдірді. Комитеттің айтуынша, сүт және сүт өнімдері "сүйекке не аз ғана пайда әкеледі немесе оның мүлдем еш пайдасы жоқ". Медицина бойынша жауапты дәрігерлер комитеті (PCRM) әрі қарай, сүтті пайдалануға байланысты нақты мәселелерді сипаттайды: "Сүт өнімдеріндегі сүт протеиндері, сүт қанты, майлар мен қаныққан майлар балаларға қауіп төндіреді және семіздіктің беталуына, қант диабеті мен жүрек ауруларының пайда болуына ықпал етеді ". Бұл маңызды мәлімдеме. Оларды растау үшін қосымша зерттеулер қажет. Дегенмен, сүт ішу біздің ағзамызға бұрын айтылғанна гөрі пайдасы аз екенін дәлелдейді. Егер бұл айтылғандардың бәрі даусыз фактілер болса, онда сиыр сүтіне
"жоқ" дейтін уақыт келді.
Бұл тапсырмада оқушы мақалада айтылған зерттеу нәтижелерін анықтап, нәтижелердің біріне мысал келтіруі қажет. Мұнда оқушы мақаладан алынған ақпараттың тура мағынасын ұсынуы тиіс. Оқушы мәтінде зерттеу нәтижелерінің бірін тауып, оны жазып алуы қажет. Апробациялық кезең тапсырмаларын бағалау нұсқаулығында тек екі нәтиже ғана болды, олар дұрыс жауап ретінде есептеледі, өйткені мәтінде тек екі "ғажайып" зерттеу нәтижесі ғана сипатталған. Төменде зерттеудің апробациялық кезеңде қолданылған бағалау нұсқаулығы келтіріледі. Апробация нәтижелері бойынша бұл тапсырма сенімділік деңгейі жоғары болды .