ӘН. «Алғашқы ұстазым». Орындайтындар 2-сынып оқушылары Жүргізуші: Ұрпаққа айтар ақылы, көрсетер өнегесі бар, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі бар аға ұрпақ өкілдері, мектептің жүрегі ардақты ұстаздарымыз ортамызда отыр. Осындай сүйікті ұстаздарымыздың бірі, мектеп директорының міндетін атқарушы Сүлейменова Гүлжанапайымызға құттықтау сөз беріледі.
1 — жүргізуші: ........., мен саған жұмбақ жасырайын? Шешіп көрші
2 — жүргізуші: Жарайды жасырып көр, кәне!
1 — жүргізуші: Жылдың ең қысқа күндері.
2 — жүргізуші: Каникул
1 — жүргізуші: Оқушылардың үлкендерге көп көрсете бермейтін құпиясы
2 — жүргізуші: Күнделік.
1 — жүргізуші: Бақылау жұмысында дәптеріне жазғандарын бақылатып отыратын я қыз, я ұл.
2 — жүргізуші: Дос
1 — жүргізуші: Үзілісті зарықтыра күттіретін 45 минут.
2 — жүргізуші: Сабақ
1 — жүргізуші: Әжеме айтатын басты сылтауым.
2 — жүргізуші: Спорт секциясы
1 — жүргізуші: Қыздардың негізгі қаруы.
2 — жүргізуші:“Апайға айтам”
2 — жүргізуші: Әрине бұның бәрі әзіл.
Бірге өсіп, ел жайлаған ұл менен қыз,
Асыға сәлем жолдап жүректен біз.
Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,
Сіздерге тарту етіп ұсынамыз.
БИ. Жүргізуші ұстаздардан сұхбат алады: Ұстаздық өміріңіз сізге ұнай ма?
Кешегі өзіңіз оқыған мектебіңіз бен қазіргі мектепте қандай өзгерістерді байқайсыз?
Сабағыңызда оқушыңыз ұйықтап қалған кезі болды ма?
Оқушы кезіңізде сабаққа кешігіп келген кезіңіз болды ма? Болса сол туралы есіңізде ме?
Неліктен осы мамандықты таңдадыңыз?
Қазіргі өмірді жаңадан бастау мүмкіндігі туса, оны өзгертер ме едіңіз?
Егер сіз ұстаз болмасаңыз, басқа кім болуыңыз мүмкін еді?
Жүргізуші: Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған,
Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.
Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар,
Өздеріңнен бастау алар бар арман.