53
киімдерін киген балалар шығып, дастарқан басына айнала жайылған көрпелерге жайғасып отырады. Әр
баланың қолында қызғалдақ гүлі болады. Ортаға жүргізушілер (тәрбиеші мен тәрбиеленуші) шығады.
1-жүргізуші:
Армысыздар, құрметті қонақтар! Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы құтты
болсын! Наурыз – көнеден келе жатқан мейрам. Наурыз – бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы,
өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін күн. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
2-жүргізуші:
Басы барлық ырыстың,
Басы барлық ұлы істің,
Құтты болсын, наурыз той,
Ұлы күні ұлыстың!
Балалар, сендер бүгін қандай мейрам екенін білесіңдер ме?
Балалар
: Наурыз мейрамы.
2-жүргізуші:
Иә, дұрыс айтасыңдар. Бұл мейрам сендерге несімен ұнайды?
Балалар: (кезек – кезек жауап береді) Наурыз көже өте дәмді; ұлттық ойындар ойнаймыз; би
билейміз; ән саламыз; әдемі көйлек киеміз; бауырсақ жейміз; бата аламыз; көктемді қарсы аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: