Сценарийінің жиынтығЫ 2 Әож 373 кбж 74. 102 М 41 mangilik el jastary қоғамдық қоры М41



Pdf көрінісі
бет64/99
Дата12.12.2023
өлшемі3,36 Mb.
#196695
түріСценарий
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   99
Байланысты:
Китапша

2-жүргізуші:
Наурыз мерекесінде біз ұлттық киім киіп, ұлттық тағам пісіріп, ұлттық ойындарды 
ойнаймыз. 
1-жүргізуші:
Иә, Наурыз - ұлттық ерекшелігімізді, болмысымызды танытатын басты мереке. 
Сондықтан, мереке күні би билеп, ән салумен қатар салт-дәстүрімізді дәріптейтін ұлттық ойындар 
ойнатылады. 
2-жүргізуші:
Балалар, сендер қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесіңдер?
Балалар:
Айгөлек, алтыбақан, ақсүйек, қыз қуу, теңге ілу, тоғызқұмалақ, асық, аударыспақ
көкпар, бәйге. 
1-жүргізуші:
Дұрыс айтасыңдар. Халқымыздың көптеген қызықты ұлттық ойындары бар екен. 
Қанеки, балалар, қонақтарымызға ұлттық ойындарымызды көрсетейік. 
2-жүргізуші:
Мықты, тапқыр, ақылды
Кел, балалар, ойнайық!
Ойын-сауық, көңілді
Қызықтан тыс қалмайық. 
ҰЛТТЫҚ ОЙЫН: «СОҚЫР ТЕКЕ». 
//ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ: БАЛАЛАР ДӨҢГЕЛЕНЕ ТҰРА ҚАЛЫП, ОРТАЛАРЫНА КӨЗІН БАЙЛАП, 
«СОҚЫР ТЕКЕНІ» ШЫҒАРАДЫ// ШЕҢБЕР БОЙЫНДА ТҰРҒАН ОҚУШЫЛАР БІЛДІРМЕЙ 


54
СОҚЫР ТЕКЕНІ ТҮРТКІЛЕЙ БАСТАЙДЫ// ОЛ ӨЗІН ТҮРТКЕН ОҚУШЫНЫ ҰСТАП, АТЫН 
АТАУ КЕРЕК// «СОҚЫР ТЕКЕ» КӨЗІ БАЙЛАУЛЫ БОЛҒАНДЫҚТАН ӨЗІН ТҮРТПЕГЕН, 
ОРЫНДА ТҰРҒАН ОЙЫНШЫНЫ ҰСТАП АЛЫП, АТЫН АЙТУЫ МҮМКІН// ОНДА ҰСТАЛҒАН 
ОҚУШЫ «СОҚЫР ТЕКЕ» БОЛАДЫ//
ҰЛТТЫҚ ОЙЫН: «АРҚАН ТАРТЫС»
//ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ МЫНАДАЙ: ҰЗЫНДЫҒЫ 8 - 10М ЖУАН КЕНДІР АРҚАН КЕРЕК// 
АРҚАННЫҢ ТЕҢ ОРТАСЫНА ОРАМАЛ НЕМЕСЕ ШҮБЕРЕК БАЙЛАНЫП, БЕЛГІ ЖАСАЛДЫ// 
АРҚАННЫҢ ЕКІ ЖАҚ ШЕТКІ БЕЛГІСІНЕН БАСТАП ҰШЫНА ДЕЙІН ОЙНАУШЫЛАР ҚОС 
ҚОЛДАП ТАРТЫП ТҰРАДЫ// ОЙЫН ЖҮРГІЗУШІНІҢ БЕРГЕН БЕЛГІСІ БОЙЫНША БАЛАЛАР 
АРҚАНДЫ ӨЗ ЖАҚТАРЫНА ҚАРАЙ ТАРТА БАСТАЙДЫ// ЕКІ ЖАҚТЫҢ ҚАЙ ЖАҒЫ ОРТАЛЫҚ 
СЫЗЫҚТАН БҰРЫН СҮЙРЕП ӨТКІЗІП АЛСА, СОЛ ЖАҒЫ ЖЕҢДІ ДЕП ЕСЕПТЕЛЕДІ//
1-жүргізуші:
Балалар, ойын ұнады ма? (Балалар хормен жауап береді) Ойын ойнап, көңілдерін 
көтеріліп қалыпты. Үнемі осылай жүздеріңнен күлкі кетпей, көктемдей құлпырып жүре беріңдер. 
2- жүргізуші:
Жыл басы - Наурыз мереке,
Ақ нұрға әлем боянды.
Наурыз тойы береке,
Тіршілік таңы оянды.
1- жүргізуші
: Айнала көгеруге қамданып, дүние жаңарып, құлпыра құбылып, жер жаһанға 
шаттық пен қуаныш сыйлайтын, ізгіліктің нұры төгілетін мейрам осы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет