Сценарийінің жиынтығЫ 2 Әож 373 кбж 74. 102 М 41 mangilik el jastary қоғамдық қоры М41



Pdf көрінісі
бет80/99
Дата12.12.2023
өлшемі3,36 Mb.
#196695
түріСценарий
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   99
Байланысты:
Китапша

Экскурсия жетекшісі:
Аралаймыз алаңды
Тәуелсіздік күні біз. 
Тәуелсіздік арқасы
Бейбітшілік күніміз.
Балалар, бұл – Тәуелсіздік алаңы. Тәуелсіздік алаңы — Қазақстанның елордасы Астана қала-
сының басты алаңы. Біздің тәуелсіздік алғанымызға биыл ..... жыл толып жатыр. Ешкімге бодан бол-
май, өзінің шекарасы, өзінің еркіндігі бар еліміздің өз мемлекеттік Әнұраны, Елтаңбасы және өзінің 
мемлекеттік Туы бар. Ал бұл - Республика Алаңында орнатылған Тәуелсіздік монументі. Монументте 
«Алтын адам» бейнесі мүсінделген. 
//ОРТАҒА «АЛТЫН АДАМ» КЕЛЕДІ// ҚОЛЫНДА «СИҚЫРЛЫ ҚОРАПША» БОЛАДЫ//
Алтын адам: 
Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен Алтын адаммын, еліміздің азаттық символымын. 
Сендер азат елдің ұрпағысыңдар. Балалар, сендер Тәуелсіз еліміз туралы білімдеріңді ортаға салсаңдар 
қайтеді? Ол үшін мен сендерге жұмбақ жасырайын, шешеміз бе?
1.Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы.
Айтатын Әнұран,
Қай елдің баласы? (Қазақ елінің баласы)
2.Еліміздің тірегі,
Жеріміздің жүрегі.
Бас қаланың есімін,
Қане кім біледі? (Астана)
3.Қос пырағым қос қанат,
Шаңырағым күн менің.
Шолпан жұлдыз маңдайда,
Қай рәмізім бұл менің? (Қазақстан Республикасының Елтаңбасы)
4.Көк аспанның түсі бар,
Ортасында күні бар.
Қыран ұшқан қалықтап ,
Кімнің туы біліп ал? (Қазақстан Республикасының Туы)
5.Туымыздан күн қарап,
Күлімдейді әлемге.
Күнмен бірге қандай құс,
Қанат қаққан бар елге? (Қыран)
//БАЛАЛАР ЖҰМБАҚТАРДЫҢ ШЕШУІН ТАБАДЫ// АВТОБУС 
«АЛТЫН АДАММЕН» БІРГЕ АРЫ ҚАРАЙ ЖОЛ ТАРТАДЫ//
СОҢЫ (10 МИНУТ):


66
Барысы: 
Музыка қосылады (Али Окапов – «Алға» әні). Ортаға батыр киімін киген биші ұлдар 
шығып билейді. Қайырмасына билеп болған соң, батырлар артқа қарай шегініп, қатарға тізіліп тұрады. 
Музыка «Тәуелсіз қазақтың қызымын» әнімен жалғасады. Ортаға ақ көйлек киген биші қыздар 
шығып билейді. Қайырмасына билеп болған соң, музыка әсем әуенге ауысады. Батырлар жұптарымен 
вальс билейді. (Бидің ортақ уақыты 2.5 - 3 минут). Бишілер, батырлар, барлық тәрбиеленушілер жарты 
шеңбер жасап тұрады. Ортаға 5 тәрбиеленуші шығады.
1-тәрбиеленуші:
Тәуелсіздік таңнан түскен ақ сәуле,
Тәуелсіздік бақыт сенде, бақ сенде.
Қарқындайды қариялар қашанда,
Жарқылдайды жарық шашып жас кеуде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет