Сценарийінің жиынтығЫ 2 Әож 373 кбж 74. 102 М 41 mangilik el jastary қоғамдық қоры М41



Pdf көрінісі
бет15/99
Дата12.12.2023
өлшемі3,36 Mb.
#196695
түріСценарий
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   99
Байланысты:
Китапша

Ойын бөлімі: 
«Көбелекті ұстаңдар», «Кім тез гүл тереді?» ойындары
Жүргізуші:
Кел, балалар, келіңдер!
Қырдан гүлді теріңдер. 
Бірің шеттеп, тыс қалмай,
Ойын ойнап көріңдер.
Ойынның аты:
«Көбелектерді ұстаңдар».
Ендеше мерекелік ертеңгілігіміздің ойын бөліміне кезек берейік. 
//«КӨБЕЛЕКТЕРДІ ҰСТАҢДАР» ОЙЫНЫ// ЖҮРГІЗУШІ ҚОЛДАН ЖАСАЛҒАН ҰШАТЫН 
КӨБЕЛЕКТЕРДІ «ҰШЫРАДЫ» (
https://www.youtube.com/watch?v=6ppN0aVkR3s
)// БАЛАЛАР 
ҚОЛДАРЫНА ТОРЛЫ ДОРБА АЛЫП, КӨБЕЛЕКТЕРДІ АУЛАЙДЫ// БАРЛЫҒЫ КӨҢІЛДІ ӘРІ 
ШАПШАҢ ҚОЗҒАЛЫП, КӨБЕЛЕКТЕРДІ КӨБІРЕК ҰСТАУҒА ТЫРЫСАДЫ// 


14
Жүргізуші:
Арулар өмірдің асылдары,
Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.
Сендер үшін ән мен жыр шырқалуда,
Сендер үшін мына гүл шашулары.
Балақайлар, жаңа барлығымыз көбелек аулаудан алдымызға жан салмадық. Енді қыздарымызға 
құрметімізді білдіру үшін көңілді ойын ұсынғым келіп тұр.
//«КІМ ТЕЗ ГҮЛ ТЕРЕДІ?» ОЙЫНЫ// ҰЛ БАЛАЛАЛАР ӨСІП ТҰРҒАН ГҮЛДЕРДІ ЖЫЛ
-
ДАМ ТЕРІП ЖИНАЙДЫ// КІМ КӨП ГҮЛ ЖИНАСА, СОЛ ЖЕҢІМПАЗ АТАНАДЫ// ОЙЫН 
СОҢЫНДА ҰЛ БАЛАЛАР ЖИНАҒАН ГҮЛДЕРДІ ҚЫЗДАРҒА СЫЙҒА ТАРТАДЫ//
Жүргізуші: 
Әрбір қыз баласы әдеміліктің, сұлулықтың символы. Әрқайсыңыз гүлдей құлпырып 
жүруге лайықсыздар. Өмірлеріңіз осы гүлдей сәнді болсын деп тілейміз!
СОҢЫ (3 МИНУТ): 
Музыкалық номер: 
«Ару көктем» әні
Барысы: 
Балалар ортаға жұптасып қатар тізіліп тұрады. «Ару көктем» әні қосылады. (
https://
www.youtube.com/watch?v=iTwgqr0XSyQ
). Бірінші тұрған жұп қол ұстасып алға бес – алты қадам жа-
сап шығады. Ұл бала қызды қолынан ұстап бір айналдырып, оң жақта белгіленген орындарына тұрады. 
Екінші жұп сол қимылды қайталап, сол жақта
белгіленген орындарына тұрады. Солай соңғы жұпқа 
дейін қайталанады. Балалар жартылай шеңбер құрып, ән аяқталғанша ырғақты би билейді.
Жүргізуші: 
Мерейлі сәт мерекеге ұласып,
Сегізінші наурыз келді қыр асып.
Қыз- келіншек, нәзік жандар мейрамы-
Көктемімнің шапағатын тұр шашып.
Құттықтаймыз аналарды, қыздарды,
Мерекеден шуақты бір із қалды.
Болсын әркез көтеріңкі көңілдер,
Нұрын шашсын мерекеге өңірлер!
Сұлусыңдар күн нұрынан жаралған
Шапақтарың бар әлемге таралған,
Гүлдеріне жаз күнінің ұқсайсың,
Орындалсын жүректегі бар арман!
Құрметті қонақтар, біздің бүгінгі шағын ғана мерекелік кешіміз өз мәресіне жетті. Шуақты 
күндерде кездескенше!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет