Сценарийінің жиынтығЫ 2 Әож 373 кбж 74. 102 М 41 mangilik el jastary қоғамдық қоры М41



Pdf көрінісі
бет63/99
Дата12.12.2023
өлшемі3,36 Mb.
#196695
түріСценарий
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   99
Байланысты:
Китапша

1- жүргізуші: 
Дұрыс айтасыңдар, балалар. Ендеше, көңілді мерекеде бәріміз бірге көңілді ән 
салайық. 
/
/МУЗЫКА ҚОСЫЛАДЫ// БАЛАЛАР «НАУРЫЗ АЙЫ АЛАҚАЙ» ӘНІН ОРЫНДАЙДЫ// 
(
HTTPS://WWW.YOUTUBE.COM/WATCH?V=4BBJOVRDW_A
)// ӘН АЯҚТАЛҒАН СОҢ 
ОРТАҒА ӨЗГЕ ҰЛТТЫҢ ЕКІ ЖОЛАУШЫСЫ КІРЕДІ//
1-жолаушы: 
Здравствуйте, здравствуйте! Біз алыс елге аттанып бара жатқан жолаушымыз. 
2-жолаушы:
Мына ауылдың маңынан өтіп бара жатқан едік, әсем әнді естіп келіп тұрмыз. 
1-жолаушы:
Ауылдарыңызда үлкен мереке болып жатқан сияқты ғой. 
2-жолаушы:
Айнала қандай керемет, балалардың киімдері қандай әдемі! Бүгін қандай мереке?
1-жүргізуші:_Қош_келдіңіздер,_жолаушылар!_Бүгін_Ұлыстың_ұлы_күні_–_Наурыз_мейрамы._2-жүргізуші'>1-жүргізуші:
Қош келдіңіздер, жолаушылар! Бүгін Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы. 
2-жүргізуші:
Төрлетіңіздер, дастарқан басына жайғасыңыздар. Ежелгі заманнан қалыптасқан 
жыл бастау мейрамын бізбен бірге тойлаңыздар. 
1-жүргізуші:
Наурыз – жыл басы, Наурыз – қуаныш мерекесі. Наурыз – бақыт пен шаттық 
мерекесі. Наурыз – көктем мерекесі. Ендеше «Көктем» туралы ән шырқайық.
ОРТАСЫ (15 МИНУТ):
Музыкалық номер: 
«Наурыз көктем» әні
Ұлттық ойындар: 
«Соқыр теке», «Арқан тартыс» 
Барысы: 
Музыка қосылады. Жолаушылар төрге жайғасады. Балалар ортаға билеп шығады. 
Қолдарындағы гүлді жоғары көтеріп бұлғап, теңселіп тұрады. Барлығы бірге «Наурыз көктем» әнін 
орындайды (
https://www.youtube.com/watch?v=ePOcjWXUP2U
). Әнді орындап болған соң, ортаны 
ашып екі жақ шетке тізіліп тұрады. Ортаға жүргізушілер шығады. 
2-жүргізуші:
Наурыз – шаттық әніміз,
Салтанатты сәніміз,
Ән саламыз бәріміз,
Би билейміз бәріміз.
1-жүргізуші: 
Айналаңнан жаңа көктем лебі ескен,
Бұл кезеңде күн менен түн теңескен.
Сан ғасырлық ата-баба салтына
Көпір болған Наурыз өзің емес пе ең?!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет