Сценарийлері Сценарии мероприятий воспитательной работы


-бала :  - Адамның ақылы қайда?



Pdf көрінісі
бет11/69
Дата08.12.2023
өлшемі1,83 Mb.
#195588
түріСценарий
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   69
Байланысты:
сценарии 2016

12-бала

Адамның ақылы қайда?
– депті қарт. 
- Адамның ақылы тілінде, ата, - депті жігіт. 
- Жоқ балам, тіл ақылдың айнасы, ақыл істің пайдасы. Есіңде болсын, ханның ақылы 
тағында, әкімнің ақылы жанында, ғалымның ақылы басында, ананың ақылы жасында, 
жігіттің ақылы жақсылығында, ақымақтың ақылы кім көрінгеннің қалтасында, - депті 
қарт. 
13-бала

- Достықты нығайтатын не?
– депті қарт. 
- Ата достық пен жолдастықты ынтымақ, бірлік, теңдік, туыстық, бауырмалдық 
нығайтады. 
- Дұрыс, балам, сенің айтқаның достық пен жолдастықты дамытады. Есіңде болсын, шын 
достың ақылдыға тән екенін ұмытпа. Өмірде дос болуды ойласаң “Сәлеметсіз бе, 
кешіріңіз, рахмет, сау болыңыз, сәлем айтыңыз, рұхсат па” дегенді үйрен. Сәлемдесуді 
білген кешіре де біледі, кешіре білген рахмет те айта біледі. Жөн сөз көңіліңді өсіреді
жөнсіз сөз өміріңді өшіреді – депті қарт. 
1-жүргізуші:
Міне, балалар, көрдіңдер ме, дос табу үшін, елде кімнің қадірлі екенін, өмір 
сүру үшін не қажет екенін, шындықты бұзатын, достықты нығайтатын не екенімен 
таныстық және осындай ғибрат аларлық сөздерді есте сақтау керектігін ұмытпаңдар. 
2-жүргізуші: 
Енді 
“Ескірмейтін есті сөз”
айдары бойынша ойын-жарыс өткізіледі. 
Бұл бөлімге дайындалу балалардың өздеріне тапсырылған. Күнделікті өмірде ата-
әжелерің, әке-аналарыңның айтып отыратын ырым мен тиым сөздер жарысын өткіземіз. 
Кім көп біледі екен? 
1-бала
: Отқа су құйма, түкірме. Себебі кезінде ата-аналарымыз отқа табынған. От өмір, 
тіршілік көзі саналған. 
2-бала: 
Мал сүйегін отқа жақпа, ақты төкпе. 
Себебі тірі малдың сүйегі сырқырап, желіні іседі, малсыз қалып жоқшылыққа ұшырайды 
деген ұғым бар. 
3-бала: 
Қазақ түнде мал, адам санамайды, себебі басың кемиді деп есептеген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет