Сценарийлері Сценарии мероприятий воспитательной работы


-бала : Пышақтың жүзін жалама, пышақты кезенбе. Себебі пышақ ұзарып кетеді.  5-бала



Pdf көрінісі
бет12/69
Дата08.12.2023
өлшемі1,83 Mb.
#195588
түріСценарий
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   69
Байланысты:
сценарии 2016

4-бала
: Пышақтың жүзін жалама, пышақты кезенбе. Себебі пышақ ұзарып кетеді. 
5-бала
: Үйге қарай, үйді айналып жүгірме. 
6-бала: 
Күлді, тұзды баспа, шашпа, аяғың ауырады. 
7-бала
: Жағыңды, беліңді таянба, тізеңді құшақтама. Тек қаралы адамдар ғана осылай 


13 
отырады. 
8-бала: 
Бас киіміңді лақтырма, теппе, басың ауырады. 
9-бала
: Нанды шашпа, баспа, нан - өмір нәрі. 
10-бала
: Туысыңа ит, пышақ сыйлама, себебі араз болып қалуың мүмкін. 
11-бала
: Өсек, өтірік айтып, жағымпаз, мақтаншақ болма. 
12-бала
: Үш күн айтта кір жууға, тырнақ, шаш алуға болмайды. 
13-бала:
Адамға ажал шақыратын мына ырымдар: 
Саусақты тарақтап, қолды көкірекке не желкеге қойып жатпайды. Мойынға бос арқан 
салмайды. Қамшының өрімінен ұстап сабын жерге сүйретпейді. Жуылған киімді далаға оң 
қаратып жаймайды. 
14-бала
: Тәңертең міндетті түрде өз үйіңнен ораза ашып (тамақ ішіп) шық. Себебі “таңғы 
тамақ тәңірден” деген сөз бар. 
15-бала
: Дастарханды баспа, аттама. 
16-бала
: Сыпырғышты көкке көтеріп, баланы ұруға болмайды. 
Міне осындай ырымдар мен тиымдарды еске сақтап,
орындап жүруіміз қажет.
(Музыкалық үзіліс) 
1-жүргізуші
: - Ендігі кезекте біз ненің жақсы, ненің жаман екендігімен, қасиетті 
ұғымдармен танысуымыз керек. Бұл бөлім сайыс түрінде өтеді. Қонақтар мен оқушылар 
болып сайысқа түсеміз. Сұрақтарға жауап беру кезегін алдымен қонақтарға береміз, 
соңынан оқушылар толықтырады. 
2-жүргізуші
: Жерден ауыр не бар? 
Судан терең не бар? 
Оттан ыстық не бар? 
Көктен биік не бар? 
(Қонақтар жауабы тыңдалады) 
Оқушы:
Жерден ауыр дегенім – ақыл, білім, 
Судан терең дегенім – оқу, ғылым. 
Оттан ыстық дегенім – адамның өмірі. 


14 
Көктен биік дегенім – тәккапардың көңілі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет