15
Жазылмаған дерт қиын.
Іске аспаған серт қиын.
Ақылынан адасып,
Өзің түскен өрт қиын.
Не істеріңді біле алмай,
Ашиды сонда бас миың.
(Музыкалық үзіліс)
1-жүргізуші:
Енді біз сайысымызды мақал-мәтел айту түрінде жалғастырамыз. Мақалды
біз бастаймыз, қонақтар жалғастырып аяқтайды. Егер қонақтар жалғастыра алмаса, кезекті
оқушылар алады. Таңдап алынған мақалдар тіл, шешендік, ата-ана, ұл, қыз туралы
айтылады(Мақалдардың бірінші бөлігін екі
бастаушы кезек айтып
, жалғасына жауап күтіп
тұрады)
1. Таппасаң сөздің жүйесін ... (отына өзің күйесің)
2. Ақылдының сөзі қысқа, ... (көпке болар нұсқа)
3. Шешен сөз бастар, ... (батыр қол бастар)
4. Қылыш жарасы бітеді, ... (сөз жарасы бітпейді)
5. Көп ішінде сөйлеген, ... (ойға салмай сөйлеген)
6. Көсемдіктің белгісі, ... ( шешендіктің белгісі)
7. Көп сөз – күміс, ... (аз сөз – алтын),
8. Жақсы жігіт – аспандағы жұлдыз ... (жақсы қыз – жағадағы құндыз).
9. Ақылың ағаңда болсын... (құндызың жағаңда болсын).
10. Әке көрген оқ жонар ... (шеше көрген тон пішер).
11. Өткір тіл – дарын ,... (ұзын тіл жауың)
12. Тоқсан ауыз сөздің ... (тобықтай түйіні бар)
13. Тіл тас жарады,... (тас жармаса бас жарады).
14. Жігіт болсаң 7 жұрттың тілін біл ... ( немесе 7 түрлі ғылым біл)
Осыдан соң сайыстың қорытындысы шығарылады.
Достарыңызбен бөлісу: