Сценарийлері Сценарии мероприятий воспитательной работы



Pdf көрінісі
бет3/69
Дата08.12.2023
өлшемі1,83 Mb.
#195588
түріСценарий
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69
Байланысты:
сценарии 2016

2 жүргізуші:
Айнұр Өтегенова Нұрбек ағай сіз білессіз бе ? Наурыз мерекесін тойлау 
дәстүрлі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс – салтында бағзы замандардан 
бері орын алған деседі.
1 жүргізуші:
Иә, иә, Айнұр менің естуімше Ежелгі түркілер ұлыс күндері жаңа киімдерін 
киіп, сақал – мұрттарын түзеп, шаштарын алдыратын болған, алты күн садақ тартып 
машықтанған соң, жетінші күні алтын теңгеден жамбы атып жарысқан. Егер кімде – кім 
бірінші болып жамбыны атып түсірсе, сол адам сол күні, яғни бір күн елге патша болып, 
билік жасауына ерік берілген деседі. Ал Қазақ даласында ұлыстың ұлы күні бүкіл адамды 
тең санаған, құл мен күң де шаруадан босап, еркін бой жазуға мүмкіндік алған. Бұл күнгі 
дастархандағы дәм, айтылар әңгіме көпке ортақ болған екен. 
2 жүргізуші:
«Береке басынан басталады» демекші, «жыл басы жақсы басталса, аяғы да 
жақсы болады» деген қағиданы берік тұтынған халық бүкіл ыдыс атаулыны дәнге, аққа 
таза суға толтырып бетін ашық қалдырған. Бұл 21 – Наурыз күнгі таң алдында 
орындалады екен. Бұның мәні: дала аралаған Қызыр Ата келіп «қыдыр, құт дарытып» 
кетеді дейді екен. Олай болса бүгінгі біздің Наурыз мерекемізге Қызыр Ата келе жатыр 
дейді. «Қызыр Ата» келеді бата береді. Бекзат Аралбаев 10 в сынып оқушысы
1 жүргізуші:
Ерітіп қарын даланың, Жинатып гүлін саланың. Жетелеп жұмсақ самалын
Келді Наурыз – жыл басы. Күлімдеп қарап күміс күн, Аспаның бүркіп пүліш түн. Ұлы 
күні Ұлыстың, Келді Наурыз – жыл басы! Ән « Наурыз – думан » орын: оқушысы 
 2 жүргізуші:
Айнұр Өтегенова Ұлыс оң болсын ! Ақпан кетті араз боп Наурызбенен. 
Наурыз жүр жоғалған бағын іздей, Көктем жетті көрісіп жанын іздей (көтеріңкі көңілмен 
дабырласып көріседі, көрінісі көрсетіледі) Осы жерден алдарынан келін иіліп сәлем 
қылып, ал бойжеткендер ізет көрсетіп қарсы алады да Наурыз көже ұсынады. («Бұл 
көжеде бәрі бар» өлеңінен үзінді оқу ) ауылдың бозбаласы: Берік Исаұлы оқиды. Ашық 
болсын қас – қабақ, Таспен атқанды аспен ат. Бейтаныс та, таныс та, Бүгін төрде бас 
қонақ. Арпа, бидай, тары бар. Ішілетін, житіннің, Бұл көжеде бәрі бар. Ошақта көп шоқ 
әлі, Астың ауыр обалы. Астан үлкен ешкім жоқ , Қазан ауызы жоғары . Ақсақал жыл 
дастарханына бата береді. Бата: Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын ! Қайда барса жол 
болсын, Ұлыс береке берсін. Пәле - жала жерге енсін !


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет