Денесінің қысылғанын, не аурығанын сезсе, тербету тоқталса, бала аяқ –қолын қатты қозғалтып, доданып қатты ашулынғанын білдіріп айғайлап жылайды. Осындай жағдайда тербетіп, жұбатып, сипалап үстінен қақсақ, балада жағымды эмоциялық көңіл-күй байқалады.
Сәбилік кезеңдегі бала эмоциясының дамуы
Баланың эмоциялық даму аймағын психикалық функциялардың дамуынан бөліп қарауға болмайды.
Сәбилік кезеңдегі қабылдаудың аффективті басымдылығы байқалады. Бала өзі қабылдағанына ана эмоциялық тұрғыда жауап қайтарады. Ол дәрігерді көргенде қатты уайымда болады, бірақ біраз уақыт өткеннен кейін тынышталып, жаңа нәрселерге қызыға бастайды. Бала келешекте оны қиындық күтіп тұр деп ренжи алмайды немесе бес күннен кейін ол сыйлық аламын деп қуана алмайды. Бала тілегі тез, ауыспалы, тұрақты емес, ол оларды қадағалап неме ұстай алмайды: оларды тек қана үлкендердің жазалауы мен мақтауы шектей алады. Бар тілектері бірдей күшке ие: сәбилік кезеңде салыстыру уәжі болмайды. Махаббаттан, эмоциялық жылылықтан бөлек бала өзінің өзінің барлық іс – әрекетінде үлкендердің қатысуын қалайды.
Сәбилік кезеңдегі бала эмоциясының дамуы
Бала толғаныстарының ең күшті басты көзі – баланың басқа адамдармен, үлкендермен, балалармен өзара қарым-қатынастары. Төңірегіндегі адамдар балаларға еркелете қараса, оған назар аударса, бала эмоциялық рахаттылықты сенімділікті, қамқорлықты сезінеді. Әдетте мұндай балаларда сергектік шат көңіл-күй басым болады. Эмоциялық рахаттылық баланың жеке басының әдеттігінше дамуына жағымды қасиеттерінің басқа адамдарға тілектестік қарым-қатынастарының төселуіне себепші болады. Үлкен адамдардың балаларға қатысты мінез- құлқы балада түрлі сезімдр – қуаныш, реніш шаттық тағы басқа сезімдер тудырады. Бала бір жағынан еркелетуге , мақтауға, екінші жағынан өзіне жасалған реніш пен көрсетілген әділетсіздікке қатты толғанады.